- Учителю
- Тәрбие сағаты Сәлем саған, мектебім (1 сынып)
Тәрбие сағаты Сәлем саған, мектебім (1 сынып)
«КУРЧАТОВ ҚАЛАСЫНЫҢ №2 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕБІ»
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Бастауыш сынып мұғалімі: Тлекова Гулзат Тлековна
2016 - 2017оқу жылы
Cәлем саған мектебім!
1-жүргізуші: Армысыздар ұстаздар, оқушылар, қонақтар!
2-жүргізуші: Ата-аналар мен ақ жаулықты апалар! Бүгінгі «Сәлем саған мектебім!» мерекесіне қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: Өсті міне бойларың,
Өсті міне ойларың.
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойларың - дей отырып сөз кезегі мектебіміздің қонағы -------------------------------------- сөз кезегін береміз.
1-жүргізуші: Арулар
неткен сымбатты,
Ғажайып нұрға бөленген.
Көктемдей қыздар гүл атты,
Мың бұралған билеген.
Би. «Dimond»
Ортаға Дымбілмес, Білгіш шығады.
Дымбілмес: Ойхой, мына керемет билеген кімдер?
Білгіш: Бұл биыл мектепке келетін бірінші сынып оқушылары. Қарасаңшы, Дымбілмес, бүкіл мектеп болып қарсы алып жатыр. Сенің Дымбілмес деген атың өзіңе лайық. Ештеңе білмей жүресің.
Дымбілмес: Сен, Білгіш, көп білгішсіне берме. Кәне, айтшы, мына оқушылардың бүгін мектепке бірінші рет рет келді ғой?
Білгіш: Ия.
Дымбілмес: Ендеше оларда мен сияқты ештеңе білмейді ғой.
Білгіш: Жоқ, олар дайындық сыныбында болды, көп нәрсені біледі.
Дымбілмес: Кәне тексеріп көрейік. Мына кісі кім?
Ы.Алтынсариннің портретін көрсетеді.
Оқушылар: Ыбырай Алтынсарин. Жазушы, ұстаз, педгог.
Дымбілмес: Оның балаларға арналған қандай өлеңдерін білесіңдер?
Оқушылар: Кел балалар оқылық.
1-оқушы: Кел балалар оқылық,
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан,
Іздемей-ақ табылар.
2-оқушы: Бір Аллаға сиынып,
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
3-оқушы: Сиса көйлек үстіңе,
Тоқуменен табылған.
Сауысқанның тамағы
Шоқуменен табылға.
Өнер, білім бәрі де,
Оқу менен табылған.
Дымбілмес: Білгіш, мына оқушылар керемет білгіш қой, тақылдап тұр өздері.
Білгіш: Көрдің бе, мен сияқты білгіш балалар.
Дымбілмес: Ендеше тағы бір сұрақ. Мына сендер тұрған әсем үйді қалай атайды?
Оқушылар: Мектеп.
1-оқушы: Келді, міне, қоңыр күз,
Келді қағып қоңырау.
Мектеп - ана жылы жүз,
Ашты құшақ-омырау.
Білгіш: Оқушылар бізге мектеп туралы тақпақ та, ән де айтып берді. Қандай білгіш балалар.
Дымбілмес: Енді не істесем екен? Ә, таптым. Мектептегі қызықты оқиғалар болды ма? Ақылды болсаңдар мені күлдіріңдерші?
«Көңілді тапқырлар клубына мүше болғысы келген «Бауырсақ» командасын ортаға шақырамыз.
Білгіш: Көрдіңбе сені тағыда жеңіп кетті.
Дымбілмес: АА таптым және маған оқушылардың жартысы ғана тақпақ әндерін айттты, мен қалған балаларды тыңдамадым ғой.
Ортаға тақпақ айтатын балалар шығады.
7-оқушы: Қош келдің деп, балдырған,
Күліп шыққан алдымнан.
Шексіз сеніп ата-ана,
Балаларын қалдырған
Сипап қойып басымнан,
Кетпей жүрген қасымнан.
Құрбы - құрдастарыммен,
Достастырған асыл жан.
8-оқушы: Жетілткен ой-сананы,
Тәрбие әр сабағы.
Алғаш сыннан өткізіп,
Қойған тұңғыш бағаны.
Ұстаз болу - жүректің батылдығы,
Ұстаз болу - сезімнің ақындыңы.
Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы.
Білгіш: Ортаға мың бұралған биші қыздарымызды шақырайық қарсы алыңыздар «Шығыс жұлдыздары» биімен 1 «ә» сынып қыздары
Дымбілмес: Мен сендім сендердің ақылды оқушы екендеріңе. Рахмет сендерге, бірақ білгішке ұқсап кеткендеріңе аздар ренжіп қалдым.
Ерасыл: Тоқта Дымбілмес, біз саған ән айтып береміз.
Ән: «Алло»
Білгіш: Сендерге өте ризамын менің талаптарымның бәрін орындап, жақсы өнер көрсеттіңдер. Енді сендерді мектептің шын мәнінде 1 сынып болып қабылдануларың үшін барлығыңды ортаға шақырамын.
Қазір мектеп ережесін сақтап, үлгілі оқушы болуларың үшін ант қабылдаймыз.
-
Мектеп ережесіне бағынуға
-
Мектептегі қоғамдық іс-шараларға қатысуға
-
Сабақты жақсы оқуға
-
Мұғалімнің айтқанын бұлжытпай орындауға
-
Үлгілі оқушы болуға
Ант етеміз, ант етеміз, ант етеміз.
Жарайсыңдар! Сендердің қабылдануларыңды растау үшін ортаға сынып жетекшісі Тлекова Гүлзат Тлековнаны ортаға шақырамыз.
Сертификат таратады.
2-жүргізуші: Бүгінгі мереке әр үйдің той басы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен баршаға тілек айтар, оқушылар.
2-жүргізуші: Қоңырау үні сыңғырлап,
Естілді жылы жаныма.
Күкідей әсем сылдырап,
Бөбекті жиды маңыма.
1-жүргізуші: Білімнің гүлін ашылған,
Терумен оқып жүр екем.
Бақытқа бізді шақырған
Қоңырау дауысы жыр екен
«Welcome to two school» әнімен 1 сынып оқушыларын қарсы алыңыздар!
2-жүргізуші: Қымбатты ұстаздар, ата-аналар, мерекелеріңіз құтты болсын! Әрбір қадамдарыңызға гүл бітсін. Бүлдіршіндер білімді де білекті азамат болсын! Тойларыңыз тойға ұлассын -деп бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Уақыт бөліп тамашалағандарыңызға рахмет.
</<br>