7


  • Учителю
  • Сынып сағаты Тақырыбы: «Қазақ тілінің өткені, бүгіні, болашағы » (9 сынып)

Сынып сағаты Тақырыбы: «Қазақ тілінің өткені, бүгіні, болашағы » (9 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Қазақ тілінің өткені, бүгіні, болашағы,»

Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүйуге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой- өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.

Әдісі:топтық

Көрнекілігі: нақыл сөздер,слайд, оқушы шығармашылығынан...

Жүрісі: I. Ұйымдастыру.

Сыныпты: 3 топқа бөлеміз, бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбын шағын көрініс арқылы анықтап аламыз.

1-топ. Тіл-ұлттың жан дүниесі. Расында қазақ халқының басында талай қиын нәубет,зұламаттың, қайғылы күндердің болғаны тарихтан белгілі. Сондай ауыр сәттерде, сын сағаттарда атамекен қонысын тастап босқан халықтың өзімен бірге алып жүрген байлығы-ана сүтімен санасына дарыған ана тілі ғана ( көрініс)

2-топ.Қазір көптеген жастар ана тілін дұрыс білмейді (көрініс)

3-топ.

II. «Қадірлей білсең тіліңді, боларсың сыйлы өзіңе».Осы көріністер арқылы ой қозғайық (әрбір топ өз-ой пікірлерін ортаға салады)

1-топтың пікірі:

-Кеңес дәуірі тұсында күрделі трагедиялық сипат алып, Асан қайғы, Бұхар жырау, Махамбет, Абай сияқты ұлылар сөйлеген тілдің алдына шекспирлік «Бар болу немесе жоқ болу?!» сауалын қойды. Республикада №1-ші тіл болуға тиісті тілдің осынша төмен деңгейге құлдилауы бірінші кезекте кеңес жылдарындағы демографиялық жойқын апаттармен тығыз байланысты. Соның салдарынан бүкіл әлемде тек Қазақстанда ғана еркін тыныс алу мүмкіндігі бар қазақ тілінің өз Отанында өмір сүру өрісі, тіршілік ету ортасы кеңес уақытында шектен тыс тарылып, тіліміз тұншыға бастады.

-Оның үстіне республикамызда ежелден келе жатқан қазақтың жер-су, елді мекен атаулары орыстық қалыпқа аударылып, мыңнан астам қазақ мектептері орысша білім беретін ошақтарға айналдырылды. Іс қағаздарынан бастап, үлкен-кіші, ресми-ресми емес мәжіліс-жиналыстар мен мәслихат-құрылтайлардың барлығы «ұлы тілде» жүргізіліп, қазақ тілі іс жүзінде кәсіби-техникалық, арнаулы орта және жоғары оқу орындары, ғылым мен өндіріс салаларынан ығыстырылды. Бұл, әсіресе, хрущевтік «тың және тыңайған жерлерді игеру» жылдары аса қарқынды екпінмен жүргізілді. Осылайша, бұрышқа қуып тығылған қазақ тілі сол тұйықтан әлі күнге дейін өз бетімен шыға алмай жанталасуда.

2-топтың пікірі:

. Ұлттық мәдениеттің гүлденуі, салт- дәстүрдің одан әрі дамуы, ұрпақтар арасындағы сабақтастықтың ұлы жемісі- ана тілі. Тас бұлақтың тұнығы да сенде, ана сүтінің жұғымы да сенде, райхан гүлдің жұпары да сенде, назды сұлудың нәзіктігі де сенде, сахара даланың жазықтығы да сенде қасиетті қазақ тілім! Бүгінгі таңда қазақ баласының өз ана тілінде сөйлеп, оның қадір қасиетін бағалап, саралай білуі, санаға сіңіруі қажет. Ұлттық рухты, түскен еңсені көтеріп, ана тілге деген жанашырлықты іспен дәлелдеу қажет.

-Тіл- халқымыздың мәдени дәрежесін көтере беруші қуатты құрал. Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Ана тілі-ар өлшемі, олай болса, тілді щұбарлау арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау екенін естен шығармайық!

- Тіл - таусылмайтын байлық, асыл қазына. Қанша тіл білсең өзгеден сонша биіксің. Дегенмен, адам баласы ең алдымен өз ана тілін меңгеруді мақсат ете білуі міндет. Ана тілін дамыту үшін әркім өз ана тілінде таза сөйлеуі тиіс. Себебі, жүйелі тіл жүйелі ойды құрайды. Тіл- қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлім- тәрбиесінің негізі. Тіл - халықтың жаны. Тіл жойылса, халықта жер бетінен жоғалады. Бүгінгі қазақ қоғамындағы тіл мәселесінің басы да өз тілін сақтап қалу.

3-топтың пікірі:

Бүгінгі қазақ тілінің тағдыр мен болашағы Елбасын аз толғандырып жүрген жоқ. Сондықтан да болар Ел басының «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде», «Ана тілі - бәріміздің анамыз, өйткені ол - ұлтымыздың анасы» деген сөзі бар. Ал кейінгі жолдауында айтылған «Қазақ тілі, біздің мемлекеттік тіліміз өсіп-өркендеп келеді. 2020 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгергендердің қатары 95 пайызға дейін жететін болады.

Еліміздегі барлық мектептер мен оқу орындарында қазақ тілінде оқыту үрдісі жүріп жатыр» деген болатын.

III. «Даналық ойдан дән ізде» (слайд бойынша ой түйіндеу)

Әрбір топ қазақ тілі туралы өзіміздің ақын,жазушы,батыр аталарымыздың пікіріне ой бөледі.

IV. «Тіл барда айтылар сыр ойдағы» Оқушылар шығармашылығына кезек береміз.

1-топ. Өлең, 2-топ.эссе, 3-топ. Шығарма.

Рефлексия: «Басбармақ» әдісі.

Тіл сөзіне өз тұжырымдарымызды қосамыз.

Бізге мемлекеттің келешегі, болашақ да¬муы не үшін керек? Ол үшін мемле¬кеттің ең негізгі сырт¬қы саясаты - көршілермен тату бо¬луымыз керек. Онсыз мем¬ле¬кеттің болашағы бұлыңғыр бо¬лады. «Тілден асқан байлық жоқ» тон-торқа, мал-мүлік, алтын-күміс байлығы түпкілікті емес. Күндердің күнінде сарқылады, тозады. Халықпен бірге мәңгі жасайтын тіл байлығы екенін ұмытпайық. Тіл -ұлттықтың негізгі белгісі, тіл ұмтылса -салт -дәстүріміз де ұмтылады, өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметтеу керек, өз тілін білмеген адам ата -баба тарихын ешқашан түсіне алмайды.































































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал