7


  • Учителю
  • Тарбие сағаты «Табиғатты қорғау- перзенттік борышымыз»

Тарбие сағаты «Табиғатты қорғау- перзенттік борышымыз»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Тақырыбы: «Табиғатты қорғау- перзенттік борышымыз»



Мақсаты: Оқушылардың табиғат жайында түсініктерін кеңейту, табиғат әсемдігін көре білуге, оны аялап, қорғауға тәрбиелеу, экологиялық білімділік дағдысын дамыту.



Көрнекілігі: интерактивті тақта (слайдтар мен видео фильм,әсем әуен) постер, қима қағаздар, маркерлер, Қазақстанның табиғаты бейнеленген суреттер, ұпай жазылған сандар.



Түрі: топтық сайыс



Әдісі: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, жаңа әдіс тәсілдер, шығармашылық жұмыстар, эссе, бес жолды өлең,АКТ



Барысы:

І. Психологиялық дайындық. Шаттық шеңберіне тұрып табиғатқа сәлем беру. (әсем әуен ойналып тұрады, оқушылар қимылмен көрсетеді.)

Армысың, алтын күн! (күнге қарап бас иеді )

Көгілдір көк аспан! (аспанға қолдарын жаяды)

Бармысың құстарым! (құстарға қол бұлғайды)

Қанатты достарым! (құсша қанат қағады)

Суларым таза ма? (оң қолын оң жаққа созады)

Талдарым аман ба? (сол қолын сол жаққа созады)

Бас ием тауларға (бастарын иеді)

Жамылған қарларға (қолдарын жоғары созады)

Жайқалған даланы (қолдарын жан-жанқа созады)

Табиғат ананы (алақандарын жоғары қаратып қолдарын алдына созады)

Көруге сағынып (қолдарын жүрек тұсына қояды)

Келген біз балаңыз. (бастарын иеді)



Мұғалім:

Қайырлы күн балалар! Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Табиғатты қорғау- перзенттік борышымыз» деп аталады. Біз бүгін, сендермен бірге табиғат жайлы түсінігімізді кеңейтіміз, табиғатты сүюді, қорғауды үйренеміз.

Табиғат адам үшін жаралыпты,

Бар қызық табиғаттан таралыпты.

Адам мен табиғат егіз.

Табиғат - асыраушың, қамқоршы.



ІІ. Топқа бөлу. Қима қағаздар: ауа,су, өсімдік.

1 топ: Тіршілік атаулының бар арманы - .....

2 топ: Тіршілік көзі - .....

3 топ: Табиғат байлығы - ......



ІІІ. Қызығушылықты ояту. «Қазақстанның табиғаты керемет!» (https://www.youtube.com/watch?v=zYVYxzKE4gc) видео фильмін тамшалау. Осы видео фильм туралы тапсыралар беру.

І топ: «Табиғат деген не?» постермен жұмыс.

ІІ топ: «Қазақстан табиғаты керемет!» эссе жазу.

ІІІ топ: Табиғатқа байланысты мақал-мәтелдер айту.

Әр топ өз жұмыстарын бірлесе отырып орындайды, қорғайды.

Топтар бір-бірін 3,4,5 ұпаймен бағалайды.

Мұғалім:

Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік,

Бір-бір ағаш және гүл егейік.

Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,

Таза ауа үшін терімізді төгейік.



ІV. Мағынаны тану.

І топ: Таза ауа, мөлдір су, жайқалған өсімдіктің адам өміріндегі пайдасы жайында мәліметтер дайындау, әңгімелеу.

ІІ топ: «Эколкогия және Қазақстан » (https://www.youtube.com/watch?v=m8U8d3bJIFU</) видеоны ноутбуктан тамашалайды. Ауа мен судың ластануына себепкер жағдайларды анықтау, зерттеу, зияндылығын дәлелдеу.

ІІІ топ: «Табиғатты қорғау- перзенттік борышымыз» жобасын құру. Топ мүшелері ауа, су, өсімдіктерді қорғаудың жолдарын жобаға түсіріп, қорғайды.

Топтар бір-бірін 3,4,5 ұпаймен бағалайды.



Мұғалім:

Қадір тұтып табиғат қасиетін,

Әділдіктің алдында бас иетін.

"Мал қалғанша атаңнан, тал қалсын" деп

Бабам айтқан орынды өсиетін.



V. Ой толғаныс. Шығарашылық жұмыс.

І топ: Жағдаятты шешу.

Сен бақ ішінде келе жатырсың, екі бала жас шыбықты сындырып жатыр екен. Сенің әрекетің? Топ өз жауаптарын айтады. Қалған топтардың да жауаптарын біледі.



ІІ топ: «Жас табиғат қорғаушысы және әдепсіз бала» атты көрнісін қояды.



Қолындағы таусылғалы тұрған шоколадты жеп, айналасын бақылап тұрған бала ұшып бара жатқан құсты көріп, қолындағы шоколад қағазын тастай салады.

Әдепсіз бала:О, қазір мен саған көрсетейін!-деп көздеп тұрып, құсты рогаткамен атып қалады. Тас құсқа тимейді, санын бір соғып, «қап сені ме, енді қолыма түссең оңдырмаспын» деп бұрыла бере жайқалып тұрған ағашты көреді. Жүгіріп ағаштың саясына барып, нағыз рогаткіге арналған бұтақ екен деп ағаштың бір бұтағын сындыруды ойлайды. Оның лақтырып кеткен

қоқысын табиғаттың жас қорғаушысы жинайды.

Жас табиғат қорғаушы:-Қоқыс тастап неге даланы ластайды екен?-деп келе жатқан табиғаттың жас қорғаушысы ағаштың астындағы бұтақ сындырып тұрған баланы көріп, асыға, айқайлайды.

-Тоқта, не істемексің?-деп бала жанына келеді.Қаперінде еш нәрсе жоқ.

Әдепсіз бала:Рогатка жасаймын да құс біткенді қырамын, қаласаң саған да жасайық екеуміз бірге қызыққа батамыз,-дейді.

Табиғаттың жас қорғаушысы:Қайдағы қызық, қайдағы рогатка, сен ағашты сындыруға болмайтынын білмеп пе едің? Олар бізге таза ауа береді, қыста отын, жазда ыстықтасаң саясында көлеңкелейсің, ал құстар біздің достарымыз, олар шыбын-шіркейлерді қорек етіп, олардың көбейіп кетпеуін қамтамасыз етеді.

Әдепсіз бала:Сен осы кімсің, неге маған мұның барлығын айтып тұрсың?

Табиғаттың жас қорғаушысы: Біз табиғаттың жас қорғаушыларымыз, көктемде жас ағаштар отырғызамыз, оларды үнемі суарып тұрамыз, аулаларды тазартамыз, ал күзде бізде қыстайтын құстарға ұя жасап іліп, оларға жем шашамыз, қысқасы, біз-табиғаттың жас қорғаушыларымыз.

Әдепсіз бала: Кешіріңіз, мен енді мұндай жаман қылық жасамаймын, табиғаттың біздің досымыз екенін білмеппін.

Табиғаттың жас қорғаушысы: Біздің жас табиғат қорғаушылар қатарына қосыласың ба?

Әдепсіз бала:Иә!Иә!

Қалтасынан «Жас табиғат қорғаушылар белгісін» шығарып, оны қатарға қосылған жас табиғат қорғаушысының кеудесіне тағады.

Табиғаттың жас қорғаушысы: Енді сен біздің қатарымызға қосылдың, құттықтаймын! Ана ағашты қара, шөлдеп қалыпты, жүр суарайық.

Топтар осы көрністен қандай қорытынды шығарғандарын айтады.



ІІІ топ: Бес жолды өлең құрастыру. Табиғат, ауа, су, өсімдік тақырыптарына байланысты.

Топтар бір-бірін 3,4,5 ұпаймен бағалайды.



Мұғалім:

Атамекен жанға жайлы сая бау,

Ар алдында күнә болар табиғатты аямау.

Қанымызға сіңген екен сүтімен ананың

Туған жердің табиғатын аялау.



VІ. Қорытынды. «Жүректен жүрекке» тақтада ілініп тұрған күннің сәулесіне табиғатқа тілектерін жазып апарып іледі. Топтар ұпайларын санап, жеңген топ марапатталады.

Осымен бүгінгі «Табиғатты қорғау- перзенттік борышымыз» атты топтық сайысымыз да өз мәресіне жетті. Табиғатты қорғау әр азаматтың парызы екенін естен шығармайық.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал