- Учителю
- Тәрбие сағатының сабақ жоспары « Жасөспірім және қылмыс»
Тәрбие сағатының сабақ жоспары « Жасөспірім және қылмыс»
Тақырыбы: « Жасөспірім және қылмыс»
Мақсаты : Құқықтық тәрбиенің өмірілік қажеттілігін оқушыларға
түсіндіру. Құқықтық тәрбиенің, жігердің қоғамда маңызы зор
екендігін түсіндіріп құқықтық сауатқа тәрбиелеу, өз ойларын еркін
айтуға үйрету.
Көрнекілік : Интербелсенді тақтаның көмегімен дайындалған слайдтар,
қанатты сөздер, мақал- мәтелдер, тірек сызбалары.
Тәрбиелік шараның жүрісі:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Халық даналығы.Мақал-мәтелдер мағынасын ашу.
ІІІ. Сұрақ-жауап.Пікірталас.
IV. Ойлан тап.
V. Жағдаяттарды талқылау
VI. бөлім.Полиция бөлімінің жасөспірімдер ісі жөніндегі аға инспекторге сөз беру.
ҮІ. Кезекті тренингке берейік.
VІІ.Қорытынды.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Мұғалім сөзі: Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп
қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды,
яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген.
Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған.
Дегенмен де, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да
аз болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады.
Құқық бұзушылық - қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген
ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл шартты құбылыс. Құқық
бұзушылық - заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген
міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың
іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады.
Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен,
мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Заң бұзушылық адамның
мінез-құлқы арқылы байқалады. Адамның ой-желісі заңмен реттелмейді.
Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің
қатынасуынсыз жасалмайды. Олар ойдың елегінен өтіп, бақылауында
болады. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында
жүзеге асырылады. Демек, заңды бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға
зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе
әрекетсіздік болып табылады. - Әрекет - бұл құқық нормаларының
іс-қимыл жасай отырып жүзеге асуы, ал әрекетсіздік құқық
нормаларының талаптарын ешқандай іс-қимыл орындалмаса да бұзу
арқылы орын алады.
ІІ. Мақал-мәтелдер. (Тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер айтып,
мағынасын ашу)
1.«Ісін өндіре алмаған қырсыз бала ,қырсығын әкесінен іздейді.»
2. «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің.»
3. «Балаңды беске дейін ештеңеден тыйма, бестен он үшке дейін
құлыңдай қина, он үштен ары сырласыңдай сыйла.»
4. «Жақсы бала сүйініш , жаман бала күйініш.»
5. «Атаңа не қылсаң алдыңа сол келер
6 Біреуге ор қазба, өзің түсесің.
7. Заңның құрығы, бәрінен ұзын.
8. Ұрлық түбі, қорлық.
9. Өтірікшінің құрығы, бір - ақ тұтам.
10. Тура биде, туған жоқ.
11. Туғанды биде, иман жоқ.
12. Қолыңмен істегенді, мойныңмен көтер.
13. Тек жүрсең, тоқ жүресің.
14. Заңды сыйлаған, еркін жүреді.
ІІІ. Сұрақ-жауап. (Мұғалім оқушыларға слайд тапсырмалары бойынша
сұрақ қояды, оқушылар жауап береді. Мұғалім толықтырады)
1.Жеке адамның құқығы дегеніміз не?
Адамның мүддесін қанағаттандыруға бағытталған заң арқылы қорғалған
тәртіптік шара.
2. Құқықтың қандай түрлерін білесіңдер?
- Жеке (азаматтық)
- Саяси
- Экономикалық
- Әлеуметтік
- Мәдени т.б.
3. Адам құқығы қай уақыттан пайда болады?
Туылғаннан беріледі
4. Оларды орындау үшін не қажет?
Міндеттерін орындау
5. Адамның негізгі құқығы?
Өз құқықтарын пайдалану құқығы
6. Құқық қашан және қайда пайда болды?
Азаматтарға құқық керек кезде, ол пайда болады.
7. Бізге құқықпен бірге бостандық беріледі. Бостандық - деген
не?
Бостандық - бұл таңдау
8. Бостандықты не шектейді?
Бостандық және өз қалауымен орындамалық - бұлар бірдей ме?
-Бостандықты шектеу әр адамның саналығында
ІV. Ойлан тап. (Интербелсенді тақтаның көмегімен дұрыс жауабын
табу.)
1. Құқық -----------------------------------------А - Еліміздің
негізгі заңы.
2. Конституция ---------------------------------Б - Мемлекет
басшысы
3. Мемлекет ------------------------------------В - Негізгі саяси
қоғамдық ұйым
4. Азамат -----------------------------------------Г -
Тәуелсіздік
5. Құқық бұзушылық -------------------------Д - Заңдар жүйесі
6. Президент ------------------------------------Е - Заң шығарушы
орган
7. Парламент ------------------------------------Ж - Заң жүйесін
бұзу
8. Егемендік --------------------------------------З - Құқығы бар
ел тұрғыны
Дұрыс жауабы:
1-Д, 2-А, 3-В, 4-З, 5-Ж, 6-Б, 7-Е, 8-Г
ҮІ.Жағдаят №1 Нұрлан 5-сыныпта оқиды. Нұрланның білім алуға талабы жақсы. Оқыса, жақсы оқитын оқушылар қатарынан орын аларлық қабілеті бар. Бірақ ата-анасының тәрбиесі баланы дұрыс жолдан тайындырды. Баланы сабақтан себепсіз жиі қалдырады, тіпті кейде апталап қалдыратын кездері де болды. Мектепте, сыныпта ата-аналарға байланысты өтетін жиындарға мүлдем келмейді.
Сынып жетекшісі осы жағдайға байланысты Нұрланның үйіне барып, ата-анамен бірнеше рет әңгіме жүргізгенімен еш нәтиже шықпайды. Ата-анасы құр уәде беріп, шығарып салады. Бір жетіден соң жағдай қайталанады. Білім алу баланың басты міндеті екенін біле тұра, соны орындамауда ата-анасы салғырттық танытты.
Сұрақтары:
-
Нұрланның ата-анасының қылығын қалай бағалайсыздар?
-
Сынып жетекшісінің орнында не істер едіңіз?
-
Ата-ананың бала алдындағы міндеті қандай?
-
Осы жағдайға байланысты қандай шара қолдану керек деп ойлайсыз?
Жағдаят №2 Компьютер ойнауға ақша таба алмай отырған Ерлан мен Марат біраз ақылдасты. Ерланның есіне асханадағы ақша майдалатқан Қайрат есіне түсті. Сол Қайратты қорқытып, ақшасын тартып ал керектігін Маратқа айтты. Сол мезетте келе жатқан Қайратты Марат алдап шақырды. Ойында ештене жоқ Қайратты Ерлан артынан келіп бас салып, ақша тауып беруін талап етті. Алғашқыда ойын екен деп ойлаған ол, ақшасының жоқ екенін айтса да, соңынан бұл істің қалжың емес екенін ұғып, қалтасындағы бар ақшасын бере салды. Аман-есен құтылғанына қуанған ол анасына айтатындығын ескертті. Ерлан мен Марат егер бұл істі біреуге айтса, онда жақсылық болмайтынын Қайратқа жақсылап ұғындырды.
Сұрақтары:
-
Ерлан мен Марат қандай қылмыс жасады?
-
Ерлан мен Мараттың қылмыс жасауына не себеп болды?
-
Осы көріністе баланың қандай құқығы шектелді?
-
Сіз ата-ана ретінде қандай пікірлер ұсынасыз?
ҮІІ. Кезекті тренингке берейік.
-
«Ыстық алақан»
Нұсқау: Біреуіміз ана немесе әке екіншіміз бала боламыз.Алақандарымызды бір - біріне түйістіреміз.Нені сезінетінімізді,еркелету фразаларын жағымды сөздер арқылы жеткіземіз.
-
Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру.
- иә десеңіздер - қолдарыңызды шапалақтаңыз;
- жоқ десеңіздер - аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар.
1) Газет бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламалардан тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап, қарап жүресіз бе?
2) Баланы тәрбиелеуге не нәрсе ықпал жасайды?
- егер жанұя десеңіздер жымиып, айналамыз
- егер қоршаған орта, қоғам десеңіздер қолды алдымызға соғамыз.
3) Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?
- егер «әке» десеңіздер, қолды алдымызға соғамыз.
- егер «ана» десеңіздер, жымиыңыз.
- егер «екеуі» десеңіздер, қолдарыңызды жоғары көтеріп шапалақтаңыз
VІІІ.Қорытынды
Құқықтық тәрбие мен құқықтық жігерлі сана алдымен отбасынан
басталады. Бүгінгі қоғамды дамыту үшін әрқайсысымыз құқықтық заңға
құрметпен қарап, өз бойымызда құқықтық сана мен жігерді шыңдауымыз
керектігін өмір көрсетіп отыр. Аталған қылмыс түрлерін болдырмау,
оның алдын алу үшін құқықтық насихатты күшейтіп, құқықтық тәрбиені
одан әрі жетілдіру қажет
</<br>
Талдысай орта мектебі
Тақырыбы: «Жасөспірім және қылмыс»
Дайындаған:Шукимбаева Б.А.
2014-2015 оқу жылы