7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: Құрақ құраудағы түстердің маңызы.

Сабақтың тақырыбы: Құрақ құраудағы түстердің маңызы.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Сыныбы: 8,е,ж,қ Тексерілді:

Мерзімі: 10.03.16ж 10.03.16ж



Сабақтың тақырыбы: Құрақ құраудағы түстердің маңызы.

Сабақтың мақсаты: Білімділік:

Құрақ құраудағы түстердің маңызы жайлы мағлұмат

беру.

Дамытушылық:

Ойша елестете алу, қиялдау көркемдік

шығармашылықтарын дамыту.

Тәрбиелік мәні:

Окушыларды улттық құрақ өнері түрлерін нақышына

келтіре орындауга, ептілікке,іскерлікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабатың әдісі: сұрақ - жауап,түсіндіру ізденіс, сарамандық жумыс.

Сабақтың көрнекілігі:

Трек схемалары құрак үлгілері

Сабақтың барысы:



І.Ұйымдастыру кезеңі.

А)Оқу құалдарын тексеріп түгелдеу

Ә)Оқушылар зейінін сабаққа аудару

Б) Ою-өрнек түрлерін окушыларға тарату аркылы үш топқа бөлемін.

1.Топ Жұлдыз кұрағы

2.топ Гүл кұрағы

3.топ Мүйіз кұрағы

Әр кезеңде ою-өрнектермен бағалап отырамын

5- қызыл түс қошқар мүйіз

4- сары сынық мүйіз

3- көк сыңар мүйіз

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау

Сәндік қолданбалы өнер түрлерін ата?

( гобилен, кесте, панно, коллаж, құрақ, кілем, алаша, батик,)

Құрақ өнерінін пайда болу тарихы?

Құрак кұрау - қалдық қалдырмау. Ертеде қазақ даласында кымбат маталар тапшы болғандыктан, киім -кешек тігушілер қаллған маталардың қиындыларын бір кәдеге жаратуға тырысып, олардан әртүрлі бұйымдар жасаған. Сөйтіп, құрак құрау өнері дүниеге келген.

Кұрақ бізді неге үйретеді?

ежелден ата бабаларымыз үнемшіл болған, қолдағы барды ұқсата білген.Олай болса, құрак құрау қыз-келіншектерді ысырапқорлыктан тыйып , үнемділікке үйретеди.

Құраққа қажетті құрал жабдықтар түрі?

(маталар түрі, қайшы, ине, түйреуіш, бор, тігін машинасы)

Құраққа қажетті маталар түрі?

(Қамқа, барқыт, шыт, қыжым, плюш, парша, гобардин, атылас,драп, кашемир, бәтес, шибархыт, помбархыт, крепдешин)

Құрақтан қандай бұйымдар жасалады?

(қоржын, құрақ көрпе, құрақ кеудеше,тақииня,)

Құрақ құрауда қандай қауіпсіздік ережелер қолданылады?











ІІІ. Жаңа тақыры:

Құрақ құраудағы түстердің маңызы.

Қазіргі ұлттық салт-дәстүрімізді қайтадан жаңғыртып, өмірімізге тереңдеп енгендіктен , қазақтың құрақ құрау өнері де қайтадан дамып отыр.

Бір ғажабы, қазіргі құрақтардың өздерінен -ақ ондағы тікше, шаршы, құрақтарында қайталанбайтынын аңғарасың.Көгілдір аспан астындағы жасыл жайлауда, ақ шаққан киіз үйлерді тігіп, қызыл, сары қызғалдақтар жайқалған, қазақ халқы соның бәрін ою-

өрнектер, құрақтар арқылы-ақ қандай шебер жеткізе білген. Құрақтардың мың құбылған сәні мен сұлулығына қарап құрғанда, «Шіркін-ай, қазақтың бұл құрақтары мен ою-өрнегіне тіл бітсе, олар мәңгілік ғұмыр, асыл махабат, өшпес сұлулық туралы бізге таусылмас сыр мен жыр толғар еді -ауІ »,- деп ойға қалармыз.Яғыни құрақ құрау,оны тамашалау қыз-келіншектерді сұлулық пен сырласуға,оны өн-бойына сіңіруге, бояулар әлемін танып, түсінуге үйретеді. АҚШ,Германия,Швеция сияқты елдерде өте жақсы дамыған өнердің бұл түрі, қазіргі қазақ қолөнерінің қаншалықты дамығанын паш етіп,қазақты әлем халықтарына кеңінен танытуға жарқын жол ашып отыр.



ІV. Ізденіс сабағы



Әр топқа ізденуге бағытталған тапсырмалар беріледі

1 топ Негізгі түстерді ата және олардың танымдық белгілері

2топ Қосымша түстерді ата және олардың танымдық белгілері

3 топ Бейтарап түстерді ата және танымдык белгілері

Түстерді негізгі түстер және қосымша түстер жайында

Алғашқы болып түстерді жүйелеген ағылшын физигі Исаак Нютон,

Негізгі түстер: көк, сары, қызыл және жасыл.

Қосымша түстер: қызылсары, күлгін, күрең, аспан көк, салатты жасыл,қоңыр, лимонды сары

Бейтарап түстер: ақ, қара, сұр

Қазақ қолөнерінің, оның ішінде құрақ бұйымдарының бояуы сан алуан.Халқымыздың ұғымында көгілдір түс-аспанның символы, қызыл түс-оттың, өмірдің,, жасыл түс-өсімдіктің, көктемнің, бастаудың, ақ түс- биіктіктің, аспанилықтың, сары түс-даналықтың, білімнің белгісі.Сол себепті, қиықта бұл түстер бір-бірімен тығыз бірлікте тұрғанында ғарыштың, әлемнің бейнесін бедерлеп, философиялық мән-маңызға, құпия сырға толы екенін байқатады.

Түстер тілін әлемнің кез келген бұрышында сөзсіз түсінеді, түстер үшін шекара жоқ.

V. Шығармашылық жұмыс.

Түрлі түсті қағаздан берілген тапсырмалар бойынша үлгілерін А3 форматында жапсырмалау.

1 топ негізгі түстерден жұлдызша құрағын кұрау.

2 топ бейтарап түстерден мүйіз құрақ құрап шығамыз

3 топ қосымша түстерден гүл құрақ құрап шығамыз.

Сабақты қорытындылау:

Әр топ өздерінің құраған құрақ түрлерін тақтада жарнамалап өтеді.

VІ. Бағалау:

Окушылардын жұмысын бағалау.

VІІ. Үй тапсырмасы:

</ Түрлі -түсті қағаздан құрак түрлеріне жапсырмалау.



















Беу, қызлдар- ай!

Тұманды жарып Күн шығып,

Таратты- шүлен -шуақты

Мұз құрсап, қар жастанған,

Өкіртіп өзен, бұлақты.

Бүгінгі күн тамаша-

Мектебім бар жаңаша.

Жылы жүзбен қарсалды.

Жас құрбылар жараса!



Құрметті ұстаздар мен оқушылар сіздерді көктемнің мерекеге толы нұрлы шуағымен құттықтаймыз дей отырып, бүгінгі 8 -ші сыныптар арасындағы «Беу, қыздар- ай! » сайысын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.



І кезең Өзін-өзі таныстыру



Келдік, міне, сайысу-танысуға,

Арман- шыңға жетпекке, алысуға.

Қыздарымыз танытсын өздерін кеп

Байқайықшы кім қандай, танысуда-

деп ортада өзін өзі таныстыру.



ІІ. Өз өнерін көрсету

Үйдегі ата -анамыз,

Ата,әже,аға, апамыз,

Бәрі де бізге қамқоршы,

Қондырған өнер, көркіміз -деп өз өнерін көрсету.

ІІІ. Үй тапсырмсасы

Өз жерімнің топырағында

Өсіп-өнген өнерлімін.

Дәмі аузымда уылжиды.

Тамсанып жеп мейірленіп -дегеніміздей өздері дайындаған тағамдарымен таныстыру.

VІ. Шеберлік байқауы

Түспей қолдан қайшы,құрал

Іс жасауға төтеп бергем

Аналардың еңбегі ғой,

Тау-тау еңбек жетелеген

Берілген түрлі-түсті қағаздан ою-өрнек қырқып жапсырмалайды.

VІ. Марапаттау

Сайысқа қатысушылардың жүлделері беру кезеңдері:































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал