7


  • Учителю
  • Жұқа тақтайшадан ұшақ модельін дайындау

Жұқа тақтайшадан ұшақ модельін дайындау

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Жұқа тақтайшадан ұшақ модельін дайындау


Сабақ мақсаттары:

Білімділік мақсаты:модель жасату арқылы оқушыларды конструкторлық-техникалық әрекетке,шығармашылық еңбекке баулу және өнерге қызығушылығын арттыру;

Дамытушылық мақсаты:ағаш өңдеу тәсілдері туралы танымдық қабілеттері мен ой-өрісін дамыту;

Тәрбиелік мақсаты:өз бетімен жұмыс істеуіне,өздігінен сапалы бұйым жасауға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Керекті құрал-саймандар:қарындаш,сызғыш,көшіргіш қағаз,құмқағаз,егеу түрлері,ПВА желімі,бұрғы,фанер,қылара.

Сабақ көрнекілігі: сызбалар,интерактивті тақта.

Сабақтүрі:сарамандық жұмыс.

Сабақәдісі: түсіндірмелі-сарамандық, сұрақ-жауап.


Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау,түгендеу.

ІІ Өткен сабақты пысықтау. Өткен сабақтағы жұмыстар бойынша тесттік сұрақтар интерактивті тақтадан көрсетіледі.Оқушылар таратылған параққа берілген сұрақтардың реті бойынша шешіп, жауап қайтарады.

1.Қылараның атқаратын қызметі?

а) сызады, кеседі;

ә) бөлшектеп аралайды;

в) тіледі, жазады.

2. Қыларамен кесуде секундына неше рет қозғалыс жасалады?

а) 2-3 қозғалыс;

ә) 5-6 қозғалыс;

в) 8-10 қозғалыс.

3.Кесу кезінде сызықтар бойынша нені бұру керек?

а) қылараны бұру керек;

ә)фанерді бұру керек;

в) бәрібір.

4. Қылара жүзінің кесу бағыты?

а) жоғарыдан төмен қарай;

ә) төменнен жоғары қарай;

в) екі бағытта.

5.Жұмыс кезінде жарық қай жағыңнан түсіп тұруы керек?

а) жоғарғы және оң жақтан;

ә) оң және сол жақтан;

в) сол жақтан және алдыңғы жақтан.

ІІІ Қызығушылықты ояту.

Интерактивті тақтадан әртүрлі ұшақтардың суреттері көрсетіледі.

ІV Жаңа сабақ. Сабақ мақсаты мен тақырыбын хабарлау.

Ұшақ-қозғалмайтын қанаты бар,атмосферада ұшуға арналған аппарат.Қолдану мақсатына қарай азаматтық және әскери ұшақ болып бөлінеді.Азаматтық ұшақтарға көліктік,туристік,ауылшаруашылық жұмыстарға арналған, т.б. арнайы мақсаттарға бағытталған ұшақтар жатады.

Бүгін өзіміз жасайтын ұшақтың модельін жасау ассосациясын құрайық:


Фанер Корпусы

ҰшақҚылара Қанаттары

Қарындаш Стабилизатор

Егеу түрлері Доңғалақтары

Желім Киль


Сызбаның астына көшірме қағазды төсеп,ұшақтың әр бөлшегін тазартылған фанер бетіне жеке-жеке бастырамыз.Көшірілген сызбаның дұрыстығына көз жеткізіп,қылараның көмегімен жиек сызығынан 1 мм алшақтықта, талапқа сай кесеміз. Кесу жұмыстары арнайы жасалған үстел бетінде орындалады.Алдымен ұшақтың негізгі бөлшектерін дайындаймыз.Дайын болған бөлшектердің кесілген жерін ұсақ жүзді егеумен ретке келтіріп, соңынан құмқағазбен ажарлаймыз. Суретке қарап бөлшектерді ПВА желімімен біріктіріп, құрастырамыз. Құрастырылған ұшақ модельін түссіз лакпен әрлейміз.

V Қауіпсіздік ережесі.

-Қыларамен жұмыс кезінде;

-Егеумен жұмыс кезінде;

-Құрастыру және әрлеу кезінде.

VІ Сарамандық жұмыс.

Жұмыс орнын ұйымдастыру. Құрал-жабдықтар мен сызбалар оқушыларға таратылады.Оқушылар өз бетінше жеке жұмыс жасайды. Сарамандық жұмыс кезінде оқушылардың жұмыстарын бақылап, кемшіліктері болса түсіндіріп көмек беремін. Қауіпсіздік ережелерін сақтауларын талап етемін. Бұрғылау кезінде өзім көмектесемін.

VІІ Экономикалық көрсеткіш.

VІІІ Қорытынды.

Оқушылардың істеген жұмыстары тексеріп,жақсы жұмыстар үлгі ретінде көрсетіп мадақтау,кемшіліктері болса ескертулер жасалады.

Құрал - саймандарды тиісті орындарына қойып,жұмыс орнын және өздерін ретке келтіру.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал