- Учителю
- Сабақтың тақырыбы:Суретпен жол ережесі
Сабақтың тақырыбы:Суретпен жол ережесі
2011-2012жыл
Сабақтың тақырыбы: Айналайын абайла!
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға жол жүру ережесін, тәртібін сақтай білуді үйрету. Бағдаршаммен және оның қызметі, жол белгілері жайында танымдылық қабілеттерін арттыру. Оқушыларды мейрімділікке, бауырмалдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі:
Жол жүру ережесі, жол белгілері, бағдаршам туралы түрлі суреттер, нақыл сөздер, үнтаспа.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру
(Музыканың әсем үні жүріп тұрады, сабаққа келген мұғалімдерді қарсы алып, орындарына жайғастырылады)
-Балалар бүгінгі сынып сағатымыздың әсерлі де, қызықты болып өтуі сендердің қолдарыңда. Сондықтан бар білгендеріңді аямай ортаға салатындарыңа мен сенемін. Тақтаға назарларыңды аударыңдаршы, сабағымыздың тақырыбы қалай аталады екен? «Айналайын абайла!»
-«Айналайын» деп кімдерге айтамыз?
-«Абайла» дегенді қалай түсінесіңдер?
-Ендеше сынып сағатымыздың мазмұны не жайында деп ойлайсыңдар?
Жола жұру ережелері жайында айтқанда тағы нелер есімізге келеді? (кластер құру)
І бөлім
көше адамдар жол тротуар
ЖЖЕ
көше қиылыстаары жол полициясы
бордюр көліктер бағдаршам
Ауылдан келсек қалаға
Қыдырамыз жүреміз де
Ал бағдаршам ережесін
Айтыңдаршы білеміз бе?
Ақыры бара алмайсың
Құр бос қарап сенделесің
Оданда сізге айтайын
Бағдаршамның ережесін
Егер оны білмесең
Қалада жүре алмайсың
Анда көлік, мында көлік
Барлық жерді шарлайсың
Қызыл шамы жанғанда
Тоқтай тұр әлі тосасың
Сары шамы жанғанда
Шыда жолың босасын
Жасыл енді жанады
Жүре бер жол босады
-Дұрыс айтасыңдар балалар, мен де қасыма өз көмекшім бағдаршамды шақырайын
Бағдаршам: Уа, жараңдар, аман ба?
Көз салыңдар маған да!
Үш көзім бар, үш сыншым
Мен қымбатпын әманда!
Ортаға үш көмекшім, үш сыншымды шақырамын. Қайдасыңдар достарым?
(Бағдаршамның үш көзі болып кейінген үш оқушы ортаға шығады)
Қызыл көзі: Мен көзімді ашқанда
Ешқашанда баспа алға.
Орныңда тұр қозғалма
Ереже бұл «Сен тоқта!»
Сары көзі: Мен көзімді ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жүруге әлі болмайды
Дайындықты сақтайды
Жасыл көзі: Мен көзімді ашқанда,
Көліктер саған тоқтайды.
Ережені білгендер
Өтуге еш қорықпайды.
Үш сыншы бірге: Жолды кесіп өтерде
Сол жағыңа қарайла
Жарты жолға келгенде
Оң жағыңа қарайла
Білгеніңді басқаға
Үйретіп жүр жарай ма?
Мұғалім: Рахмет сендерге достарым, сендердің айтқандарыңды оқушылар бұлжытпай орындайды деп сенеміз, солай ма, Бағдаршам!
Бағдаршам: Әй, білмеймін бұларды
Үлкен де тәртіп бұзады.
Келе жатсам мектепке
Бір апай тап болғаны
Полициямен келіспей
Жол бойында тұрғаны.
Көрініс: Жол полициясы сқырады.
Жол полициясы: Гүлнар апай аман ба?
Асықпаңыз әманда
Көше сырын біліңіз
Тәртібімен жүріңіз
Гүлнар апай: Қызым келді ауылдан
Ойнап қайтпақ қалада
Жүрген жоқпыз жөнсізге
Баламын ба мен сізге
Масқара ғой мұныңыз
Кес-кестемей тұрыңыз
Жол полициясы: Ау, жеңеше байқаңыз
Аңғарар деп айтамыз
Қызыл сәуле жанып тұр
Жолда күтіп халық тұр
Гүлнар апай: Айтарың сол ма
Менің де көзім бар
Менде де сезім бар
Жібер інім тезірек
Қызыма алар сыйым бар
Жол полициясы: Алдымен оңға
Солан соң солға
Қараңыз жолға
Кенеттен көлік
Келмесін төніп
Сонда өтіңіз!
Бағдаршам: Көрдіңдер ме балалар,
Ережені бұзады
Кей-кезде тіпті аналар!
Мүғалім: Қойыңызшы бағдаршам
Асыққан болар анасы
Бағдаршам: Жо-жоқ жақтамаңыз сіз оны
Білмейді оның қызы да,
Ережені жолдағы
Нанбасаңыз көріңіз
Үлкен түйін түйіңіз
Көрініс: Оқушылар мектептен шығып үйлеріне бару үшін әр түрлі көше қиылыстарынан өтеді.Сонда жол полиция ағайына тап болады.
Балалар: -Сәлеметсіз бе, ағай!
Жол полициясы: -Амансыңдар ма, балалар.
Балалар: -Ағай мына жолан өтуге бола ме?
Жол полициясы: -Әрине, бұл тротуар ғой, ол жаяу жүргіншілерге арналған жол, ал мынау бордюр деп аталады. Ол жол мен тротуарды бөліп тұру үшін арнайы салынған. Көзге анық көріну үшін бордюрды ақпен ақтап қояды. Ал, балалар жолан өтуді білесіңдер ме?
-Балалар: -Білеміз, білеміз! Бағдаршамның жасыл түсіне өтеміз. Бағдаршам болмаса арнайы өтпелерден өтеміз. Жолды кесіп өтерде алдымен солға, кейін оңға қараймыз.
Сол сәтте Әсемгүл деген оқушы жолдан жүгіріп өтпекші болады. Әсемгүлді машина соғып кетеді.Жол полициясы сқырады. Машиналар тоқтап, балалар у-шу болады.
Жол полициясы:Әй, Әсемгүл тоқта,
Көзің сенің жоқ па?
Кейін қарай өтпе
Өмір саған керек пе?
/Қыздың қасына оқушылар, сақшы келеді/
Әсемгүл: Ой, аяғым! Ағатай ақырын
/Сақшы қыздың аяғын қимылдатып көреді/
Жол полициясы: Ай, қалқам-ай,
Асығудан бар ма пайда. Тәртіп қайда?
Әсемгүл: Қап, аяғым ұстамаңыз.
Мені тұр деп қыстамаңыз.
Жол полициясы: Жол ойнайтын жер емес
Ақсаңдап қалдың құлап
Құлақ аспай сөзіме
Өз обалың өзіңе
Әсемгүл: Жақсы, айтқаныңыз ақыл-ақ
Болмаспыз енді ақымақ
Жол полициясы:Бір абайсыз жүрістен
Бүкіл өмір қиылар
Тәлім алса бұл істен
Тәртіпсіздік жойылар
Бағдаршам үш көзді
Үш көзден ұқ үш сөзді.
Тоқта! Сақтан! Жол ашық!
/Ала таяқпен жол көрсетеді. Қызды жол шетіне шығарып орындыққа отырғызады. Оқушылар ақыл айтады/
1-оқушы: Обал болды, досым-ай!
2-оқушы: Әуелгі солға, содан оңға
Қарамайсың ба жолға!
3-оқушы: Бағдаршам әманда
Беріп тұр ғой команда
Қызыл көзін ашқанда
Сынық сүйем баспа алға
Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға
Жасыл көзін ашқанда
Өте бергін жасқанба
Әсемгүл: Ой,аяғым! /жыламсырап/
/Әсемгүлдің анасы келеді/
Анасы: Әй, Әсемгүл,қызым-ай
Құладың-ау сен неге?
Жыладың неге ұрынып?
Әсемгүл:Көшенің тіртібін сақтамай
Сақшының айтқанын ақтамай
Машинаның алдынан өттім
Абайсызда қағып кетті.
Ой, аяғым,аяғым!
4-оқушы: Әсемгүл сырқат, әбігерде, жеткізейік дәрігерге
5-оқушы: Әй, Әсемгүл, Әсемгүл,
Әбігерсің, әуресің
Жол тәртібін білмесең
Опық жерсің күнде сен.
6-оқушы. Машина қаққан адам
Не мүлдем кетеді
Не мүгедек болып өтеді.
Жол полициясы: Ал, балалар енді не істейміз? Қалай боламыз?
Оқушылар хормен: Сөзіңізді ақтаймыз, Жол тәртібін сақтаймыз!
Мұғалім: Көшеде біз сақ болайық
Қаймықпасын ата-ана
Жолға да сен бол лайық
Оқушылар атына
ІІ бөлім
(Әр белгіні слайдтан көрсете отыра оларға қысқаша тоқталып өту)
-Балалар, сендер Бағдаршамның көмегімен жолдан өтуді білесіңдер. Ал, жол жүру белгілерін білесіңдер ме?
Ескерту белгілері
1-сурет Бұл белгі адамдар көп жүретін көше қиылыстарында кездеседі. Ол жаяу жүргіншілерге арналған жол. Осы белгіге көлік жүргізушілері тоқтап, жаяуларға жол береді.
2-сурет Мына белгі мектептер мен балалар парктерінің маңына орнатылады. Бұл белгі қойылған маңда көлік жүргізушілер мен жаяу адамдарға сақ болуы керек.
3-сурет Бұл белгі алдымызда ғы жол велосипед жүретін жолмен қиылысады, сақ болғайсың деген белгі.
4-сурет Алдыңызда жол жұмыстары болып жатыр, сақ болыңыз деген белгіні білдіреді.
Сервистік белгілер
1-сурет Алдыңызда дәмхана немесе кафеге кездесесіз деген белгі
2-сурет Осы маңда аурухананың бар екенін ескертеді
3-сурет Жақын жерде көлікке жанармай құйю орталығы бар екенін білдіретін белгі
4-сурет Маңайда телефон шалуыңызға арналған орын бар
5-сурет Осы маңда қонақ үйдің бар екенің айтады.
Тыйым салу белгілері
1-сурет Машина жүруге тыйым салынады.
2-сурет Жаяу адамдарға жүруге болмайды
3-сурет Велосипедпен жүруге тыйым салынған
4-сурет Көліктің жылдамдыңы 50 км/сағ жылдамдықтан аспау керек
Жаяулар ғана жүреді
Мұны бәрі біледі
Осы белгі тұрғанда
Қауіпсіз саған жол енді
Әр түрлі көлікке
Келетін көмекке
Тұруға арналған
Бұл белгі керекте
Саяжайдың маңында
Мектептің сен жанында
Сақ болғайсығ әрқашан
Бұл белгінің алдында
Қауіпті бұрылыс алдыңда барлығын ескертер дерек қой
Абайлап, ақырын адымда
Амандық бір басқа керек қой
Алдыңнан егер еездессе
«Тең мәндес жолдар» белгісі
Абай болған жолаушы
Ескерту алдың сен енді
Болсын қала ел іші
Қызыл крест белгісі
Тұрған жерге барарсың
Алғашқы жәрдем аларсың
Жүргізушіні жаяуды
Темір жол барын таяуда
Ескертіп тұрса алдыңда
Біразырақ сен аялда
Тәрби сағаты «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!»
Сабақтың тақырыбы: «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!»
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру .
2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің
белгілерімен таныстыру
3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Бағдаршам , жол белгілері салынған суреттер , интерактивті тақта, жол ережесіне арналған кітаптар.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі :
Кіріспе : «Жол травматизмінің алдын алу» атты тәрбие сағатын бастағалы отырмыз.
Жол заңы дұрыс жүріп , абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба , ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны , шаңғы тебетіні , жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны ,қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.
Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын » Жолда жүру ережесі » тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті .Үлгілі , тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін ,заңын бұзбайды.
Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды ?
Балалар : Үлгілі , тәртіпті бала .
Мұғалім : Ал енді » Жолда жүру ережесін сақтаймыз! » атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын .
ІІ. Негізгі бөлім:
Тақтадағы жұмбақтарды шешу:
Жұмбақтар
1. Ала таяқ ұстаған, 2. Көше бойлап аяңдайды,
Жол тәртібін нұсқаған. Адам тасып аялайды.
Өміріңді күзеткен, (Автобус) Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)
3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген ,
Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол)
4. Жоқ өзінде бас та , ауызда да , құлақ та ,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)
5. Арқаным бар тым ұзын,
Ала-алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)
6. Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. «Бағдаршам»
Мұғалім : Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз . Оның сырын біліп , тіліп алу баршамызға керек.
1. Неге ?
Біздің қаламызда , сол сияқты біздің еліміздің қала , ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да , үлкендер де , яғни барлық жүргізушілер , көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.
2. Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен , көрейік . Мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші.
3. Жиек жол деген не ? Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол .
4. Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды ? Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.
Тақтада
Қызыл - Тоқта !
Сары - Сақтан !
Жасыл - Жол ашық!
Құндызай : Қызыл көзін ашқанда ,
Сынық сүйем баспа алға !
Диана : Сары көзін ашқанда ,
Қарап қалма аспанға !
Сұлупан: Жасыл көзін ашқанда ,
Өте бергін , жасқанба !
Оқушылар бағдаршам сигналдарын қолдарына ұстап , кезегі келгенде көрсетіп тұрады.
Ән: Бағдаршам
1. Көшеде біз сақ болайық ,
Қаймықпасын ата - ана .
Жолда сен бол лайық,
Жас ұлан деген атқа
Қ- сы :
Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін .
Қасымда болсын анам,
Болайын мен де аман !
2. Жолда жүру әліппесін
Білген жөн бес саусақтай.
Сонда ғана жүре аласың ,
Сен өзіңді сау сақтап
Сахналық көрініс: «Маймақ аюдың достары»
Инспектор :
Медбике апамыз бәрімізді емдейді ,
Ауырса адамды, аңды да емдейді .
Отырған мынау Медбике апаға
Айтыңдаршы , кане кімдер келмейді ?
(Осы кезде басын ақ шүберекпен таңған , сыртынан қан шып - шып шыққан аю өкіріп келе жатады)
Инспектор :
Апа, қараңыз мына сұмдықты ,
Маймақты кім қыңжылтты ?
Мед.бике:
Маймағым, не болған өзіңе,
Көкпеңбек ісінген бас - көзіңде ?
Аю:
Айтайын мен жасырмай шынымды - ай,
Сақтап қал , апа жанымды шыбындай.
Жармасып бал тасыр машина үстіне
Домалап түсіп шыңғырдым құлындай.
Мед.бике:
Бір асар тәтті бал үшін,
Тәртіпті бұздың қарынның қамы үшін.
Міне, енді еңіреп тұрғаның ұят - ақ,
Тәртіп керек , біліп ал , жан үшін !
Аю.
Медбике апа, инспектор жолдас , енді тәртіпті бұзбаймын.Кешіріңіздер мені!
Мұғалім : - Бағдаршам жоқ көшелерден қалай өтеміз ?
Егер өтетін жерде бағдаршам болмаса көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз. Көшенің орта тұсына жеткенде , оң жағымызға көз саламыз. Егер ол жақтан машина келе жатса , өтіп кеткенше , сол орында күте тұрамыз. Ендеше, мына жолдармен бағдаршамсыз, бағдаршам барда қалай жүретінімізді көрейік.\
Оқушы қалай өтетінін көр сетеді.
Инспектор
Көреген, дәу қырағы.
Көшемізде тұрады.
Оның аты - бағдаршам,
Жол сілтейді әрқашан.
Ол бергенде команда,
Бағынамыз әмәнда.
Бағдаршам
Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,
Қашпаймын мүдіріп , ешқандай сұрақтан.
Белгісі жолдардың төрт топтан тұрады,
Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.
Бағдаршам
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін.
«Тоқта, сақтан, жол ашық!»
Жүрме жолға таласып.
Диана:
Төрт топтан құралған,
Белгілер туыстай.
Жол сілтеп тұрады.
У-шусыз ұрыспай.
Сақтандыру , ескерту белгісі :
Қып - қызыл үшбұрыш,
Қауіптен сақ бол деп сәт - сапар жолдаған.
Аман - сау жүреді жаяу да , көлік те ,
Мен берген белгіні сақтаған , қолдаған.
Тыйым салу белгісі :
Қызылмен боялған , шеңбермін аумақты,
Тыйымшыл белгімін , қаталмын салмақты .
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,
Қауіп бар , бағдарла көз салып жан - жақты.
Міндеттеу белгісі :
Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты,
Міндетті бұрылыс , әйтпесе қауіпті.
Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,
Абай бол , шартыңды міндетті орында !
Ңұсқау белгісі Ислам:
Баратын жеріңнің бағытын , тұрағын,
Үн - түнсіз жол сілтеп , жол нұсқап тұрамын.
Күндіз де , түнде де от болып жанады,
Көк түске боялған төрт бұрыш шырағым.
Мұғалім: Балалар, біз әр белгінің не мақсатта қолданылатынын білдік.
Қорытындылау :
Мұғалім : Балалар, бүгінгі сабақты қорыта келе «Жас дәуірдің балалары» әнін айтайық. Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман - есен жүрелік. Қорыта келе:
Ирек - ирек көшелер,
Көше деген мың ирек.
Қиындыққа әйтсе де,
Үйренесің біртіндеп.
Барар жерге асықпа,
Бәйге алмайсың бұрын кеп