- Учителю
- Отаным-алтын ұя бесігім
Отаным-алтын ұя бесігім
Тақырыбы: Отаным-алтын ұя бесігім.
Мақсаты: Оқушыларды өз Отанын, туған жерін, туған тілін сүйіп, құрметтеуге тәрбиелеу. Егемендіктің мәнін түсіндіру. Отанына деген сүйіспеншілігін, мақтаныш сезімін арттыру.
Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, слайд, Астана туралы бейнетаспа.
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Жүргізуші: Армысыздар ұстаздар, тәрбиешілер, оқушылар Отаным-алтын ұя бесігім атты фестивальға қош келдіңіздер!
Біздің Отанымыз-Қазақстан. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы Қазақстан Республикасының жетістіктері өсуде. Осынау жылдарда елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар бар. Қазақстан Республикасы 1991 жылы16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Осы өткен жолдарымызға қарасаақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдинетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы елміз.
Күндер өтті ешегі
Жігер құм боп жасаған
Несіне оны жасыраи,
Әнұраным бүгінгі
Баға жетпес асыл ән.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады.
1-оқушы.
Армысыздар! Қадірлі де ұлағатты ұстаздар.
Қош келіпсіздер бүгінгі тәрбие сағатына,
Бас иіп сәлем бердік баршаңызға.
2-оқушы:
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балдырған.
Қош келіпсіз бүгінгі тәрбие сағатына,
Би билеп, ән де бүгін шырқалар.
3-оқушы:
Елімнің атын айтсам- Қазақстан!
Жерімнің атын айтсам - Қазақстан!
Қойнауы қазынағы толған мекен,
Байлығымды айтсам-Қазақстан!
4-оқушы:
Қазақстан -бабамнан қалған мұра,
Сенбейсіңбе даламнан бар да сұра.
Ел мен жерді дұшпанға таптатпаған
Батырларым демесем болар күнә.
5-оқушы:
Естігенде көк аспанның астында,
Тік тұрындар айтылғанда Әнұран.
Бар қазақтың үніндей шарықта,
Шарықташы, Әнұраным, шарықта!
Оны айтуға, жас ұлан, жалықпа.
Жүргізуші: Балалар, «Отан дегеніміз не?»
6-оқушы: Отан дегеніміз- адамның туып- өскен жері, туған-
туысқандарымен, жақындарымен, бірге тұратын атамекен. Қазақ елінде
тұратын адамдардың Отан- ҚР-сы.
7-Оқушы: Біздің Отанымыз-ҚР-ның жері өте кең. Жерінде тау да, жазық
та, ойпат та, қарат та кездеседі. Үлкен-үлкен көлдер, өзендер бар.
Республикамыз өсімдікке, жануарларға , қазба байлыққа бай.
8-оқушы: Осы ҚР-ның жас ұланы екенімді мақтан етем. Оның бай
тарихын зердеме түйіп, ертеңгі азаматыболу үшін білім аламын, еңбек
етемін. Кешегі тарих жолында елдің ел болуына қызмет еткен
халқымыздың асыл ұлдарына ұқсап өсемін.
9-оқушы: Отаным менің кең- байтақ, әрі бай. Онда әр түрлі халықтар
тұрады. Олар бір-бірімен тату, дос. Қазақ халқы ешуақытта соғыс
тілемейді бейбітшілік үшін күреседі.
Жүргізуші: Қазақ халқы сөз қадірін білген, қасиетті сөзді
қастерлеп, аузынан тастамай, өнеге ретінде данышпандығын, өлең
өрнектерімен өрнектеп терең мағыналы сөз өнері арқылы, өлең-жырымен
тәлім-тәрбиесін зор ойлар айта білген.Қазақтың мақал-мәтелдерінің
айтары- өсиет, ұлағат, тәлім, парасат.
10-оқушы:
Отан деген- атамекен,
Отан деген- туған жер.
Отан - деген ана, пан,
Қазақстан-туған ел.
Отан- менің ата-анам,
Отан -досым, бауырым,
Отан -өлкем астанам,
Отан- аудан, ауылым.
11-оқушы:
Отанды біз атамекен,
Деп аялап атаймыз.
Өйткені оны мекен еткен.
Бабамыз бен атамыз.
Отан -деген атамекен,
Отан деген- туған жер.
Отан- ана,
Отан -үлкен
Қазақстан -туған ел.
12-оқушы:
Отан- атам,
Отан -әкем.
Осы сөзім қатемекен?!
Қате болса,
Неге біздер-
Дейміз оны Атамекен?!
13-оқушы:
Отан- әжем,
Отан -анам!
Туған ел деп,
Туған жер деп,
Ол бекерге аталмаған.
14-оқушы:
Атам, әжем, әкем, анам-
Төртеуіде Отан маған.
Төртеуіде ботам дейді,
Ер азамат атан дейді.
Мақтанамын Отанымен,
Отаныма ботамын мен.
Жүргізуші.
Отан дейміз -от жаққан жерімізді,
Отан дейміз- өсірген елімізді.
Отан дейміз - туған жер, атамекен-
Биік тау, ориан, тоғай, көлімізді.
Отан дейміз- кең байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы,
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
Домбыра биі: Қарлығаш тобы мен Толағай тобы.
Хор:Тәуелсіз Қазақстан.
Астана туралы бейне ролик.
Ән: Астана Науқанбай М.
Жастар тобы Қалмұрат А.: Алға қазақ жігіттері.
Інжу тобы би:Қара жорға.
Ән:Туған жер Теңгебаева Д.
ІІ. Қазақстан мемлекетінің тарихи даму жолын айқындайтын өз
рәміздері- Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар.
1-оқушы:
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашан да
Биікке іліп қояды.
Туымызға жас туған
Бір қарамай өтпейді.
Сол көк тудың астында
Көгереміз көктейміз.
2-оқушы:
Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай акстында қазақ үй.
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің, белгісі.
3-оқушы:
Өзіңдікі- елің де,
Өзіңдікі - жерің де.
Өзіңдікі- өзің еккен бақ,
Тәуелсіздік төрінде!
Жүргізуші: Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев әрдайым халықпен бірге, ол
өз халқына үлкен қамқорлық көрсетеді.Қазақстанның атынан өкілдік
ететін лауазымды тұлға. Мұндай көшбасшымыз бар біздің болашағымыз
айқын.
Әр сөздің астарына осы арады,
Ағайын ой жібере жете қара.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында
Тұлғасы Елбасының жеке- дар!
Өмірің судай ағып өзегімен,
Келеді Президенттер кезегімен
«Елбасы- Назарбаев» - егіз ұғым,
Жасайды мәңгі бізге өз еліне.
4-оқушы: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы,
Қаскелең ауданының Шамалған ауылында дүниеге келген.
5-оқушы: 1990 жылы Республикада Президент қызметі белгіленді.
Жоғары Кеңестің сессиясында жабық дауыспен Н.Ә.Назарбаев Президент
болып сайланды.
6-оқушы:1994 ЖЫЛЫ 1- ЖЕЛТОҚСАНДА РЕСПУБЛИКАМЫЗДА БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ
Президент сайлауы болып өтті.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Н.Ә. Назарбаев
сайланды.
Қазақстан Р-ның тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің
тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады.
7-оқушы: 1996 жылы 16 желтоқсан күні біздің еліміз Тәуелсіздігін
жариялады. Елбасымыз Н.Ә:Назарбаев қазақстан Республикасының
Конституциялық заңына қол қойды. Қазақ халқының ғасырлар бойы
аңсаған арманы жүзеге асты.
8-оқушы:Егеменді болмай ел болмас, тәуелсіз болмай жер болмас-
демекші, егеменді ел ,тәуелсіз мемлекет болдық. Қазақстан өзінінің
табиғи байлығына, жеріне ие, басқа мемлекеттермен сауда- саттық
қарым-қатынас жүргізе алады.
Айдана: 1992 жылы 4 маусымда Президент ҚР-ның Мемлекеттік Туы,
Елтаңбасы, Әнұраны туралы ҚР-ның заңдарына қол қойды.
1995 жылы30 тамыздағы бүкілхалықтық референдумда Ата Заңымыз
қабылданды.
9-оқушы: Қуаң халқым, күшіне енді «Тіл заңы»
«Сүйінші» деп ақын ұлың жырлады.
Ел елдігі бағаланар тілменен,
Сол арқылы құлпырады гүл бағы.
Адамды мұратқа жеткізер- ана тілі мен ата дәстүрі. Егеменді
Қазақстан елінде ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. Тіл
туралы заң қабылданды.
10-оқушы:
Туған тілім-бабам тілі - өз тілім!
Туған тілім- анам тілі - өз тілім!
Туған тілім -далам тілі-өз тілім
Туған тілім- өз тілім!
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнімменен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып алыңдар.
11-оқушы:
Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,
Білдім дербес елімнің үлгісі деп,
Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым.
Беттерінен көз тартып тұрды сурет.
1993 жылы 15 қарашада ҚР-ның ұлттық ақшасы-теңге айналымға енді.
</ Оқушы: ҚР-да 14 облысқа бөлінген әр облыстың өз байлығы
бар, соған тоқталайық.
12- оқушы.
Алматы- жері жайсаң облыс,
Ақтөбе- өлке ақ тарысы-мол ырыс,
Атырау-мол қазақстан мұнайы,
Жамбыл-жайлау, қазыналы, шұрайлы.
Жезқазған-кен, бұзылмаған қаймағы,
Көкшетау- көп көгілдір көл аймағы.
Қарағанды-қара алтынның қоймасы.
Қостанай-құт қызыл бйдай қамбасы,
Қызылорда-күрішті сыр сағасы,
Орал-көне Ақ Жайықты жағасы.
Өскемен-өр шығыста Алтай аясы,
Павлодар- қара Ертістің саясы,
Семей-аңыз, Шыңғыстаудай қорғанды.
Ақмола- Арқада ыстық алқабы,
Шымкент- ыстық оңтүстігім мақталы.
Ынтымақ тобы Күнтубай Д. Қазақстан әні.
Қорытынды:Туған жер туралы аңыз оқылады.
Хор: Атамекен.