7


  • Учителю
  • Урок по технологии 'Оригами өнері'

Урок по технологии 'Оригами өнері'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Оригами өнері. 4 сынып

Сабақтың мақсаты:

Оригами өнері туралы жалпы мағлұмат беру.

Сабақтың міндеттері:

- оригами өнері туралы жалпы мағлұмат бере отырып, оқушыларды ұжымдық, топтық жұмысқа баулу;

- қағазды бүктету арқылы оқушылардың ой өрісін дамыту;

- еңбексүйгіштікке, төзімділікке, бастаған ісін аяқтауға тәрбиелеу.

Оригами өнері

Оригами (жапон тілінен аударғанда - «қағазды бүктеу») - ертеден келе жатқан қағазды бүктеу арқылы әртүрлі кескіндер жасау өнері. Оригами өнері ертедегі Қытайда қағаз ойлап табылғаннан кейін дамыған өнердің бір түрі. Бұл өнер ауқатты адамдардың сүйікті ісіне айналып, қарапайым халыққа тарамады. Тек екінші дүние жүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Азиядан Америкаға және Европаға тарай бастап миллиондаған адамдардың сүйікті ісіне айналды.

Классикалық оригами төртбұрышты қағазды бүктей отырып, әртүрлі заттар жасаумен байланысты. Қағазды бүктеудің әртүрлі әдістері, арнаулы шартты белгілер арқылы сызбаларда беріледі. Затты жасамас бұрын эскизі жасалып,эскизге сәйкес қағаздың бүктеу тәсілі таңдалып алынады. Қағаздың бүктеу тәсілдерінің шартты белгілерін XX ғасырда жапондық шебер Акиро Йошизава ойлап тапқан.

Қазіргі кезде әлемде оригами өнеріне баулитын көптеген мектептерде әртүрлі әдістермен оригами жасаудың технологиясын үйретуге шәкірттер баулуда. Бұл технологияда қағаздан бөлек фольга, фольгалы қағаз пайдалануды. Оригами жасауға жоғары материалдардан бөлек мынандай құрал-жабдықтар қолданылады: қайшы, сызғыш, желім, әр түрлі қосымша құралдар. Бірақ оригамиден жасалған заттар өзінің негізгі стилін сақтап қалды.

Практикалық жұмыс

Әр түрлі әдістермен оригами жасап сайысамыз

Қорытынды

Оқушыларға өздерінің фантазиясы арқылы бұйымдар жасап келуге үйге тапсырма беріледі.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал