7


  • Учителю
  • Ағаштар бүршік атты тақырыбындағы ойын сабақ

Ағаштар бүршік атты тақырыбындағы ойын сабақ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ойын терапиясы





Сабақтың тақырыбы: Ағаштар бүршік аттыАғаштар бүршік атты тақырыбындағы ойын сабақ



Сабақтың мақсаты:



Білімділігі: Көктем мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру.

Табиғаттағы көтемгі өзгерістері, адамдардың пайдалы іс-әрекеттері туралы

әңгімелеу.

Коррекциялығы: Баланың ойлау қабілетін дамыту.Зейінін шоғырландыру.Сөздік қорын дамыта отырып,өз ойын еркін жеткізуге үйрету.

Тәрбиелігі:Табиғатты сүюге, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу

Көрнекілік: Көктем мезгілі туралы суреттер және үлестірмелі суреттер

Әдіс-тәсілдер: салыстыра сөйлету, әңгімелесу, түсіндіру.



Сабақ барысы:

І. Ой шақыру



Ақ қар еріп, су көбейіп,

Сай-салаға толады.

Ағаш басы бүршік шашып,

Гүл, бәйшешек толады.

Бөбектерім, айтыңдаршы.

Бұл қай кезде болады? - деп ойлайсыңдар.

- Неге көктем мезгілі деп ойлаймыз?

- Көктемде жерде қар ериді, ағаштар бүршік атады.

- Көктем мезгілінде неше ай бар?

- Көктем мезгілінде үш ай бар: наурыз, сәуір, мамыр.

- Көктем мезгілі қай айдан басталады?

- Көктем мезгілінің қыс мезгілінен қандай ерекшелігі бар?

- Күн жылына бастайды. Ағаштар бүршік жарады.Құстар ұшып келеді т.б.



ІІ. Суретпен жұмыс. Сурет бойынша әңгіме құрастыру

- Мына суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?

- Суреттегі балаларға ат қояйық.

- Асқар немен ойнап жүр?

- Асқар үстінде қандай киімдер киіпті?

- Көктемде жердің түсі қандай болады екен?

- Суретте тағы нені байқадыңдар?

- Ағаштарда қандай өзгерістер бар?

- Қыста ағаштардың бұтақтарының түстері қандай еді?

- Ал көктемде қандай өзгерістер болды?

- Ағаштардың бүршіктерінің түстері қандай болады?



ІІІ. «Жақсы-жаман» ойыны



Мақсаты: жаман әдеттен аулақ болуға, көргенін ажыратып, әңгімелей білуге

үйрету.

Ойын барысы:



1. Ағаштың бұтағын сындыру - жаман.

2. Ағаштағы құстың ұясын бұзу - жаман.

3. Құстарға ұя жасау - жақсы.

4. Гүлдерге су құю - жақсы.

5. Ағаш бұтағындағы құсты рогаткамен ату - жаман.

6. Далада өсіп тұрған гүлдерді жұлып, бүлдіру - жаман.



ІV. Сабақты қорытындылау.

Біз не білдік?



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал