- Учителю
- Сыныптан тыс іс- шара «Алтын қақпа»
Сыныптан тыс іс- шара «Алтын қақпа»
Тақырыбы: «Алтын қақпа»
( Сыныптан тыс шара)
Мақсаты: Балалардың ойы дамып, дүниетанымы қалыптасып, нағыз адам
болуы үшін, ана тілінде сөйлеу шеберлігін арттырып, сөздік қорын
және тіл байлығын молайту.
Білімділігі: Тіл үйренуге құштар балалардың тілін одан әрі өрбітіп,
ойы мен қиялын шарықтатып, сауатын жетілдіру.
Дамытушылығы: Оқушылардың тіл мәдениетін, тіл байлығын, сөздік
қорын, білім-білік дағдыларын қалыптастыру, ой -өрісін кеңейту,
шығармашылық жұмыс істеу қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушыларды еңбекқорлыққа, адамгершілікке, тәртіпке,
ізденімпаздыққа , ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайд.«Тас қақпа», «Күміс қақпа», «Алтын қақпа» «Алтын
сандық» макеттері.
Сабақтың барысы:
Бірінші кезең::
1.Қобди- ұсақ түйек зат салатын кішкене жәшік.
2.Шахта- көмір өндіретін орын.
3.Күбі- қымыз,айран, шұбат ашытатын ыдыс.
4.Жомарт - қолы ашық, береген, мырза.
5.Бүгелек- жылқы малын шағатын сона тәрізді жәндік.
6.Бүлдірген- тауда өсетін өсімдік, жидек
Екінші кезең:
«Күміс қақпа» 5 сөзден тұрады.
1.Мұрат- алға қойған мақсат, арман, тілек.
2. Кейіпкер- көркем шығарма қаһарманы.
( Басты бейнені сомдайтын адам)
3.Иткөйлек-кішкентай бөпенің қырқынан шыққанша киетін көйлегі.
4.Байғазы- жаңа киім, сатып алынған зат үшін берілетін сыйлық.
5.Қаңқыл - қанқ-қанқ, еткен дыбыс.
Үшінші кезең:
Алтын қақпа:
1. Базарлық- қыдырып кеткен адамның әкелетін сый, сыйлығы.
2. Иесіз қыстау- иесі жоқ, бос қалған мекен.
Алтын сандық:
Енші- балалары ер жетіп,үй болғанда беретін дүние, мал.
Қорытынды: Өрендер, өрлей берсін өнерлерің,
Айналаң бәрі сенің көрерменің.
Тілеймін дәл осылай барлығыңның,
Тек қана биіктерден көрінгенің.- дей отырып ойынымызды аяқтаймыз.
Ойын барысында әр ойыннан кейін сөз мағынасын дұрыс тапқан оқушылар
жұбаныш сыйлықтарымен марапатталады.