7


  • Учителю
  • Мектепке дейінгі мекемелерге арналған әдістемелік құрал

Мектепке дейінгі мекемелерге арналған әдістемелік құрал

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тәрбиешілердің әдістемелік бірлестігінің

жұмысының қорытындысы

2013-2014 оқу жылы

Білім беру үрдісін басқаруда әдістемелік жұмыс ең негізгі бөлік болып табылады. Оның негізгі қызметі - педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру және диагностикалық, аналитикалық, ақпараттық іс-әрекетін дамыту. Осыған байланысты әдістемелік жұмыстың құрылымы да, мазмұны да жыл өткен сайын жаңара түсуде.

Әдістемелік жұмыстың ең негізгі ерекшелігі - күнделікті педагогикалық іс-әрекетпен тығыз байланыста болу, сол негізде туындайтын мәселелерді тани білу және оны шешудің ұтымды жолдарын қарастыру. Осыған орай әдістемелік жұмысты жүргізу әрекеті былайша тізбектеледі:

- әдістемелік жұмыстың мақсаты мен міндетін айқындау;

- мәселелік оқыту технологияларын пайдалану жолдарын үйрету;

- еркін және шығармашылық тұрғыдан ойлауды дамыту;

- әдістемелік жұмысты ұйымдастыру, басшылық жасау;

- жылдық, айлық, өзіндік, жеке жоспарлар жасау;

- оқу-әдістемелік нұсқаулар, көмекші құралдар, ережелер, т.б. дайындау;

- аналитикалық, диагностикалық материалдар дайындау;

- білім мониторингін шығару;

- озат тәжірибені тарату;

- интернет сайттарға материал әзірлеу;

- ақпаратты технологияларды пайдалана отырып, виртуалды семинарлар, интернет-форумдар, өзара ақыл-кеңестер жүргізу, т.б.

Қоғамдық қарым-қатынастардың өзгеруі, жаңа білімнің жинақталуы, әлеуметтік прогресс педагог қызметінің мазмұндық сипатын өзгертуді талап етеді. Педагог-маман даярлығына, кәсіби шеберлігіне, оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін үйренуге қойылар талаптар да өзгеше. Сол педагог-маманның кәсіби білімі мен шеберлігін шыңдауға бірден-бір көмек беретін тұлға, ол - әдіскер. №7 «Ақ бота» ясли-бақшасының әдіскері Ардақ Дамировна өз ісін шеберлікпен атқарып, балабақшадағы тәрбиешілердің заман талабына сай білімдерін жетілдіріп, шығармашылық

пен жұмыс жасауына қолынан келгенше көмектесуге тырысады.

Бала тәрбиесі, оның ішінде балабақшадағы сәбилерді тәрбиелеу үлкен мәртебе. Ақын ағамыз М. Жұмабаев айтқандай «Тәрбие - адам баласын кәміл жасқа толып, өзіне - өзі қожа болғанша азық беріп өсіру» - деген екен. Сондықтан біз балаларымыздың болашағына, тәрбиесіне жауапты жандармыз. Демек, педагогтың кәсіптік деңгейін көтеру ясли-бақшаның әдістемелік жұмысының негізгі саласы болып саналады. Өйткені қазіргі балабақшаның алдындағы міндеттерді шешуде педагогтардың, сонымен бірге бірлестік жетекшісінің кәсіптік мәдениеті басты алғы шарты екені аян. Педагогтардың кәсіптік мәдениетін көтеру балабақшаның әдістемелік жұмысының жетекші саласын құрайды. Ал әдістемелік жұмыс дегеніміз - ол педагогикалық кадрлардың ғылыми-теориялық, жалпы мәдени, психологиялық-педагогикалық дайындығын көтеруге бағытталған жүйелі және ұжымдық жұмыс.

Әдістемелік жұмыс - балабақшадағы оқу-тәрбие жұмысын басқарудың негізгі саласы. Оған жоспарлау, ұйымдастыру, әдістемелік көмек көрсету, басшылық және бақылау жатады.

Бірлестік жетекшісінің міндеті:

- Өз қызметі бойынша есептер, кәсіптік жаңашылдық қызмет атқару.

- Педагогикалық және психологиялық деңгейін көтеру.

- Өз білімін көтеруге, шығармашылық жұмыс жасауға ынталандыру, бірлестік мүшелерін ақпараттық жағынан қамтамасыз ету.

- Авторлық бағдарламалар, курстар, құралдар жасауға ынталандару.

Мұндай міндеттер әрине, барлық педагогтар алдына қойылады. Дегенмен, табыстың кілті -әдістеме бірлестік жетекшісі тарапынан жұмыстарды жүйелі ұйымдастыру мен тәрбиешінің оны өзінің кәсіптік тұрақты қажеттілігіне айналдырып ,белсенділікпен жұмыс атқарып отыруына қатаң бақылау жасап отыру деп ойлаймын. Демек, бірлестік жетекшісінен жасанды қабілеттілік емес, нақты еңбектің міндеті атқарулы талап етіледі. Педагогикалық техналогияның басты сипатты да, міне осы.

Енді педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыруда ясли-бақшада атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталсам.

Оқу жылы бойы әдістемелік бірлестіктің төрт отырысы өткізіледі, оның ішінде семинар, іс-тәжірибе алмасу, шебер сыныптар өткізу.

2015-2016 оқу жылында тәрбиешілер қоршаған ортамен танысудан, экологиядан 2 ашық көріністер көрсетті. Тақырыбы: «», «».

Тәрбиенің адам өмірінде алатын орны ерекше. Тәрбие негізі қаншалықты сапалы болса, келешек кепілі де сондай болады, оның бір бағыты ретінде экологиялық білім саласын да назардан тыс қалдыруға болмайды. Себебі, экологиялық тәрбие - балының қоршаған ортасы, айналасы, болашағы. Жас ұрпақты тәрбиелеуде олардың жеке тұлғасының қалыптасуында өскен ортасы, табиғаттың әсемдігі, көгалдандырылуы - негізгі әлеуметтік факторлардың бірі. Демек, әсемдікке бала жастайынан үйренсе, оны ары қарай іске асыру көп қиындық тудырмайды.

Айналадағы өмір құбылысын таныту процесінде тәрбиешілер (Махбаева С.К., Танбаева И.Ж., Бочарова И.В.) әр түрлі тақырыпта әңгімелесу ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін өткізеді. Тәрбиешілер (Керімканова Л.Т., Жақынова Г.Т., Бұлақбаева Г.М., Шидерова Ж.Ү.) бала білуге тиіс заттар мен іс-әрекет жайында көрнекі түрде түсіндіреді.

Қоршаған ортамен танысу және экологиялық тәрбие жұмысын жүргізудің негізгі формалары серуен барысында - бақылау, ойын, еңбек әрекетінде қамтылады. Бақылау әдісімен тәрбиешілер (Жетписова Г.Т., Шулембаева К.Қ., Нысанбаева А.Т., Жумабекова А.О.) құбылмалы ауа-райын, жыл құстарының оралуын немесе қыстап қалатын құстардың қысқы тіршілігін, жапырақтардың сарғаюын, қардың жаууын, көктемде еруін, табиғаттағы маусымдық өзгерістерінің ерекшеліктеріне орай үлкендердің еңбек ету әрекетін т.б көріп білуге үйретуде.

Қазіргі уақытта мемлекеттік тілді үйрету мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі ең басты міндеттердің бірі екені анық. Жалпы қазақ халқы ұлт болып қалыптасқаннан бері екі нәрсеге мән берген. Оның бірі-тіл, екіншісі-әдет-ғұрып. Олай болса, сол құндылықтарды қалыптастыру балабақшадан басталмақ.

№7 «Ақ бота» ясли-бақшасында да осы мәселе алдыңғы қатарға қойылған. Сәбидің сөз қорын молайтып, сөйлеу тілін дамыту ісі балабақшада арнайы өтілетін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде, оқу іс-әрекетінен тыс ойын, серуен кезінде іске асады. Тіл үйрету жұмысында айналадағы қоғамдық өмір шындығын, табиғат тамашаларын бақылатып, баланың таным, сезім қабілетін жетілдіру басты рөл атқарады. Тәрбиешілер (Жумабекова А.О, Керімканова Л.Т, Махбаева С.К, Танбаева И.Ж., Жауынбаева М.С. ) балаларға әр заттың аты, сапасы, қажеттігі жайында түсіндіреді, баланы заттың атын сөзбен айтуға үйретеді.

Ой дамыту - тіл дамытумен ұштасады. Тіл дамытудың тиімді құралдарының бірі - жаңылтпаш, жұмбақ айтқызып, оның шешімін табу. Себебі бұлар баланың дүниетанымын, түсінігін, болжағыштығын, ұғымын кеңейтуде және тілін ұстартып, ойын дамытуда маңызды рөл атқарады. Бұл салада тәрбиешілер (Жетписова Г.Т, Шулембаева К.К, Шидерова Ж.Ү., Басанбаева Д.З.) баланың тілін шыңдай түсіп, асықпай, жатық еркін сөйлеуіне көмектеседі. Жаңылтпаштар балаға затты аңғаруға, ой-өрісін дамытуға игі әсерін тигізеді. Балаға жаңылтпаш үйретіп, оны айтқызу сөзді дұрыс сөйлеуге әдеттендіреді, кейбір тілі келмейтін дыбыстарды анық айтуға жаттығады. Жұмбақтарда аталған нәрсенің сипат белгілеріне қарап, балалар олардың шешімін табады. Балаларды тез ойлауға, шапшаң жауап беруге, алғырлыққа, тапқырлыққа үйретеді.

Тәрбиеші үнемі алға талпынып, жас ұрпақ тәрбиесіне белсенді араласуға, балалар арасында беделді болуға міндетті. Оның адамға, балаға деген сүйіспеншілігі мол, моральдық жағынан биік болуы, мамандығын жақсы көруі шарт.

Сөзімді қортындыласам, білім-әр адамның ақыл-ойы мен өмір танымын

қалыптастырушы тірек. Сондықтан қазіргі ясли-бақшадағы бірлестік жетекшісінің жұмысына белгілі бір нәтижеге жету үшін қойылатын бүгінгі заман талабы - өзіндік ой-тұжырымы бар, логикалық ойлау қабілеті дамыған, өз көзқарасы мен пікірін ашық айта алатын, ақпараттар ағымынан қажетін іріктеп ала білетін, қоғамдық ортаға икемді, өз жолын дұрыс таңдай алатын жас ұрпақ тәрбиелеудің, бірлестік мүшелерін ұйымдастырып, топтастыру.

Ясли-бақшадағы әдістемелік жұмыстарды жүйелі жүргізіп, жаңаша жоспарлау оқу-тәрбие үрдісінің сипаты мен педагогтардың шығармашылық деңгейлерінің артуына көп септігін тигізері сөзсіз.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал