- Учителю
- Металдардың бетіне сурет және белгі салу
Металдардың бетіне сурет және белгі салу
Сабақ жоспары №__1__
Пәні__Технология___________________________________ _____
Күні
Сынып
Сабақтың тақырыбы:Металдардың бетіне сурет және белгі салу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ауыл шаруашылығы жайында оқып ибілуге, өз бетімен ізденуге, пікірталастыра білуге, өзіндік қор жинауға дағдыландыру;
Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін дамытуға, пәнге деген қызығушылығын арттыру;
Тәрбиелік: Іскерлікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Көрнекілік: Тақта
Сабақтың барысы
1. Сәлемдесу, Оқушыларды тексеру
2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
3. Үй жұмысын тексеру
4. Жаңа сабақ
Өлшемнің,сызбаның,өрнектін немесе бұйымнын , тіпті суреттің бейнесін металдың бетіне түсіруді белгі түсіру деп атаймыз.
Белгілеу сызығы негізгі , бақылаушы және көмекші сызықтарға бөлінеді
Негізгі белгілеу сызығымен арнаулы бұйым сызбасының шекара сызығын, өнделуін белгілейді .Бақылаущы белгілеу сызық негізгі сызықтың жанынан қатар жүргізіледі , ал көмекші белгілеу сызығымен симетриялы бөліктерді , дәл ортаны және шеңбердің , радйустың ортасын белгілейді
Темірге белгіні бізбен тырнау арқылы , ал түсті металға белгіні қаламмен сызу арқылы түсіреді
Бірақ қаламның ізі жұмыс барысында қол жиі тейген кезде тез кетіп қалады . Ол үшін қаламмен түсірілген күрделі сызбаның өрнектер , бейнелер , т.б үстінен бір қабат нитролак жағып шығу керек
Темірге бұйымның өлшемін түсіру кезінде дайындалатын бұйымның нақтылы өлшемі белгіленеді және шикізатты үнемдеуге көніл бөлінеді . Бұл әдіс өндірісте жекеленген және ұсақ-түиек бұйымдар шығаруға көп қолданылады . ал өте күрделі бұйымдар шығаратын өндірістеоде бұл әдіс арнаулы білдектін көмегімен сызылып белгіленеді
Темір бұйымның өлшемін немесе белгілі бір бейнені түсіру үшін арнаулы құралдар қолданылады
Олар;темір сызғыш , бұрыштама , біз, арнаулы өлшегіш аспап түрлері , арнаулы шенбер сызғышы, т.б
Арнаулы біз темірге белгілі бір бұйымның нақты өлшемін немесе өрнектің бейнесін түсіруге арналған . Өндірісте біздін үш түрі кең көлемде қолданылады , олар: басы үшкір , қатты сым темірден жасалынған біз , басы үшкір , аяғы қайрылған , арнаулы тұтқалы біз , ауыстырмалы инелі біз.
Біздін барлық түрлері алдын ала белгіленген өлшем орнын немесе сызықтын бұрышын батыру арқылы белгілеу үшін қолданылады . Бұл әдіс , әдетте , сызылған бұрыштарды анықтау үшін , қайта сызып алу мүмкіндігін сақтау үшін немесе бұрғылау орны нақтылы белгіленуі үшін қолданылады .
Қарапайым түртпе -бұл ұзындығы 100,125 немесе 160 мм-лік , көлемі 8, 10, 12мм-лік домалақ пішінді , басы үшкірленген болат темір.Оның үратын басы жінішкеріп доғал келеді . Турпенің ұшы жалпы 60 -та өңделеді . Өте дәлдікті қажет ететін түртпе бұрышы 75-тық түртпе қолданылады
Сабақты қортындылау:
-
Материалға белгі түсіру днгеніміз не?
-
Бнлгілеу сызығының неше түрін білесіндер?
-
Темір өндеуде бнлгі , өрнек , өлшемдерді түсіріудің қандай маңызы бар?
Үйге тапсырма: Конспект, оқып келу.
Мұғалім: Наурзалиев. С. М