- Учителю
- Тәрбие сағаты Айырмашылықтар әлемі
Тәрбие сағаты Айырмашылықтар әлемі
Тәрбие сағатының тақырыбы: Айырмашылықтар әлемі
Мақсаты: Оқушыларға «Айырмашылықтар әлемі» тақырыбының мазмұнын ашып, өзіндік тұлға, ерекшелік, ұлтаралық айырмашылық, толеранттылық, нәсілдік ерекшелік сөздерінің мағынасын түсіндіріп, өзін-өзі тәрбиелеуге ықпал жасау.
Көрнекілік: плакат, тақырыптық суреттер.
Әдісі: пікірталас, ойын, әңгіме, сұрақ-жауап.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
А) психологиялық дайындық.
Әр атқан таңымыз,
Қуанышқа толы болсын.
Біз бүлдіршін баламыз,
Мұғалім тілін аламыз.
Жақсы ұғып сабақты,
Кілең бестік аламыз.
Ә) түгендеу.
Б) сабаққа әзірлікті тексеру.
ІІ Негізгі бөлім:
А) Сиқырлы қорапша (ойыны)
Қораптан суреттерді алып оған тән белгілерді атап шығу.
Мыс: Алма, гүл, доп, құс, жануар, адам.
- Заттардың арасында айырмашылық болады екен байқадыңдар ма?
- Ал адамдар арасында айырмашылық бар ма?
(ия, адамдар 3 топтық нәсілге, және ұлттарға бөлінеді. Әр ұлттың өзіне тән ерекшелігі, мейрамдары болады.)
-Қазақтың қандай мейрамдарын білесіңдер?
-Басқа ұлттар мейрамдарын көрдіңдер ме?
Ә) Ситуациялық тапсырмалар.
1-ситуациялық жағдай.
Мен қалада тұрамын.Демалыс күні үйде сабаққа дайындалып отыр едім,
есіктің қоңырауы соғылды. Есікті ашсам бір топ бала (ұлты орыс )
Пасха мейрамымен құттықтай келгендіктерін айтты. Бұл мейрамдағы
басты салттың бірі құттықтай келген адамдарға дәм ауыз тигізу
еді.
Мысалы әр түске боялған жұмыртқа, тәтті тоқаш т.б.
Бұдан кейінгі менің әрекетім:
• Бұл мейрамды қазақтар арасында тойламайтындығын сыпайы түрде
айтып шығарып салар едім.
• Ашуланып, үйден қуып шығар едім.
• Тәтті тағамдар ұсынып, мейрамдарымен құттықтар едім.
Сендер менің орнымда болсаңдар тағы басқа қандай іс-әрекетке барар
едіңдер?
2-ситуациялық жағдай.
«Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» дегендей, әлем елдерінде
сәлемдесу рәсімдері әр түрлі. Кейбір елдер әдеттегі қол алысумен
қатар, үлкен сәлемдесу салтанатын өткізеді. Қазақ халқында тіл
шығару әдепсіздік болып танылса, кейбір жерде тілін шығарған жан
жазаға тартылады. Тіл шығару тибет халқына жат емес, себебі, олар
бір-бірін көргенде, тілдерін шығарады. Бұл рәсім 9-ғасырда бастау
алған. Сол замандағы Тибет елінің көсемі Ландарманың тілі қара
болған деседі. Тибет халқы өзгелерге өздерінің жауыз емес екендерін
көрсету мақсатында, бір-бірін көрген кезде тілдерін шығара
бастайды. Бұл дәстүр өз жалғасын әлі күнге дейін табуда.
Сен Тибет еліне саяхатқа бардың. Мұндай сәлемдесу рәсіміне қандай
жауап қайтарар едің?
Мұғалім сөзі:
-
Толеранттылық-жеке қасиет.
-
Толерантты адам өзіне ұқсамайтын адамға өзі сияқты қарайтын адам.
-
Толерантты адам басқа біреудің қуанышы мен қайғысын бірге бөлісуге, оны түсіне білетін адам.
-
Абсолютті толерантты әлде толерантсыз адам болмайды.
Қорытынды.«Толеранттылық ағашын» жасау. Оқушыларға А4 қағазын үйлестіріп өз ойларын бейнелеп ағашты түсінгендері бойынша безендіреді. «Курчатов қаласының №2 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
Сынып сағатының тақырыбы:
Айырмашылықтар әлемі
</
Бастауыш сынып мұғалімі: Тлекова Г.Т.
Курчатов қаласы
2016-2017 оқу жылы