7


Жыр алыбы - Жамбыл

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Жыр алыбы - Жамбыл» атты облыстық айтыс



Мақсаты: Жас ұрпақты қазақтың төкпе ақыны Жамбыл Жабаевтың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу және ұлттық әдебиетіміз бен мәдениетімізді насихаттау, олардың бойындағы табиғи дарыны мен талантын дамыту, ақындық шеберліктерін шыңдау.



1-жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар және бүгінгі «Жыр алыбы - Жамбыл» атты облыстық айтысқа қатысушылар!



2-жүргізуші:

«Сөз асылын-өз асылым» деп түсінген Жамбыл ақын қашанда «оның қазынасы халқымда» деп білді. Ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов айтқандай, «Жамбыл - ақын ойдың алғыры , өзгеге ұқсамайтын дара, бет - бейнесі аса зор құбылыс. Оның бір өзі әрі эпик ақын, әрі айтыс ақыны, әрі азаматтық әуеннің де ақыны» - деп білді.



1-жүргізуші:

Сыйынып аруағына бабамыздың,

Киесін ұққандаймын даламыздың.

Жырлары-шежіресі еліміздің,

Сырлары-сағынышы санамыздың.

Осымен, Жыр алыбы- Жамбылдың 170 жылдығына арналған бүгінгі сұлу сөздің майын тамызатын жас ақындарымызбен таныс болыңыздар!

1.

2.

3.



2-жүргізуші:

Кім жеңеді сайыста? Үміт алда,

Қобалжу бар, жүректе күдік барда.

Әділқазы алқасы атыңды ақта,

Жүректерге арман менен бақыт жолда - деп әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар:

1.

2.

3.

4.

5.



1-жүргізуші:

Жамбыл 15 жасында Сүйінбайдан бата алған, 35 жыл бойы ұлы ақынның өнегесін үйренген.

Менің пірім Сүйінбай,

Сөз сөйлемен сыйынбай.

Сырлы, сұлу сөздері

Маған тартқан сиындай.

Сүйінбай деп сөйлесем,

Сөз келеді бұрқырап

Қара дауыл құйындай. Жамбыл Сүйінбай ақынды пір тұтты. Ақын 1846 жылы ақпан айында казіргі Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының бөктерінде дүниеге келген. Әкесі Жапа кедей болғанмен, ат үстіне мығым, найзагер кісі екен. Ел ішінің дау-дамайына бітімгерлік сөзін айтқан кездері де болыпты. Шешесі Ұлдан мінезі байсалды, абысын-ажын арасында беделді, орайы келгенде өз жанынан қиыстырып өлең шығара беретін, әдемі дауысты әнші екен. Жамбылдың аталарынан әріректе өнерпаз, сері, палуандар, ділмар шешендер шыққан.

2-жүргізуші :

Құттықтау сөз ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



1-жүргізуші:

Топ десе он жетімде тартынбадым,

Семсердей майдандағы жарқылдадым.

Ақынды ауылға ермек басып озып,

Жұлдыздай көзге түскен жарқылдадым,- дей келе бүгінгі айтысымызды бастаймыз. Сахнаға бірінші болып шығатын:



2- жүргізуші:

</ Осымен Жыр алыбы - Жамбылдың 170 жылдығына арналған Облыстық айтысымыз аяқталды. Ынта қойып, тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Әділқазы мүшелері қорытындысын шығарғанша мектебіміздің жас әншілерінің әндерін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:

Сөз кезегі әділқазы мүшелеріне береміз.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал