7


  • Учителю
  • Презентация на тему Готовит растворы

Презентация на тему Готовит растворы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы

Жалпақтал аграрлық және салалық

технологиялар колледжі


Бекітемін:_______________

Аға өндірістік оқыту шебері

А.А.Дүйсенбаев






Тақырыбы: «Дайын құрғақ ерітінді қоспалардан

ерітінді дайындау»


Мамандығы: «Ғимараттар мен құрылымдарды

салу және пайдалану»

Өткізген:

Өндірістік оқыту шебері

Уразаев Д.М.


« Құрылыс технологиялар » циклдік комиссия отырысының

№ ___ хаттамасымен мақұлданған: «____» сәуір 2014-2015 оқу жылы


Циклдік комиссияның жетекшісі: ___________ А.Г.Утебалиева

Сабақ жоспары: №

Бекітемін ___________

Аға оқыту өндіріс шебері:

А.А.Дүйсенбаев

Өткізілген күні:______________

Топ_______ Курс______


Мамандығы: «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану»


Сабақтың тақырыбы: Дайын құрғақ ерітінді қоспалардан ерітінді дайындау


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға дайын ерітінді қоспалардың түрлерін, құрамын, дайындау тәсілдерін, жөндеу және сылақтау,құралдарды өз ережелеріне сай қолдану тәсілдерін ұғындыру мен пайдалану әдістерін үйрету.


Білімділік: Оқушыларға құрғақ дайын қоспаларды миксер құралы арқылы

дайындата отырып алған теориялық білімдерін шыңдау

Дамытушылық: Оқушылардың жұмысқа деген ынтасын дамыту

Тәрбиелілік: Еңбек қорлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу арқылы құрылыс

құралдарын өз ережесіне пайдалануға үйретуге тәрбиелеу


Сабақтың көрнекілігі: Ротбанд, глад,батыр қайсар, клей, миксер, дрель, шпатель т.б.


Сабақтың өту барысы:


І. Ұйымдастыру бөлімі:

- сәлемдесу

- оқушылардың түгендеу

- сабаққа дайындығын тексеру

ІІ. Кіріспе нұсқау:

Сабақтың тақырыбымен мақсатын таныстыру: Жұмыс басталмас бұрын оқушылардың жұмысқа даярлығын қарап қауіпсіздік ережесін түсіндіріп, қауіпсіздік тіркеу журналына қолдарын қойдыру. Оқушыларды звеноға бөліп жұмыс бағытын түсіндіріп өту. Әрбір звеноның жұмыстарын алмастыру. Қолданатын құрылыс құралдарын тексеру жұмыстарын жүргізу.

Технологиялық нұсқама картамен жұмыстануға бейімдеу.

Қазіргі уақытта өнеркәсіп саласында құрылыс материалдарының түрлері көбейіп келеді. Әсіресе, күрделі жөндеуден өткізу кезінде сылақ жұмыстарын орындау, түрлі сылақтау жұмыстары қалыңдығына, сапасына, құрамына пайдаланатын қабырға беттеріне қарай бөлуге болады. Біздің бүгінгі қолданатын құрғақ сылақ ерітінділері ротбанд, батыр қайсар (глад) және керамикалық тақтайшаға арналған желім қоспаларынан ерітінділер дайындау.

Машықтық бөлімі:

Ерітінді дайындау жұмысы:

Алдымен арнайы ерітінді езетін ыдысқа керек мөлшерде су құйып аламыз. Құрғақ қоспалар ыдысқа саламыз құрғақ қоспа ұшып көзге түсуден сақтанамыз. Қоспаларды араластыру үшін арнайы ерітінді араластырғыш миксерді пайдаланамыз. Қолданар алдында миксердің бос жүрісін тексеріп аламыз. Миксердің басын төмен қаратып ұстап тұрып қосу. Қосар алдында ток көзін тексеру. Тексеріп болғансоң іске қосқыш қондырғысын басып іске қосамыз 3-5 мин араластырып ерітіндінің сұйық болып кетпеуін қадағалаймыз.










Жұмыстың негізгі бөлімі: Дайын құрғақ қоспалардан ерітінділер дайындау.

Бірінші звено бойынша. Гипсті сылақтың қолдану саласы КАНУФ-Ротбанд - тұтқырлығы гипсті минералды толтырғыштың және полимерлі үстемелердің негізіндегі әмбебап құрғақ сылақ қоспасы. Жайлардың ішіндегі төбелерді және беттерді әр түрлі қабырғаларды қолмен бір қабат етіп сылауға арналған.

Жұмыс тәртібі: Қаптағы қоспаны (30 кг) ішінде 16-18 литр таза суық суы бар ыдысқа төгіп, ол түйіршіксіз біртектес массаға айналғанша құрылысқа арналған миксермен араластырамыз. Ерітіндіні 5 минутқа қойып, содан соң қайта араластырамыз. Ерітінді қоспаны пайдалану кезінде су немесе қоспаны қайта қосуға болмайды. Дайындалған қоспаны суға еріткеннен кейін шамаменн 20 минуттың ішінде сыланатын бетке жағып, тегістегіш құрал-правилоның көмегімен тегістеңіз. Қоспа суда еріген соң шамамен 45-60 минут өткеннен кейін сылақ қабатын жалпақ шпательмен немесе трапеция тәріздес правиломен тегістеңіз. Қажет болған жағдайда қайталап тегістеңіз. Қондырғылармен құрал-жабдықтарды жұмыстан кейін бірден сумен жуып қою керек. Ластанған ыдыстар мен құрал-жабдықтар ерітінді қоспасын пайдалану уақытын қысқартады. Сылақтың кебу кезінде юөлменің желдетуін қамтамасыз ету қажет. Құрғақ қоспа су араластырған кезден бастап ерітіндіні 60-90 минуттың ішінде сылап бітіру керек. Сылақтың бір қабатының қалыңдығы ең жұқасы - 5 мм, ең қалыңы - 50 мм. Материалдың жұмсалуы: 1 м кв-қа 10 мм етіп сылау кезінде шамамен 8,5 кг құрғақ қоспа жұмсалады.



Екінші звено бойынша: БАТЫР «Қайсар» түпкілікті ғаныш тегістегіші, соңғы тегістеу үшін - ғанышты тұтқырғыш және модификациялайтын үстемелер негізіндегі тегістегіш. Құрамы: ғаныш, мәрмәр толтырғышы, функционалдық үстемелер. Қолдану аясы: құрғақ жайлардағы, гипскартоннан, ғаныш және цемент сылақтарынан жасалған қабырғалар мен төбелерді тегістеуге арналған. Ерітінді дайындау: құрғақ қоспа бөлме температурасындағы таза сумен келесідей пропорцияда араластырылады, ұнтақтың 30 кг-на 10,2-10,6 л су. Біртекті массаны алу үшін жігерлі араластыру қажет етіледі. 2-3 минуттан кейін тегістегіш пайдалануға дайын. Дайындалған қоспа ерітіндісі 60 минут ішінде қолданылуы тиіс. Қолдану тәсілі: тегістегіш екі қалақшаның көмегімен қолмен жағылады. Майлаулар бір-бірінен перпендикулярлы жағылады. 1 шаршы метріге 1мм қалыңдық кезінде 1,6 кг қолданылады.



Үшінші звено бойынша: НАШИ «Крепосты» тақтайша желімі - цементтің, фракцияланған құмның және химиялық қоспалардыңкешені негізінде ылғалға төзімді, икемді желім құрамы. Құрамы: цемент, кварцты құм, мармәр толтырғышы, функционалдық үстемелер. Ерітіндіні дайындау: құрғақ қоспаны таза суға салып, біркелкі массаны алғанға дейін қолмен немесе миксермен араластырамыз. 5 минут өткеннен кейін қайталап араластыру қажет. Араластыру кезінде ара қатынас құрғақ қоспаның 25 кг-на 5,4-5,6 литр су құйылады. Әзірленген ерітінді 2 сағат ішінде пайдалануы тиіс. Қолдану тәсілі: әзірленген негізгі желім ерітіндісі тісті қалақшаның көмегімен жағу керек. Жағылатын қабаттың қалыңдығы негіздеме мен плитканың сапасына тәуелді. Материалдың шығыны: Қабаттың 3-5 мм қалыңдығы кезінде 1 шаршы метрге орташа алғанда 5-8 кг шығындалады.Шығын негіздеме қасиеттеріне, оның тегіс деңгейіне, күйіктас тақтайшаларының түріне және шебердің жеке дағдыларына тәуелді болып келеді.




ІІІ. Ағымдағы нұсқау.

Оқушыларды жұмыс кезінде қадағалау. Жіберіп жатырған қателерін тексертіп болдырмау. Әрбір звеноның жұмысын алмастырмалы түрде қадағалау. Жұмыстың сапалы, әдемі атқарлуына мән беру. Арасында сұрақ-жауап арқылы пысықтап тұру. Қалып қойған оқушыларға жеке көмек көрсету, түсіндіру және оларға қайталауға мүмкіндік жасау.


ІV. Қорытынды

Қаптарды құрғақ жайдың ішінде ағаш түптерде сақтау керек. Зақымдалған қаптардың ішіндегі материалды басқа қапқа төгіп, бірінші кезекте пайдаланған жөн. Зақымдалмаған қаптамада сақталу мерземі 6 ай. Тегістегіш едендеоді тегістеу үшін және тақталармен қаптау кезінденегіз ретінде және де ылғал үй жайлардың ішінде қолдану үшін жарамды емес. Гипс картон тақталары арасындағы жіктерді толтыруға қолданылмаған жөн. Қапта 25-30 кг шамасында болады. Ылғалдың түсуін болдырмау керек. Сақтау шарттары -30 градустан +40 градус температура кезінде және салыстырмалы ылғалдылық 80 пайызға дейін болуы керек.


V. Бағалау: Дайын жұмыстарды қабылдау олардың сапасына қарап баға беру.

VІ. Үй тапсырмасын беру: Тақырып бойынша қайталап келу




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал