- Учителю
- ҮЛгімелі қамырдан печенье әзірлеу
ҮЛгімелі қамырдан печенье әзірлеу
Сынып: 7 «а»
Сабақтың тақырыбы :Үгілмелі нан, күлше дайындау
Сабақтың мақсаты
А)білімділік:Тағам пісіру ретін ескере отырып техникалық ,гигиеналық талаптарды үйрету, тағам пісіруді үйрету.
Дамытушылғы: тағам пісіре отырып тағам түрлері мен адам ағзасына келтіретін пайдасы мен зияны туралы түсінік қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Еңбекке баулу арқылы ұқыптылықпен салақтықтықты айыра білуге, жолдастық өзара көмекке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:сарамандық жұмыс
Сабақтың барысы
-
Ұйымдастыру
-
Сабақтың барысы:
1. Ұннан қандай тағамдар жасауға болады?
2. Қамыр илеу алдында ұнды не істеу керек?
3. Шай дастарқанының басты асы не?
4. Бауырсақ сөзі қандай мағына білдіреді?
5. Ұннан қандай кондитер бұйымдарын пісіруге болады?
6. Кондитер бұйымдарының құрамына не қосамыз? -
Жаңа сабақ
Үгілмелі қамырдан торт, пирог, бәліш, печенье т.б. тағамдар пісіреді. Үгілмеліқамырдыәзірлеудіңкөптегенрецептері бар. Оны әзірлеуге негізінен май, қант, жұмыртқа, бидай ұны пайдаланылады, бірақ тағамның түріне қарай олардың мөлшері өзгереді. Қамырға арналған сарымайды (немесе маргарин) езу оңай болуы үшін оны жылы жерге қояды, бірақотқаерітугемүлдеболмайды. Қамырды тақтайға қатты нығыздамай илейді, сонда май біркелкі тарайды. Қамыр тақтайға жабыспаса және тегіс болса, онда даяр болғаны. Үгілмелі қамырға лимон немесе апельсин цедрасын, ваниль қосуға болады. -
Сарамандық жұмыс
Жұмыстың мақсаты: үгілмелі қамыр илеуді, жаюды, печенье үлгілерін жасауды және пісіруді үйрету.
Қажетті ыдыс-аяқтар: шұңғыл ыдыс, стакан, асханалық қасық, бұлғауыш, қалыптар, оқтау, пышақ, табақ, пісіретін пеш.
Қажетті азық-түлік: 5 жұмырқа, 1 стакан қант, 1 шай қасық нан содасы, лимон қышқылы, 1қорап маргарин, 4-5 стакан ұн.
Жұмыстың орындалу реті:
1.Шәшкеге жұмыртқаларды жарып, қант пен араластыру.
2.Жұмсартылған маргаринге соданы (лимон қышқылымен өлтіреміз) қосып, жақсылап араластыру.
3.Ұн сеуіп,қамыр илейміз.
4.Қамырдың қалыңдығын 0,8-1см етіп жайыңдар.
5.Қамырды металл қалыптармен фигуралар ойып қант сеуіп пешке жайғастыр.
6.Қызулы пеште 20-25 минут пісіреміз.
7.Пешті өшіріп, печеньені салқындатып,жайпақ табаққа саламыз.
Жұмбақтар
1. Ақ қиыршық еритін, ас жоқ одан жеритін. (тұз)
2. Есігі жоқ, тесігі жоқ, ақдоптың ішінде несібі. (жұмыртқа)
3. Ағаш басында құлыптаулы сандық. (жаңғақ)
4. Жылай-жылый пісер, аузыңа кеп түсер. (шелпек)
5. Су болмаса да сұйық, өзі бітеу, тұйық. (жұмыртқа)
6. Дәмді, дәмді тағамдарды жинайды,
Қонақтарды көңіліне сыйлайды. (дастарқан)
7. Үсті тас, асты тас, ортасында піскен ас. (табадағы нан)
8. Бірқұдықтың екі түрлі суы бар,
Қайнатса екеуі де мұзға айналады. (жұмыртқа)
9. Суда туады, суда өледі. (тұз)
Блиц сұрақтар\логикалық\
1. Қамырға ашытқы қосқанда қандай процесс жүреді?(Ашу процесі)
2. Бір жұмыртқа 10 минутта піседі, ал 4 жұмыртқа неше минута піседі?
(10 минут)
3. Қамыр неше топқа бөлінеді? (2)
4. Кешке жатарда асты неше сағат бұрын ішу керек?(3 сағ)
5. Адам баласы бір күнде тамақтың 35% қай мезгілде ішу керек?(түсте)
6. Кулинария орталығы? (Азия)
Мақал-мәтелдердің жалғасын тап.
а) Таңғы асты тастама, кешкі асқа қарама.
ә) Ет етке, сорпа бетке.
б) Шақырған жерден қалма,шақырмаған жерге барма
в) Ас иесімен,тәтті.
г) Асыңа тойғызбасаң да,ақ ниетіңе тойғыз.
д) Тойған үйге тоғыз бар.
е) Нан - тамақтың атасы,ынтымақ көптің батасы.
ж) Дастарқандананы жоқтың,тамағының сәні жоқ.
Қысқаша кеңестер
Нан ыдыста көгеріп кетпес үшін, сіріңке қорабына мақтаны иодқа батырып нан салғышқа немесе ыдысқа салып қояды.
Пышақты өткірлеу үшін жарты сағат тұзды суға салу керек.
Күнбағыс майы ашымауы үшін сақтайтын ыдыстың қақпағы аздап ашық болғаны жақсы.
Тұрып қалған сүтті пісірер кезде, оған 5-8 тамшы тұз ертіндісі, осы мөлшерде су тамызсаңыз ашымайды.
Әлдене қуырып жатқанда табадағы май шашырамасын десеңіз, аздап майда тұз сеуіп жіберіңіз.
Картопты қабығымен қайнатқанда езіліп кетпес үшін сіркесуын тамызады.
Ашылған томатты паста бұзылмауы үшін, оған бір ас қасық арақ құйыңыз.
Кофенің жауы - ауа. Сондықтан оны құрғақ және жабық ыдыста сақтау керек.
Заттың асқа, сүйыққа байланысты кіші бөлшегі, қалдығының аталуы.
Асқа байланысты.
• Бір асауға жарарлық (ас) - асам
• Астың дәмін білерлік қалдығы - жалам
• Бір қайнатуға жетерлік (шай) - қайнатым
• Еттің қатқаны, қалғаны - қақпыш
• Астың ыдыс түбінде күйіп, жабысып қалған қалдығы - қаспақ
• Астың қалған бөлігі - сарқыт
• Нанның үзген бөлігі - сындырық
• Дәннің тым ұсақталғаны - талқан
• Нанның кескен кіші бөлігі - тілім
• Аз да болса жеу үшін пайдаланылар ас, тағам - тіскебасар
• Біррет жепқаларлық ас - шайнам
• Бір түйреп алуға жарарлық ас - шаншым
•
Сұйыққа байланысты
• Ас құйған ыдыста тазалаудан пайда болған қалдық - жуынды
• Сұйық астың ішуге келмей ыдыста қалғаны - жұғын
• Біррет қана жұтуға боларлық сұйықтық - жұтым
• Сұйықтықтың таусыла қалғаны - сарқынды
• Сұйықтың кіші бөлігі - тамшы
•
Қаймақты печенье
200 гр қаймақ, 100гр маргарин, 1 стакан қант, 3 жұмыртқаны қасықтың ұшымен ғана ас содасын қосып, езіп араластырамыз, 3 стакан ұн салып қамыр илейміз, формаға келтіріп пісіреміз.
Жаңғақ қосылған печенье
5 стакан ұн, 1 стакан сары май, 1.5 стакан қант, 1 стакан мейіз, 1 стакан іріген жаңғақ (қуырылған) дәнегі, 4 ас қасық қатық, 4 шай қасық тұз пайдаланылады. Бәрін қосып илейсізде пісірерде бетіне жұмыртқа жағып, қуырмай үгілген жаңғақ дәнегін себеміз.
Қорытындылау: Ой толғаныс
Үгілмелі қамырдан қандай тағамдар пісіруге болады?
Қамырдың құрамы қандай?
Үйге тапсырма:Үгілмелі қамырдан печенье әзірлеуге дайындық