- Учителю
- Армысың, әз Наурыз қазақ тілі және әдебиеті
Армысың, әз Наурыз қазақ тілі және әдебиеті
Армысың, әз Наурыз
Сабақтың мақсаты. Қазақ халқының ежелден келе жатқан Наурыз мейрамы қалай тойланғаны туралы жөнінде мағлумат беру ,халқымыздың ұлттық мерекелерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері.Ұлттық киімдер ,киіз үй жабдықтары ,қазақ халқының ұлттық тағамдары.
Сабақтың барысы
1-жүргізуші. Наурыз - табиғаттың тамырына қан жүгіртіп , тіршілік атаулына қайта оятып жаңартатын кез Күлімдеген көктемнің шуақты шақтарымен жер босанып, шаттанатын кез.
2-жүргізуші. Ендеше көктемнің шуағын ала келген Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын.
1-жүргізуші. Иә. міне наурыза да келді. 22 - наурыз - жыл басы. Наурыз үлкен мейрам.
«Би» орындалады.
-
Оқушы.
Көптен күткен Наурыз тойы арайлы.
Нұрға бөлеп жатырын мене маңайды!
Мал біткеннің бал татыған үызы
Қуат болып қанымызға тарайды.
Төрт түлік мал - халқымыздің сүйері,
Көңілімнің күмбірлеген күйі еді.
Аман ба деп мал - жаның ,
Бірін- бірі құшақтасып сүйеді.
-
Оқушы.
Уа, жараңдар, жараңдар
Бәрің бері қараңдар
Наурыз- думан басталды
Бір сәт зейін салыңдар
Ұштасқан оймен мәңгілік
Біздерде бар сан ғұрып,
Ғасырлардан ғасырға
Келе жатқан жанқырып.
Бермен жақын тұрыңдар
Сөзіме көңіл бұрыңдар
Жауқазындай наурызды
Жарапазан жыры бар
«Наурыз думан» әні.
-
Оқушы.
Ала қотың той думан
Ортамызды ашайық
Ән мен күйді шалқытып
Інжу- маржан шашайық !
Жиналған халық таң қалсын
Өнерден күнбез жасайық
-
Оқушы.
Жиналдық наурыз тойға бәрімізде
Үлкен- кіші жасымыз, кәріміз де,
Бермен шақыр сол келген қонақтарды
Жастары келіп қалған «мын жүзге»
Кейіпкері дастан қиса ертегінің
Жақсылық тілеп жүрген сірә бізге
-
Оқушы.
Наурыз тойға жиналған халқым менің,
Бәріңнің ойға алғаның жарқын сенім.
Бүгінгі той, ертеңгі ардақты ісің,
Ғажап болсын таппайтын тепе- теңің
Келді Наурыз бұл күш тасқынымен,
Құлпырып қайта өзгеріп жастығымен
Жер иіп, тамыр толып, бүршік жарып,
Табиғат ықыласына тас жібіген.
-
Оқушы.
Мол болсын, ер азамат келе- шегің
Еңбекшіл болсын жасың, ересегің
Шаруашылық өркендеп алға бассын,
Орындалсын Отанға берешегің.
Сәулесі бар наурызда таңғы үмітте,
Басын қосқан сан халық , сан ғұрыптың.
Ұлыстың Ұлы күні паш етейік,
Белгісін достық пенен мәңгілікті.
-
Оқушы.
Құлпырған даламызда жасыл желек
Қызғалдақ гүл орнаған елден ерек.
Мәуелі жеміс, бағы суы шипа
Тек қана біздің елде болсын керек,
Күн күлімдеп, нұрын шашар шуағын,
Құтты болсын айы қадамың
Бүгін бізде салтанат қызық ойын
Халқым- ау құтты болсын жыл басың!
«Көктем» әні.
-
Оқушы.
Көктем жетті көл көсір шуақ қуып,
Қыс барады қиылып жылап тұрып
Шатырында үйлердің Наурыз жүр
Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.
-
Оқушы.
Аманбысың, ардақты халқым менің,
Ардақты Наурыз тойы, салты елімнің .
Мереке басы болсын берекеңнің ,
Игі еңбектің жемісін бәрін жегін!
Наурыз тойға жиналған халқым менің,
Бәріңнің ойға алғаның- жарқын сенім.
-
Оқушы.
Наурыз мейрам жүректерге нұр секген
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем
Жарығымен, шуағымен күн көктем
Алып келді жер бетіне гүл көктем
Қош келдің, Наурызым ардақты!
Жылда осылай келе берсін жасарып
Гүлге бөлеп, жырға бөлеп аймақты .
-
Оқушы.
Аспанымда ақша бұлыттар аунайды
Наурыз тойы көңілімді баурайды.
Тебіренген табиғат та мәз - мейрам,
Аңқылдаған қазағымнан аумайды
Жатыр шалқып қөңілімде шалқып әнім,
Наурыз сыйлар қуаныш , бақыт нәрін.
Ұлыстан соң күтіп тұр Ұлы күнің
Наурыз көжеге бәрің кел, бәрің- бәрің.
2 - жүргізуші. Міне, балалар, сендерге арнап Ақ әже тайқазанды толдырып , наурыз көже пісіріп әкеліп тұр.
Ал, әже, дәмінгізге рахмет. Тойды одан әрі «Түсау кесер» ырымымен жалғастырсақ деген тілек бар. Бүгінгідей ұлы тойда аяқтарын апыл- тапыл басып, бақша есегін артта қалдырып отырған немерелеріңіз де бар. Мына жиналған халық, мына отырған немерелеріңіз ата салтын, халық дәстүрін көріп тамашаласын.
«Сахна ортасында көрініс көрсетіледі.»
Ақ әже: Әлбетте, қарағым! Ал халайық, менің немеремді түсауын кесіп , жоралғысын алар қайсысың бар?
Қаз-қаз балам, қаз балам
Қадам бассаң мәз болам.
Күрмеуіңді шешейік
Тусауыңды кесейік
Қаз бола ғой, қарағым,
Құтты болсын қадамың
Өмірге аяқ баса бер,
Асулардан аса бер.
Оқушы: Ала жіпті алайық ,
әжеңе алып барайық.
Ер жетті деп атайық
Шашуын жеп қайтайық.
«Ортаға кішкентай бала алып, түсау кесуші шығып, баланың түсауын кеседі Шашу шашылады. Бата беріледі»
Жортқанда жолың болсын!
Арғымақтай жүйерік бол!
Қыдыр баба жолдасын болсын!
Асқар таудай биік бол! Аумин!
Қарияның батасы:
Сұрасаң бата берейін
Үстем болсын мерейің
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін.
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын!
Қайда барсан жолың болсын
Ұлыс бақытты болсын
Төрт түлік ақыты болсын!
Ұлыс береке берсін
Пәле- жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын,
Көйлектерің көк болсын!
Қуаныштарың көп болсын, Әумин.
-
Жүргізуші: Армысың, аулымның асылдары, Жайнасын көңілімнің жасыл бағы. Сендер үшін ән мен күй, Өлеңмен би, Сендер үшін наурыз той мен шашулары.
«Концерттік бағдарлама»