7


  • Учителю
  • Сабақ жоспар Шеберханадағы қауіпіздік ережелері (110 сынып)

Сабақ жоспар Шеберханадағы қауіпіздік ережелері (110 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Технология» пәні сабақтарында шеберханада қауіпсіздік ережелерін сақтау.



Ағашты қолмен өңдеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері.



Жарақат алу себептері дұрыс емес саймандарды қолданудан немесе құрал-саймандарды дұрыс пайдалана алмаудан болуы мүмкін.

Жұмысқа дейін:

1. Жұмыс киіміңді киін (фартук, халат).

2. Жұмысқа қажетті құрал-саймандарыңды түгендеп, мұқият тексер.

3. Жұмыс орныңды, саймандарыңды ережеге сай орналастыр. Жұмыс орныңда артық ешқандай зат тұрмасын.

Жұмыс кезінде:

1. Дайындаманы верстакқа мықтап бекіт.

2. Әр амалды өзіне тиісті сайманмен атқар. Саймандарың қайралған әрі жарылмаған болсын.

3. Нұсқау карта бойынша әр амалдарды (қосу, жоу, тесу, біріктіру т.б.) өзіне тиісті құралдарды пайдаланып атқар.

4. Жұмыс орныңды әрдайым тазалап отыр.

5. Жұмыс кезінде әр нәрсеге алаңдама.

6. Құрал-сайманың бүлінсе міндетті түрде ауыстырып ал.

Жұмыстан кейін:

1. Жасап жатқан бұйымыңды, материалдарды кезекшіге немесе мұғалімге тапсыр.

2. Жұмыс орныңды ретке келтір. Қолмен сыпыруға, ауызбен үрлеуге болмайды. Верстактың қысқыш қораптардың арасын 2-5 мм етіп қой.

3. Өзіңді ретке келтір.

4. Шеберханадан мұғалімнің рұқсатымен шық.



</ Ағаш өңдейтін токарь станогімен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері.



Жұмыс кезіндегі қауіп түрлері:

1. Жаңқаның ұшуынан көз жарақаты;

2. Айналу бөліктеріне жанасудан қол жарақаты;

3. Дұрыс пайдаланбаудан қол жарақаты;

4. Дайындаманы станокқа дұрыс бекітпеуден немесе дайындаманың сапасыздығын дене жарақаты болуы мүмкін, сондықтан:

Жұмысқа дейін:

1. Жұмыс киіміңді дұрыс киін. Жең, галстук, белбеу т.б. киімдеріңді ретте.

2. Станокті тексер (ременді берілістің қорғаныш бөліктері, заземление т.б.).

3. Жұмыс орныңда артық ешнәрсе тұрмасын.

4. Дайындаманы мұқият тексер (көз, жарық, т.б.).

5. Пышақ тіреуіштің биіктігін дайындаманың центрлік сызығына дәл келтіріп, арақашықтығы 2-3 мм болсын.

6. Пышақтың жүзін тексер.

7. Станокты бос айналдырып тексеріп көр.

8. Көзіңе көзәйнек ки.

Жұмыс кезінде:

1. Кесу жұмысы станок толық күшімен айналған соң баста.

2. Пышақты дайындамаға күш түсірмей, аздан тос.

3. Пышақ тіреуішпен дайындаманың арасын қалыпты жағдайға келтіріп отыр.

4. Жарақат алмас үшін:

а) станокқа қатты жақындама;

ә) станок үстінен алыс-беріс жасама;

б) өлшеу жұмыстарын станок толық тоқтаған соң жүргіз;

г) жұмыс істеп тұрған станокті тастап кетпе.

Жұмыстан кейін:

1. Жұмыс орныңды ретке келтір.

2. Станокті мұғалімге тапсыр.

3. Өзіңді ретке келтір.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал