- Учителю
- Ашық сабақ Уақытты бағдарлау
Ашық сабақ Уақытты бағдарлау
Білімдік сала: «Таным»
Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.
Тақырыбы: Уақытты бағдарлау. Жыл мезгілі. Бір жылда 12 ай.
Мақсаты: жыл мезгілі, жыл аттары атауларымен таныстыру; жыл мезгілдерін ажырата білуге үйрету.Іс-әрекет кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
</<font face="Calibri, serif">Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Қуыршақты жыл мезгіліне сәйкес киіндіруді ұсынады.
- Далада күн суық болғанда қалай киіну керек? Ал ыстық кезде ше?
- Қуыршаққа ат қойып , киім таңдауына көмектесейік.
Жағдайға байланысты қызығушылықтары пайда болады.
Ұйымдастырушылық-
ізденістік
Тақтаға баланың суреті ілінеді. (21- кесте).
Балаға жыл мезгіліне қарай киім таңдау керек. Төменде жыл мезгілінің 4 суреті беріледі. Педагог жыл мезгілі туралы өлеңдер оқиды.
Содан соң карточкалардың бірін (мысалы, жаз) алады. Жыл мезгіліне сәйкес киімдер таңдалады. Балалар шығып, баланы «киіндіреді». Содан соң педагог жыл мезгілдерін ретімен атауды сұрайды. Ары қарай әр мезгілде 3 ай бар екенін айтады. Ай атауларын хормен айтқызады. Әр жыл мезгілінің айлары туралы өлеңдер оқып беруге болады. Жыл мезгілдеріне сәйкес адамдардың еңбегі туралы әңгіме жүргізіледі. «Қыста қар тазалайды. Көктемде жер жыртып, егін егеді. Жазда егісті күтеді, демалады. Күзде егінді жинайды» .
Жаңа тақырыпты бекіту үшін №1 тапсырманы орындау ұсынылады.
Жыл мезгілдері туралы суреттерді қарастырады. Жыл мезгілдерінің белгілерін, айырмашылықтарын табады. Өлендер мен жұмбақтарды тыңдайды.
Қағаздан жасалған қуыршақ қызды жыл мезгіліне сәйкес «киіндіреді». Жыл айларының атауын айтып үйренеді.
№ 1 тапсырманы суреттердің осындай тәртібін неге таңдағандарын түсіндіре отырып орындайды.
Жыл мезгілдерінің және ай аттарының ретін қайталайды.
Рефлексиялық-түзетушілік
№2 тапсырма бойынша қолшатырды қай кезде, қандай мезгілдерде ұстайтынын айтады. Содан соң ең үлкен қолшатырды ең кіші қолшатырмен сызық арқылы қосады.
№3 тапсырма 9-ға дейін санау дағдыларын және геометриялық фигуралар туралы білімдерін бекітуге арналған.
Сабақ соңында мезгілдері мен ай аттарын көрнекі құралдарға сүйене отырып тағы қайталау керек. Балалар өз беттерінше жауап беруіне болады. Мұндай жауаптарды атап, мадақтау керек. Ал ай аттарын әлі білмейтін балалар хормен қайталайды.
Жыл мезгілдері мен ай аттарын қайталайды. Сөздерді хормен айтады. Сабақты қорытындылайды.
№ 2, 3 тапсырмалармен жұмыс істейді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: жыл мезгілдері мен ай аттарын, жыл мезгілінің белгілерін;
Игереді: әр жыл мезгіліндегі киім және адамдар еңбегі туралы түсінікті;
Меңгереді: жыл мезгілдері мен ай аттарының ретін қоя білу, жыл мезгілінің белгілерін түсіндіре білуді.