7


  • Учителю
  • Технология пәнінен 8-сыныпқа арналған сабақ, тақырыбы Кәсіпкерліктің принциптері. Кәсіпкерлік қызмет формасы

Технология пәнінен 8-сыныпқа арналған сабақ, тақырыбы Кәсіпкерліктің принциптері. Кәсіпкерлік қызмет формасы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бекітемін:

Қысқа мерзімді жоспарТехнология. Кәсіпкерлік.Кәсіпкерліктің принциптері. Кәсіпкерлік қызмет формасы.

Мектеп: №3



Күні: 19.01.16

Мұғалімнің есімі: Қойбағарова Айсауле



Сынып: 8-сынып

Қатысқандар саны: 13

Қатыспағандар саны: -

Сабақ негізделген оқу мақсаты(мақсаттары)

Оқушыларға кәсіпкерлік принциптері, кәсіпкерлікті ұйымдастырудың формаларын ұғындыру.



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Кәсіпкерлік ұғымы туралы біледі

Оқушылардың басым бөлігі:

кәсіпкерлік азаматтар мен заңды тұлғаның пайда алуға бағытталған қызмет екендігін түсінеді

Кейбір оқушылар:

  • Кәсіпкерліктің нақты атқаратын қызметі туралы айта алады.



Тілдік мақсат

Оқушылар:

  • Пікірлеседі, бір - бірімен диалогтік қарым-қатынасқа түседі



Негізгі сөздер мен тіркестер:

Кәсіпкер, кәсіпкерлік, тұтынушы, мамандық



Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Кәсіпкерлік қызмет туралы дәптерге жазу.

Талқылауға арналған тармақтар:

Мамандық таңдау туралы еркін талқылау жүргізу



Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Сіз кәсіп ашу кезінде қандай қағидаттарды есте сақтау керектігін айта аласыз ба?



Жазылым бойынша ұсыныстар

Тақырыпқа қатысты слайдтар,суреттер көрсету, кесте толтыру

Алдыңғы оқу



1. Кәсіпкерлік дегеніміз не?

2. Қандай жаңа кәсіпкерлік түрін білесіңдер?

3. Ауылымызда қандай кәсіп түрі жақсы дамыған?



Жоспар



Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар ( төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)



Ресурстар

Басталуы





Ұйымдастыру



« Өткенге шолу»

-өткен тарау бойынша сұрақтар

1 Белдемше қай ғасырда пайда болған?

2 Белдемше қандай киім түріне жатады?

3 Сән бағытына байланысты неше түрге бөлінеді?

4 Белдемше қай елдің ұлттық киімі?

5 Белдемшенің қандай түрлері бар?

6 Белдемшені қандай матадан тігеді?

7 Тігін бұйымдарын қандай кәсіп иесі тігеді?



  • Топтарға өткен сабақта үй жұмысына берілген «слайдтарын» қорғату







Интернет сайттары, материалдары









Ортасы



«Кестені толтыр»

Сенің ойыңша осы кәсіп өкілдері қандай қасиеттерге болуы керек?Керек бағаналарға + қой.



Тігінші

Құрылысшы

Программист

Артист

Мұғалім

Дәрігер

сатушы

сәнгер













«Сауда машақаты»

1-топ.

Сен сатушысың .Сен шаршап тұрсың , адам көп ,келген сатып алуға келген адам затын тауып беруге ерініп тұрсын ба ,әйтеуір дұрыс жауап бермейсің.Екінші сатушы жақсы сауатты саудагер ретінде адамға қалайда өнімін өткізу керек , әдемі үнімен өз тауарларын ұсынып, не алатынын сұрап сауда жасайды. Осы көріністі сомдау қажет.

2-топ.

Сатып алушы рөлінде сауатты және сауатсыз тұтынушыны сомдау қажет.



"Еркін талқылау"

-Адам кез-келген мамандықты таңдай білу керек.

-Әркім мамандықты өзінің қабілетіне байланысты таңдайды.

технология оқулығы 8-сынып,

мектептегі технология журналы

Аяқталуы

«Ой талқы»

- Егер мен кәсіп ашсам....

тақырыбына қатысты өз ойларын айту.



«Ең, ең...»

1 Ең тәтті -.....

2 Ең жасыл-.....

3 Ең ақшасы көп-...

4 Ең күлкілі -....

5 Ең жауапты- .....

6 Ең салмақты-...

7 Ең қарым-қатынасы күшті-.....



Рефлексия.





Қосымша ақпарат: кесте, суреттер, слайдтар



Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс

Күрделенген тапсырма:

«Еркін талқылау», «Ой талқы», Сәйкестендіру





























Оқу үшін бағалау, топтық бағалау, критериалды бағалау түрлері



Бағалау критерийі (0-5-балдық жүйемен)

балл

жалпы балл

1

Тақырыпқа қатысты өз пікірімді білдіре алдым





2

Мен топ жұмысына өз үлесімді көбірек қостым





3

Мен өз көзқарасымды нақты жеткізе алдым





4

Сұрақтарға жауап беру қиындық тудырған жоқ





5

Мен өз пікірімді ашық айта алдым







21-25 ұпай -«5»

16-20 ұпай -«4»

11-15 ұпай -«3»





қауіпсіздік ережелері

Интернеттен алынған суреттер











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал