- Учителю
- Балабақшаның басты міндеті-ұлттық тәрбие беруде
Балабақшаның басты міндеті-ұлттық тәрбие беруде
№10 «Алтын бала» балабақшасы
Тәрбиеші: Гүлстан Махаббатқызы
Балабақшаның басты міндеті-ұлттық тәрбие беруде
Ұлттық тәрбие беру - ұрпақ санасына ғасырдан-ғасыр жалғасып келе жатқан, өз ұлтымыздың жауһарларын сіңіру болып табылады. Біздің дана халқымыз қай кездеңде де ұрпақ тәрбиесіне ұлт болашағы деп қарап, үлкен көңіл бөлген. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында «толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн» деп бүгінгі жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар аясында, қазақ халқының рухани-мәдени сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу басты мақсатымыз екенін көрсеткен. Жаһандану үрдісіне еркін енген осы заманда тек ұлттық тәрбие алған ұрпақ қана дені сау, білімді, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы, кішіпейіл болып өсетінін түсінетін уақыт әлде қашан жетті. Сондықтан мына біз, әсіресе ұстаздар қауымы ұлттық тәрбие - ел болашағы деп қарауымыз керек.«Тәрбие - тал бесіктен басталады» деген дана халқымыз.демек, баланың қоғамға өзіндік пайдасын тигізер тұлға болып дамып жетілуіне бірден-бір ықпал ететін орын - балабақша. Тек қана отбасындағы тәрбие баланың жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптасуына аздық етеді. Біздің халқымыздың атадан балаға мирас болып қалған құралдары сан алуан. Солардың ішінде балалардың жасына сай қажеттілігіне жауап бере алатын бірден -бір тәрбие құралы - ұлттық ойындар. Ойын - тіршіліктің нысаны, еңбекке бейімделудің белгісі, дене шынықтыру мен сергудің құралы. Қазақ халқы баланы әрдайым «ойын баласы» деп, жас баланың ойнауына мүмкіндік туғызып отырған. Қазақтың «Ақсерек-көксерек», «Орамал тастамақ», «Ақсүйек», «Арқан тартыс» сияқты ұлттық ойындары қайрат пен жігерді, байқампаздық пен сезімталдықты дамытса, «Тоғызқұмалақ» ойыны ойлау қабілетін арттырады. Олай болса, біз балабақша табалдырығын аттаған әрбір бүлдіршінді ұлттық тәрбие дәстүрлерімен сусындатып, үлкен адамды құрметтей біл, инабатты болу - парыз, иманды болу - борыш екендігін санасына сіңіруіміз қажет.