7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары Ерлігі елге үлгілі

Сабақ жоспары Ерлігі елге үлгілі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</ ӨҚӘ «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-гимназиясы»КММ























Ашық тәрбие сағаты





Тақырыбы:



«Ерлігі елге өнеге,ұстаз- батыр»





Сынып: 6 «Б»

Сынып жетекшісі: Жақсыбаева М.С.

Уақыты: 30.09.2015ж.



















Өскемен,2015ж.





Ерлігі елге өнеге,ұстаз- батыр

Сабақатың мақсаты: Ұлы Отан соғысы ардагері, Халық ұстазы болған, аңыз тұлға Қ.Нұрғалиев туралы білімдерін толықтырып, дамыту, оқушыларды Отан сүйгіштікке,елін жерін сүюге, қорғауға тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Слайд презентация, бейне ролик, фото суреттер,

Технология: Сын тұрғысынан ойлау мен жазу

Әдіс-тәсілдері: баяндау, дәріс, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі;

ІІ. Кіріспе

ІІІ. Негізгі бөлім

ІV.Оқушылар шығармашылығы

V.Қорытынды

Мұғалім:

Бейне баян арқылы Қ.Нұрғалиев туралы мәлімет беру

Нұрғалиев Құмаш Нұрғалиұлы (1925 - 1988) - педагог, КСРО Халық мұғалімі (1981), 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Алғаш Қатонқарағайдағы Сұлтанмахмұт Торайғыров ұстаздық еткен Шыңғыстай мектебінде білім алған. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетiнiң тарих факультетін бітірген (1955). 1946 -1957 ж. мұғалім, Марқакөл ауданындағы Сорвенка ұжымдық мектебінің директоры, ал 1957 жылдан өмірінің соңына дейін Боран орта мектебінің директоры қызметін атқарды. Құмаш Нұрғалиұлы - Жауынгерлік Қызыл Ту, Ұлы Отан соғысының I дәрежелі ордені, 5 медальмен, Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған, сонымен қатар «КазКСР-ның еңбегі сіңген мұғалімі», «ҚазКСР-нің халық ағарту ісінің үздігі», «КСРО ағарту ісінің үздігі», «КСРО Халық Мұғалімі» атақтары мен КСРО Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарына ие болды. Өзі негізін салып, білім берудегі озық технологиямен жабдықталған бірден-бір білім ордасы ретінде атағын күллі Кеңестер Одағы көлемінде мәшһүр болған Боран ауылындағы орта мектепке Нұрғалиев Құмаш есімі берілген (1992 22 ақпан). Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілігінің шешімімен 1995 жылдан Өскемен қаласындағы №43 мектепке Халық Мұғалімі Құмаш Нұрғалиевтің есімі берілді. Қазірде Өскемен қаласында Құмаш Нұрғалиев атынлағы кәсіптік колледж бүгінгі еңбек қоғамына қажетті білімді мамандар даярлауда қарымды еңбек етуде.

  1. Топпен жұмыс



1-ТОП

ӨМІРБАЯН

Қ. Нұрғалиев 1925 жылдың 29-шы қазанында Шығыс Қазақстан облысы бұрынғы Марқакөл, қазіргі Күршім ауданындағы Бұғымүйіз қыстауында дүниеге келді. Ол найманнан тарайды. Катон-Қарағай ауданындағы С. Торайғыров атындағы Шыңғыстай орта мектебінде білім алған.

1940 жылы ЛКЖО, яғни комсомол қатарына қабылданып, Іле (Үшінші бесжылдық) ұжымшар комсомол ұйымының жетекшісі етіп сайланды. Құмаш Нұрғалиев 1943 жылы 26 мамырда өз еркімен Бұғымүйіз ауылынан әскер қатарына шақырылып, 1943 жылдың 1-маусымында майданға аттанды. Кеңес Одағының батыры А. Матросов атындағы атқыштар полкінде Отан қорғады. 1944 жылдың күзінде Риганы азат етудегі Ауце қалашығы үшін болған шайқаста Қ. Нұрғалиев ауыр жараланды. Ерен шыдамдылығымен, қайтпас қайсарлығымен өлімді жеңуге берік бел байлап, 12 күрделі оталарға төтеп берді. Ол госпитальда болған уақытта 9-10 сыныптар бағдарламаларын толық өтіп, экстернат түрінде емтихандар тапсырып аяқтады. 1945 жылдың 22-тамызынан 18-желтоқсанына дейін коммуналдық кәсіпорындар бухгалтері курсында үздік оқып, куәлік алды. 1946 жылдың қоңыр күзінде протезбен екі балдаққа сүйеніп туған еліне оралды.



2-ТОП

ҰСТАЗДЫҚ ҚЫЗМЕТ ЖОЛЫ

Туған жерге оралған ол әлемдегі ең құрметті де жауапты мамандық-ұстаздық жолына түсті. 1946 жылғы қыркүйекте Сармөңке жеті жылдық мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып тағайындалды. 1948 жылы шілде айында Сармөңке мектебіне оқу ісінің меңгерушісі етіп тағайындады. 1949 жылы 6-қыркүйекте Сармөңкеге мектеп директоры болып тағайындалды. ХХ ғасырдың 40-жылдарының сонында ҚазПИ-дің тарих факультетіне түскен ол, 1950 жылдан бастап тарих пәнінен сабақ бере бастады.1948 жылы партия қатарына өткен Құмаш Нұрғалиев «Пограничник» ұжымшарының бастауыш пария ұйымы хатшысының орынбасары, одан кейін бірден хатшысы болып тағайындалады. 1955-1957 жж Теректі ауылындағы орта мектептің оқу ісінің меңгерушісі. Ол 1957 жылы 3-ші тамызда халыққа білім беру бөлімінің № 145 бұйрығы бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы Марқакөлдегі Боран кеңшарындағы орта мектепке директор және тарихшы мұғалім ретінде жіберілді, кейіннен өзінің саналы ғұмырын өмірінің соңғы минуттарына дейін осы мектепке бағыштайды.Осы жылдары оқу-тәрбие жұмысында қол жеткен зор табыстарын ескере отырып, Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің қаулысымен 18-мамыр 1965 жылы № 379 бұйрығы бойынша, мектепке В.И. Ленин аты берілді. 1972 жылы бұрынғы мектептің қатарында сәулетті зәулім мектеп үйі тұрғызылды. Енді бұл мектеп өз заманына сай мектеп - жалпы ауданы 8 000 шаршы метр, 960 орындық кешенге айналды. «Біздің мектеп - үлкен мектеп. Мыңға жуық оқушысы бар. Мектеп өзінің территориясы жағынан Ватикан мемлекетінің территориясынан қомақтырақ», - деп мектебін мақтан тұтатын Қ. Нұрғалиев.

«Менің ауылдық балаларымның қалалықтар сияқты техникалық негізде оқуға құқы бар», - деген Қ. Нұрғалиев. Әрбір пән кабинетіне телефон және дыбыстық аппараттар орнатылды. 1983 жылы 1-қыркүйекте теледидарлық орталық пайдалануға берілді, 1988 жылы мамыр айында Құмаш Нұрғалиұлы біздің өлкеде тұңғыш рет мектепке «Ямаха» компьютер сыныптарын жеткізу мәселесімен шұғылданды. Алыстағы ауылда, Шығыс Қазақстан облысындағы Марқакөл ауданының Боран ауылында, облыс орталығынан 500 шақырымдай қашықтағы елді мекенде, елдің шығыстағы шекарасында Қ. Нұрғалиев ауыл мектебінің авторлық үлгісін құрды.



3-ТОП

КӘСІБИ МҰРАСЫ

1975 жылы мектеп КСРО Бүкілодақтық Ауыл шаруашылық көрмесіне қатысып II-орын алды, ал 1980 жылы Қазақ КСР Ауыл шаруашылығының қола медаліне және III-орынға ие болды. Құмаш Нұрғалиұлы Әскери Қызыл Ту, Отан соғысының бірінші дәрежелі орденімен, Еңбек Қызыл Ту, Ленин ордендерімен, бес медальмен марапатталды, «Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі», «КСРО ағарту ісінің үздігі» белгілеріне, 1965 жылы фашистік германияны жеңудің 20 жылдығы құрметіне және еңбектегі табысқа ие болғаны үшін, 1966 жылы жас ұрпақты тәрбиелеудегі ерен еңбегі үшін Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарына ие болды, 1985 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі президиумының төрағасы С. Мұқашев оны 60 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, жастарды тәрбиелеудегі еңбегі үшін Құрмет грамотасымен мадақтады. 1984, 1987 жылдары Қазақ КСР Оқу министрі Қ.Б. Балахметов оны еңбегі үшін Құрмет грамотасымен мадақтады. «Қазақ КСР-ның еңбегі сіңген мұғалімі», 1986 жылы педагогикалық қызмет саласындағы еңбегі үшін «Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты» атанды. 1981 жылы «КСРО Халық мұғалімі» атағын иемденген Құмаш Нұрғалиев еді. Осының барлығы оның ерен еңбегінің жемісі.

4-ТОП

ЕҢБЕКТЕРІ

«Ұcтaз борышы», «Сұңқар бол сен де жас ұрпақ», «Оқу мен еңбекті ұштастырып, «Растим детей для счастья», «Наш семидесятый учебный год» , «Мы тверды за мир!» деген мақалалары тек оқу-ағарту ісіне ғана арналған жоқ, онда сол кездегі қоғамдық өмір, саясат, көкейкесті мәселелер де қаралған.

ХХ ғасырдың 90 жылдарына дейін Боран орта мектебі В.И.Ленин атында еді. Сол жылдары жер сілкінісінің зардаптарын жою шараларын қолдану мақсатымен келген Республиканың Білім министрі Шайсұлтан Шаяхметов мектепке келгенде: «Лениннің бізге өкпесі жоқ. Бұл ауылдың, осы мектептің жер бетінде бар екенін білген де емес. Осыны қолымен жасаған Құмаш Нұрғалиев атымен атауға лайық», - деген екен. Мектептің ауласына ұстаздың бюсті қойылған. Оның қабылдау бөлмесі мұражайға айналдырылған

Құмаш Нұрғалиев өмірден кеткеннен кейін ол басқарған мектеп «КСРО Халық мұғалімі Құмаш Нұрғалиевтің мектеп-гимназиясы» атты авторлық мәртебесіне ие болды

Қ. Нұрғалиевтің тұлғалылығы мойындалғаның ол кісі туралы көзі тірісінде «Өлімді жеңген өмір», «Құмаштың мектебі» атты екі кітап жазылып, «Комсомольский билет», «Здравствуй солнце», «Учитель», «Открытый урок» т.б. бірнеше деректі фильмдер түсірілгендігі дәлел. Айталық ұстаздың 1995 жылы 70 жылдық және 2005 жылы 80 жылдық мерейтойын республикалық көлемде өткізіп, «Халық мұғалімі Қ. Нұрғалиевтің жаңашыл шығармашылығының педагогикалық ойға әсері» атты ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Еліне паналы қорған болғандардың өнегелі өмірлерін еске алу, оларды болашақ ұрпаққа жарқырата үлгі ету біздің парызымыз. Сондықтан КСРО Халық мұғалімі Қ. Нұрғалиевтің есімі мәңгі жадымызда.





Топпен жұмыс

Ойын

  1. Тарихи уақыт межесі (хронологияны анықта)

1925жыл 29 қазан; (дүниеге келеді)

1935 жыл;(Сармөңкеге көшіп барады)

1943жыл;(ҰОС аттанады)

1945 жыл 22 тамыз (бухгалтерлік курс оқиды)

1955-1957жж.(Теректі ауылында оқу ісі меңгерушісі)

1957ж. 3-тамыз (Боран мектебі директоры,тарих пәні мұғалімі)

1977ж. (КСРО-ң Халық мұғалімі)

































  1. Фото сұрақтарды анықта?



Сабақ жоспары Ерлігі елге үлгіліСабақ жоспары Ерлігі елге үлгіліСабақ жоспары Ерлігі елге үлгілі

Сабақ жоспары Ерлігі елге үлгілі







  1. Жыр шашу

Тұлға

(Ғафу Қайырбеков)

1-ОҚУШЫ

Адамда кісі -ақ еді Құмаш деген,

Жалғанда енді ондайлар тумас деген.

Жүзіне бүтіндердің татушы еді- ау,

Жалғыз қол, екі жанар, бір баспенен.

2-ОҚУШЫ

Ер деген сөз жетпеген бағасына,

Сан ақыл көрік берген санасына,

Тағылған жеке дара жұлдыз еді,

Алтайдың алтып шекпен жағасына.

3-ОҚУШЫ

Ақ көңіл, адал жаны қиянаттан,

Сан арман көкірегіне ұялатқан.

Қаңтарда қабағынан қырау сілкіп,

Ақ сұңқар тау күзеткен, қия баққан.

4-ОҚУШЫ

Халқының алғысынан үй қалаған,

Қасына дос жинаған кіл данадан,

Пенденің ескерткішін есіне алмас

Құрыштан «құдай» өзі құйған адам.

5-ОҚУШЫ

Секілді бір күлгені - таң самалы,

Елінің болашағы- аңсағаны.

Жүз жасты қию керек еді соған,

Айтылмай қалдыма екен қаншама әні...

6-ОҚУШЫ

Не керек айтып-айтып өтті сабаз,

Бұл тірлік дүние екен, байқасаң аз

Баладай әлдилеген өмір- бесік,

Адамбыз азды күйге шайқаса- мәз...

Мұғалім: Мектебіміздің тарихы Қ.Нұрғалиев атамыздың есімімен тікелей байланысты.Қ, Нұрғалиұлының жауынгерлік ерлігі мен халыққа сіңірген еңбегі жоғарғы үкімет наградадалары Әскери қызыл Ту, Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, бес медалменмарапатталған.Нұрғалиевтардың педагогикалық династиясы бүгінде 36 адамнан тұрады. Олардың барлығы Құмаш Нұрғалиұлынан тәрбие алған, ең тамаша мамандық - мұғалім мамандығы екендігіне көз жеткізгендер. Боран орта мектебіне, Өскемен қаласындағы көпсалалы колледжге

тамаша ұстаз, Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО халық мұғалімі, Құмаш Нұрғалиевтің аты берілі.

Ән «Ұстаз» М.Медеу









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал