7


  • Учителю
  • Технология пәнінен Қолөнер туралы жалпы түсінік тақырыбында қысқа мерзімді жоспары 8 -сынып

Технология пәнінен Қолөнер туралы жалпы түсінік тақырыбында қысқа мерзімді жоспары 8 -сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

8-сынып

Технология пәні мұғалімі: Сарсенова Күнсұлу



Сабақтың тақырыбы: Қолөнер туралы жалпы түсінік.

Сабақтың мақсаты:

Халық қолөнерінің түрлерімен таныстырып, ұлттық өнерді бағалай білуге баулу, қолөнер бұйымдарын жасауды үйрету.

Міндеті:

  1. Қолөнер сырын түсіне отырып, ізденуге, танымдық қабілеттерін артуына ықпал ету.

  2. Аяққап, торсық бұйымдарын көркемдеп сәндеуге,өнерді үйренуге ынтасын арттыру,

шығармашылық жұмысқа баулу.

  1. Халқымыздың асыл мұраларын, өнерін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Әдіс -тәсілдері: СТО, түсіндіру,әңгімелеу,ой қозғау, талдау, оқы,жұптас, талқыла, сұрақ қою, сарамандық жұмыс,эссе т.б.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,слайдтар, бейне ролик, қолөнер бұйымдары,

стикер, плакат, маркер т.б.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, сызу

Күтілетін нәтиже:

Қолөнер туралы білім алады.

Сұрақтарға жауап беруде сыни ойлауға дағдыланады, мазмұндап айтып беруде сөздік қоры молайып, әңгімелеп беру шеберлігі артады.

Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.





Ұйымдас

тыру кезеңі



Психологиялық дайындық:

«Сен қандайсың» тренинг.

Топқа бөлу.

Әр түрлі ою-өрнек түстерімен екі топқа бөлінеді.

Қызыл , жасыл түстер

1-топ: Аяққап тобы

2-топ: Торсық тобы

Бағалау парақшасын беріп,

алтын ережемен таныстырады.





Оқушылар шеңбер құрып сен қандайсың деген сұраққа жауап береді.

Мен шебермін....



Әркім өз қалаған ою өрнегін алып топқа бөлініп отырады.

Көшбасшы сайлайды.

Әр кезең бойынша, топтар бір-бірін бағалап отырады.

«Сен қандайсың?»

тренинг

Үй тапсырма

сын сұрау.

«Конверт » ойыны

Бұл қималардағы сұрақтарға жауап бере отырып сызбаны құрастыру керек.

Көйлектің артқы бой сызба үлгісі.

Көйлектің алдынғы бой сызба үлгісі.





Топ мүшелері

конвертті ашып сұрақтардың жауаптарын айтып тақтада көйлектің сызба үлгісін құрастырады.



«Конверт»

ойыны

Жаңа сабақ

«Ой қозғау»

Қандай қолөнер түрлерін білесіңдер?

Өз білгендерін плакатқа түсіріп айтады.

Қолөнер - ұста, зергер,ісмер, шебер.

«Шебердің қолы көпке ортақ» айдары. (бейне ролик)

Қолөнер туралы жалпы түсінік тақырыбын

Оқып, жұптасып, талқылауға тапсырма береді.



«Кім көп біледі?» ойыны.

Қолөнер туралы мақал-мәтелдер айтады.

Топ мүшелері бірлесе отырып постер жасап қорғайды.















Топта жеке оқып,жұптасып талқылайды, түсініктерін айтады.





Оқушылар мақал-мәтел айтады.



«Ой қозғау»













Бейне ролик.







«Оқы,жұптас,талқыла»







«Кім көп біледі?»



Сергіту сәті.



«Қамажай» биі



Үн таспа



Сараман

дық жұмыс

Сен білесіңбе?

Жұмысты бастамас бұрын қандай ережелерді ескеруіміз қажет?

1-топ: Аяққап

2-топ: Торсық

Әр топқа үлгілермен қажетті материалдар таратылады.





Қауіпсіздік ережені айтады.







Әр топ өз тапсырмаларын орындап қорғайды.

Сен білесіңбе?

Сабақты бекіту







Рефлек

сия

1 - топ: Ерте заманғы аяққап. (шағын шығарма)

2- топ: Торсықтың пайдасы.

(эссе)



Не білдім?

Не үйрендім?

Бүгінгі сабақтан кейінгі көңіл күйің қандай?

Ұстазға тілек?

сұрақтарын қояды. Сұраққа жауап жазып алма ағашқа ілуге тапсырма береді.



Дәптермен жұмыс











Кері байланыс парағын жазып, ауызша оқи отырып алма ағашқа іледі.

Автор орындығы.









«Алма ағашы»

Бағалау





Үйге тапсырма

Топтар бір- бірін бағаланғанын ескере отырып, қорытынды баға қояды.

Қолөнер туралы реферат жазып келу.









Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.













Бағалау парағы

Аяққап тобы.





тапсырмасы

Жаңа сабақ

Кім көп біледі?

Сара

мандық жұмыс

Автор

орындығы

Қорытынды

баға (балдық)

(22-25) - 5ке

(17-20)- 4 ке

(12-15)- 3ке











1

















2

















3

















4

















5

















6

















7

















8

















9

















10

















11

















12

















13





























































Бағалау парағы

Торсық тобы





тапсырмасы

Жаңа сабақ

Кім көп біледі?

Сара

мандық жұмыс

Автор

орындығы

Қорытынды

баға (балдық)

(22-25) - 5ке

(17-20)- 4 ке

(12-15)- 3ке











1

















2

















3

















4

















5

















6

















7

















8

















9

















10

















11

















12

















13





























































Нұсқау карта





















































































Қыз еркем кестесімен көркем,

Ұл еркем өнерімен көркем.



Киім пішсең кең піш,

Тарылтуың оңай.

Темір кессең қысқа кес,

Ұзартуың оңай.



Күшіңе сенбе, ісіңе сен.

Әр нәрсеге асық болғанша,

Бір нәрсеге машық бол.



Ақыл көпке жеткізер,

Өнер көкке жеткізер.





Оймақ пішсең де ойлап піш.

Бүгінгі істі ертеңге қалдырма.

Жеті рет өлше, бір рет кес.

Өнер - ағып жатқан бұлақ,

Ілім - жанып тұрған шырақ.

Білім таппай мақтанба,

Өнер таппай баптанба.

Өнер - ағып жатқан бұлақ,

Ілім - жанып тұрған шырақ

Өнер көзі халықта.

Шебердің саусағы алтын.

















Сән дегеніміз не?

Өлшем немен алынады?

Толық жазылатын өлшем?

Костюм дегеніміз не?

Өлшемдер қандай әріптер мен белгіленеді?

Кб қандай өлшем?

ЖкаII өлшемінен нені анықтаймыз?

Киімде қанша стиль болады?

Стиль дегеніміз не?

ЖБа өлшемін көрсет?

Қосымша не үшін қосылады?

Жең түбі биіктігі қандай формуламен есептеледі?

Жаға қандай бөліктерден тұрады?

Модельдеу дегеніміз не?

Тор енін қай өлшемнен аламыз?





























































































































  • Технология пәнінен Қолөнер туралы жалпы түсінік тақырыбында қысқа мерзімді жоспары 8 -сынып

Технология пәнінен Қолөнер туралы жалпы түсінік тақырыбында қысқа мерзімді жоспары 8 -сыныпТехнология пәнінен Қолөнер туралы жалпы түсінік тақырыбында қысқа мерзімді жоспары 8 -сынып









































1.Бір - бірімізді тыңдау.

2.Біреудің сөзін бөлмеу.

3.«Сенікі дұрыс емес» деген сөзді қолданбау.

4.Бір - бірімізге көмектесу.

5.Топта бірлесе жұмыс жасау.

6.Бір - бірімізді қолдау, мадақтау.

7.Ұялы телефонды үнсіздікке қою.





























































































































туралы жалпы түсінік

Қолөнер - ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Өнер туындыларының иесін шебер деп атаған. Қолөнер шеберлері табиғаттың әсем көріністерін қолөнер бұйымдарында жиі қолданған. Қолөнер дүние жүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар әр елдің, әр халықтың тарихи дамуына, тұрмысына, тарихи ерекшелігіне және эстетикалық талғамына байланысты өзіндік ерекшелігімен өшпес із қалдырып келеді. Қазіргі кезде қолөнер элементтерін үй интерьерінде, киім сәндеу кезінде, бас киімді әшекейлегенде көп қолданылады.

Кесте - сәндік қол өнерінің бір түрі. Мата, тері, киіз, т.б. материалдар бетіне әр түрлі боялған жіптермен, жібек зерлермен сурет, өрнек салып тігу арқылы жасалады. Ежелден халық арасына кең тараған. Кестенің алғашқы үлгілерін Пазырық және Ноин-ұлан (б.з.б. 5 ғ.) қорғандарынан табылған құрал-жабдықтардан (тұскиіз, тұскілем, киім-кешектер, жауынгерлердің сыртқы су қағарлары, шекпен, қамзол, желең) көруге болады. Кесте инемен, бізбен және кесте машинасымен тігіледі. Кейде Кестеге моншақ, інжу, маржан, т.б. асыл тастар тағылады. Кестені материалдың бетін түгел бастыра немесе гүл шоғырына ұқсатып та әшекейлейді. Бұйымды тұтастай бастыра әшекейлеу үшін шалыс, жатық, терме, жөрмеу тәсілін қолданады. Кестенің біз кесте, баспа жылтыр, тамбурлы кесте, албыр кесте (екі ізді), кенебе ине, т.б. түрлері белгілі. Біз кестенің шым кесте және әредік кесте деп аталатын екі түрі бар. Біз кесте дөңгелек немесе төрт бұрышты етіліп кергіш ағашқа керілген матаның бетіне түсірілген ою-өрнек бойынша қармақты бізбен өткермелеп шалу арқылы кестеленеді. Шым кесте - тігілетін матаның ашық жерін қалдырмай немесе ашық орынды өте аз қалдырып, тұтас кестелеген шымқай кесте. Әрәдік кестеде матаның әр жері әшекейленіп, бөлек-бөлек өрнек салынады. Шым кесте тұс киіз, сандыққап, мақпал шапан, орамалдың алақаны, жастық жапқыш, кежім, сәукеле, т.б. көптеген заттарға төгіледі немесе бөлек матаға төгіп қондырылады. Әрәдік кесте тақия, балақ, өңір, жаға, етекке және кең қоныш етіктердің бұрыш-бұрышы сияқты заттарға төгіледі немесе бөлек төгіп қондырылады К. тігу өнері қазақ халқына өте ертеден таныс. Байырғы сақ, ғұн, үйсін өнерінде Кесте ні зерлеп, маржандап, торлап, түктеп тігу тәсілдері кездеседі. Қазақ салтында үй жиһаздарын (тұс киіз, киім жапқыш, төсек жапқыш және үзік-туырлықтар), киім-кешектерді (кимешек, тақия, қамзол, кеудеше, т.б.), аяқ киімдерін (кебіс, мәсі, биік өкше етіктер, т.б.), қол орамалдар мен ер-тұрмандарды, т.б

Кілем ерте кезден қазақ тұрмысында киіз үй мүлкінің бірі болып есептелсе, қазірдің өзінде де маңызы жойылған жоқ. Кілем - арнаулы қарапайым өрнек арқылы ерекше түр салынып, әрбір шаршы метріне шамамен 230-400-ге дейін, ал өнбойына бір миллионға жуық жіп тіндерін кетіріп өте тығыз тоқылатын аса бағалы бұйым..

Кілемнің үй тұрмысында ұзақ тұтынылуы, оның өте беріктігі мен төзімділігіне байланысты болса керек. Сонау көне заманнан бергі келе жатқан халықтың дәстүрлі үй мүлкінің бірі - кілемнің құндылығы жағын сөз етсек, ол өзінің қолданылу жағынан көптеген материалдардан, тіпті металдан да асып түседі десек, артық айтпаған болар едік. Өйткені, кілем тұтынуға төзімді, оңайлықпен тозбайтын, жыртылмайтын, шаң-тозаңнан тез тазартылатын, ылғалдық пен құрғақшылықты елең қылмайтын, күйде түсуден де қорықпайтын аса бағалы мүлік. Кілемнің осындай қасиеттеріне байланысты қай кезде, қай заманда болмасын, кілемді, одан жасалатын мүліктерді көбінесе тек қой жүнінен тоқыған. Әсіресе, Орта Азия мен Қазақстан территориясында тоқылған кілемдердің сапасы мен түрі, түсі өте жоғары бағаланған. Ккілем тоқылуға жұмсалатын қой жүнінің ең сапалысы, жіңішке жібектей мамық жүннің алынатын орталығы Көктемде қырқылып алынатын қойдың жібектей жіңішке, мамық жүні бұл маңайда ерте заманнан мақтамен қатар маңызды орын алған. Осыған орай бұл жерде Мәселен, Робинсонның еңбегінде туысқан өзбек халқының кілемді арқар жүнінен де тоқығаны сөз болды. Кейбір түркімен кілемдерінде мақтаны түр, өрнек салуға пайдаланумен бірге кейде жібектен де кілем тоқыған. Біз бұл еңбекте Орта Азия және Қазақстан жеріндегі кілем тоқу өнері жайлы қысқаша тоқталдық. Ал кілемнің қазақ арасына тараған түрлеріне келетін болсақ, олар мыналар: масаты кілем, қалы кілем, жібек кілем, бұхар кілем, терме кілем, түрікмен кілем, сарыаяқ кілем, парсы кілем, шешенгүл кілем, пәтінісгүл кілем, алтыауыл кілем, мәскеугүл кілем, т.б. түрлері көп-ақ.

Дүние жүзіндегі ең үлкен кілем ең алғаш 1959 жылы Ашхабадта тоқылды. Оның көлемі 192 шаршы метр еді. 1965 жылы Түркімен шеберлері мұны екі есе ұлғайтты. Бұл кілемнің көлемі 252 шаршы метр, салмағы бір тоннадан асады.

Ши тоқу өнері бұрын көшпелі және жартылай отырықшылдықта тіршілік еткен Орта Азия халықтарына (қазақтар, қырғыздар, түрікмендер, жартылай отырықшы өзбектер, қарақалпақтар) көне заманнан белгілі. Күнделікті тұрмыс пен шаруашылық қажетіне тоқылған ши қазірге дейін кең түрде пайдаланылып келеді. Оны киіз үйдің құрамы бір бөлігі ретінде кереге сыртына тұтуға, сондай-ақ қазақтар мен қырғыздарда оларды үйдің ішіндегі аяқ-табақ, ошақ басын қоршап қою үшін де қолданады. Тоқылған шиді киіз үйдің есігінде ұстау үшін де пайдаланады. Сондай-ақ киіз үйге төселген киіздің ылғал тартып бүлінбеуі, тез тозып қалмауы үшін төсеніші ретінде киіз астына төсейді.

Тоқылған шиді қазақтар сияқты қырғыздар да, жартылай көшпелі басқа да шығыс халықтары да пайдаланып келді. Мәселен, оны құрт жайып, тары сүзу үшін шыпта жасау сияқты күнделікті тұрмыс қажетіне де ерте заманнан-ақ пайдаланған.

Ши өңдеу, тоқу өнерімен қазақтар, қырғыздар, сондай-ақ Орта Азиядағы басқа да халықтарда көбіне әйелдер айналысқан. Жай ғана ақ шиден өзіне керекті күнделікті тұрмыста пайдаланылатын затты әрбір әйел өздері тоқып алады.

Ерте кезде тұрғын үйдің негізгі түрі тек киіз үй болған уақытта ши дайындауға топталып, әйелдермен бірге ер кісілер де баратын болған. Ерлер жағы ши өсімдігін түбімен қопарып оны түйеге, езгіге немесе атқа арту сияқты ауыр жұмыстарды атқарған. Шиді күзге қарай дайындаған.

Ши тоқу үшін ашасы бар екі ағашты белгілі қашықтықта тіке қадап, екі ашаға көлденең ағаш қойып, арнайы жасалған қарапайым станок пайдаланылады. Оны үйдің ішіне, жабық қораға немесе бастырманың астына орнатады. Киіз үйдің ішінде станоктың екі жағындағы ашалы ағашы керегеге байланып (екеуінің арасы қандай нәрсеге арналып тоқылатын шидің еніне байланысты) төменгі жағы жай ғана жерге бекітіледі. Ашаның үстінен көлденең қойылған сырықтың биіктігі түрегеліп тұрып істеуге ыңғайлы болуы

Қазақ халқының саласында ши өңдеу, оған жүн орап, өрнектеп безендіру, түр салып тоқу ісі де ғасырлар бойы атадан балаға мирас қалып жатқан ұлттық өнері болып табылады. Ши бұйымының жалпы сырт көрінісіне қарай: ақ ши, ораулы ши, шым ши деп үш топқа бөлінеді. Мұндай ши түрлері қазақ арасында әрқайсысы өз орнымен әр түрлі мақсатқа пайдаланылады. Мысалы, қабығынан тазартылған ақ шиді көбінесе, ірімшік, т.б. жаю үшін, сондай-ақ сүзгіш шыпта жасау, үйдің төбесін біртегіс сылауға ыңғайлы болу үшін қолданылатын болса, ұзына бойы түсті жүнмен немесе жібекпен оралған шым ши киіз үйдің сәнді жиһазының бірі болып есептеледі. Ал өн бойы тұтас оралмай әр жерінен аралатып оралатын шиді орама ши немесе ораулы ши деп атайды.

Тек ұрпақтан-ұрпаққа дәстүр бойынша қалып отырған.

Зергерлік өнер - ерте заманнан келе жатқан, әрі халыққа көп тараған

сәндік және қосалқы өнердің бір түрі. Алтын, күміс, асыл тас және сүйекті пайдаланып, сән салтанат үшін әшекейлі жиһаз, қыз-келіншектердің сәндік бұйымдарымен қару-жарақ, сауыт-сайман, ер-тұрман зергерлеу өнері болған. Оған тас, сүйек, металл, бояу, былғары сияқты материалдар кең түрде пайдаланылған. Заттарға зергерлік бейне жасау, сондай-ақ бедерлеу, қалыпқа салып қысу бір затқа бір затты оюластыру, кіріктіру, қақтау, күмістеу, термелеу, өру, бұрау, тоқымалау, әбзелдеу т.б. әдістер жетерлік. Оңтүстік, Орталық Қазақстан, Сыр бойы, Жетісу аймақтарындағы обалар мен қорымдардан табылған көне заман бұйымдары (Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауи мешітіндегі тайқазан, Семей музейіндегі Бөгембай батырдың айбалтасы, Алматы облысы Есік қаласынан табылған мәйіттің алтын киімі, т.б.) зергерлік өнердің қазақ жерінде ертеден өркендегеніне айғақ. Зергерлік өнерді халық өнері деудің мәнісіне келсек, жасалған сәнді бұйымды баяғыда бір ұста жасап, безендірген, өз заманында оның аты-жөнін халық білген, бірақ көп ғасырдан кейін оның аты ұмытылып, жасаған бұйымы халықтікі болып кеткен. Шебер түрлі материалдарды өңдеу үшін құрал-саймандарды пайдаланып, өз қол күшімен көп еңбек

Торсық бұл ежелден келе жатқан қолөнер туындысы. Ата - бабамыз мал баққан көшпелі қоныс аударып жүретін халық болған, сондықтан торсықты ыдыс ретінде пайдаланып қымыз, айран, шұбат сусындарын құйып пайдаланған. Торсықтың сол кезде тиімділігі ішіндегі сусын ашымаған және сынбайтын ыдыс болған.

Қымызды тасымалдайтын ыдыстардың ішіндегі сыйымдылығы жағынан ең кішісі (5-10 л), сонымен қатар, ең әдемісі - торсықтар. Торсықтың түрлері: шимай торсық, мүйіз торсық, өрме торсық, өркеш торсық, жан торсық деп бөлінеді. Шимай торсықтың пішіні табақ сияқты дөңгелек, екі бүйіріне мүйіз шапқымен әртүрлі ою-өрнек салады. Мүйіз торсық қазақтың ежелгі қошқар мүйіз оюы, екі жағы екі иық түрінде, ал түбі дөңгеленіп жасалады. Екі торсық та ең мықты теріден тігіледі. Мүйіз торсықтың екі жағына ою салып өрнектеп, тігіс жиектеріне күміс жүргізсе, өте әдемі болады. Өркеш торсық - түйенің екі өркешін бітеу сойып, ашық жағын екі терінің арасына шүберек салып, біз арқылы тарамыс таспамен тігеді. Түйенің екі өркеші қымыз, шұбат, айран құйғанда томпиып тұрады, мінген аттың арқасына келтіріп теңдеуге өте ыңғайлы. Өркеш торсықты көбінесе малшылар мал айдағанда атқа, өгізге артып алады. Бір өркешті нар түйенің өркешінен жасалған торсық сопақша, өркештің жалпақ жағы торсықтың түбі, жіңішке жағы аузы болып келеді. Жан торсық - қарапайым, терінің жұмсақ түрінен тігіледі, ешқандай ою-өрнегі болмайды, қойшылар жаяу және көлікпен жүргенде белдеріне байлап алады, сусын біткенде бүктеп салып алуға ыңғайлы. Ішіне шалап, айран немесе өрісте сауып алған қой-ешкінің сүтін құйып қояды. Мүйіз торсық пен шимай торсыққа тек қымыз ғана құйылып, қанжығаға байланады





















































Ою-өрнек - тұрмыста бір бұйымның бетін әшекейлеу үшін қолданылатын нақыш, өрнек. Заттың бетін өрнектеу үшін ісмерлер әртүрлі тәсілді қолданады. Олар: оймыштау, бедерлеу, шеку, қашау, тісеу, құрау тәрізді әрекеттер арқылы жүзеге асады. Әр өрнек белгілі бір бөлшектен ( элемент) құралады. Ғалымдар ою-өрнектердің 200-дей түрін анықтады. Біз халық арасында көп тараған мүйіз тектес ою өрнектерді сөз етпекпіз. Ою-өрнектердің бұл тобын қазақ халқының ою-өрнектерінің төркіні десекте болады. Өйткені, барлық жаңа буындар осының негізінде жасалып, тек атаулары өзгеріп отырған. Мысалы: қошқар мүйіз, арқар мүйіз, бұғы мүйіз, қырық мүйіз, қос мүйіз, сыңар мүйіз, төрт құлақ, түйе табан, сыңар өкше, қос алқа, құс қанаты, қаз табан, т.б. ою-өрнектердің негізгі арқауы. Осы элементтерден ою-өрнек композициясы жасалады. Қазақ оюларының мазмұны мал өсірумен аңшылықты, жер-су, көшіп-қону көріністерін, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың сыртқы бейнесін аңғартады және бәріндеде мүйіз оюы үнемі араласып отырады. Әрбір оюшы ою-өрнек жасап, оған ат беріп , оны тұрмыста қолданған. Сондықтан қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің ең басты мәнері, ең көп түрі және әр түрлі мәндер жасауда жиі қолданылатын мүйіз тектес оюлар. Ғалымдардың анықтауынша, ол ежелгі өрнек, сондықтан онда көбінесе мал шаруашылығы мен көшпелі өмір салты бейнеленген. Мүйіз тектес ою-өрнектер кейде өте ұсақ, кейде өте ірі болып келеді. Ұсақ зергерлік, кесте тігу, ағаш, сүйек, мүйіз ұқсату сияқты нәзік істерге қолданылса, ірісі кілем, алаша, терме алаша, текемет, сырмақ, ши орау, қоржын, киім-кешек, құрылысқа қолданылады. Халық шеберлері мүйіз өрнегінен сан қилы мәнерлермен құбылта, бір элементке екінші, үшінші элементтерді қосып, толықтырады да құлпырған әдемі де мазмұнды композиция жасайды. Мұндай мүйіз тектес ою-өрнектер тізбегін Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы үйінің ішкі тіреулерінің төбесімен жалғасқан жерінен көруге болады. Мүйіз тектес ою-өрнектерді бұрын-сонды зерттеуші ғалымдардың барлығы бұл өрнектердің негізі қойдың, арқардың , ешкінің, сиырдың, бұланның, бұғының, қодастың, еліктің мүйіздерін бейнелеуден шыққан деп түйеді. Шеберлер жаңа ою-өрнектерін тұрмыс-тіршілігіне, өз дәуіріндегі заман ағымына қарай лайықтап отырған.. Оның үстіне әрбір жануар мен заттың өз бойында қасиеттеріне қарай тақырыптық мағынасы композициясы, симметриясымен асимметриясы, колоритімен ритмі, сондай-ақ оған арналған философиялық мәні де байқалады.

Ұста. ХҮІІІ ғасырдан бастап қазақ ұсталары қару - жарақ жасауды да зор қарқынмен қолға ала бастаған . Қылыш , айбалта , найзаның , жебенің ұштарын соғып , білтелі мылтықтар құйған . Қару - жарақ жасайтын ұсталар аса құрметке ие болған . Ұсталар бұл кәсіптің сыр- қырын аса құпия ұстап , тек өз ұрпақтарына ғана үйретіп, атадан - балаға мұра етіп қалдырып отырған

Қазақ қаруларының толық тiзiмiн алғаш жасаған - даңқты ғалымымыз Шоқан Уәлиханов. Қазақ эпостарында қару-жарақ айқын да нақты бейнеленiп, жауынгердiң жан серiгi ретiнде суреттеледi. «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр» жырларында, М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясында бағалы ақпарат, деректер бар.

Қару-жарақ қоғамның даму деңгейіне, көшпелі тұрмыс ерекшелігіне сәйкес дамыған. Ол көрші халықтар мәдениеті, сыртқы елдермен жасасқан сауда-саттық, жаугершілікке қатысты әрдайым өзгеріп отырған. Қазақ халқы қару-жарақ түрлерін жетілдіру мен дамытуда өзіндік ұлттық ерекшеліктерін сақтаған. Ең әуелі қаруға жалпақ тілмен ат қойылған. Ол қаруларға қазақтың ұлттық ою-өрнектерін қалыптау, зерлеу, күмістеу, соқпалау, термелеу, орамалау, құю, шеку, өру, қақтау, кіріктіру, дәнекерлеу әдістерімен бастырмалатып жасалған.

Қолға ұстап қоданылатын қорғаныс жарағы- қалқан байырғы көшпелі халықтарда б.з.дейінгі I-мыңжылдықта қолданыла бастаған.Жасалған материалына қарай сақ қалқандарын негізгі екі топқа бөлуге болады: талдың шыбықтарынан және ағаш тақталардан жасалған қалқандар. Қалқан шыбықтарының терінің арасынан шығып тұратын тұстары түрлі түске боялып әшекейленіп, қалқанның сыртынан геометриялық өрнек құрап тұрады. Қалқандардың сырты оймалау тәсілімен жасалған,тал қалқандардың өрнегіне ұқсас геометриялық өрнекпен әшекейленген.Тал қалқандардың да, ағаш қалқандардың да ортасында қолға ұстауға арналған қайысбау бекітілген,яғни сақ жауынгерлері қалқандарды скифтер сияқты жұдырықта ұстап қолданған.

Тоқу өнері - қазақ халқының ежелден келе жатқан, ең алғаш киімі мен үй жабдығының негізі болған қадірменді өнер. Бұл тамаша өнер қазіргі талап тілектер тұрғысынан жалғастырып, тұрмыспен бірге ұласа дамып, одан сайын жетіліп, адамдарды сұлулыққа, әсемділікке жетелеуде. Адамдардың тұрмыс хәлдері үнемі өрлеуіне сай олардың мәдени тұрмыстық тілектері өсе түсуде. Сондықтан да әр адам киген киімінің қазіргі сән үлгісіне сәйкес бола отырып, қайталанбас әсем ерекшелігін, даралығын таныта білуге тырысады. Міне, осыған орай бізге көмекке келген өнердің бірі - тоқыма. Тоқымамен айналысқанда адам жеке басына аса қажет нәрсені жасау үшін тоқымайды: осы тоқу үстіндегі түрлі түсті бояулар әлемінің үйлесімділігін, алуан түрлі сән үлгілерін таңдап, түрлі тоқу әдістерін меңгеруі адамның талғамын, шеберлігін, ой-өрісін жетілдіріп, көркемдікті сезіну қабілетін дамытады. Соған орай, тоқу өнері басқа да істер сияқты үйренуді, ізденуді қажет етеді. Қазақ қолөнершілері тоқу ісіне көбінесе жүннен иірілген жіптерді пайдаланған. Жүн - жануарлардан алынатын табиғи материал. Оны қазақ халқы мыңдаған жылдар бұрын іске асырған. Қой , ешкі, қоян, түйе жүндерінен жіп иіріп мата өндіруге, тоқыма, кілем, алаша тоқуға қолданған. Қой жүні - күзем және жабағы жүніне бөлінеді. Қойдың қозысынан алынған жүнді қозы жүн деп атайды. Қой жүнін қырқып алған соң, оны жуып кептіреді де, сабауға дайындайды. Жүнді сабау технологиясына сабау мен тулақ құралдары қажет. Содан кейін жүнді тарақпен тарап, қолмен түтеді.

Жүнді машинамен, қолмен иіруге болады. Өндірісте жүн иіру технологиясында жүн иіретін арнайы машиналар кеңінен қолданылады. Сонымен қатар күнделікті тұрмыста да жүн иіруге арналған жүн иіруші аппараттар қолданылады.

Ұршық - жүнді қолмен иіруге арналған негізгі аспап. Бұл қарапайым аспап, әр елдің ұршығының сыртқы қалпы өзінше ерекшеленеді.

Ағаш шебері (Ағашшы ) - ағаштан түрлі тұтыну бұйымдары мен үй жиһаздарын жасайтын маман. Ағаштан түйін түйетін шеберлерді төрт топқа бөліп қарастыруға болады:1. балташылар - үй құрау, арба, шана, есік, терезе жақтауларын тағы басқа жасаушылар; 2.үйшілер - киіз үйдің кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық, адалбақан, асадал сынды тағы басқа бұйымдарын жасаушылар; 3.оймашылар - жүкаяқ, кереует, кебеже, абдыра, саз аспаптарын оюлап жасаушылар; 4.тоқушылар - себет, ергенек, қорап тағы басқа тұрмыстық бұйымдарын тоқушылар.



Ағашшы күнделікті тұтынатын ас-су жабдықтарын:

тостаған, аяқ-табақ, сапты аяқ, ожау, қалақ, иіелек, күбі, астау, ат әбзелдері (ердің қаңқасы, ашамай), үй жиһаздарын:

жүкаяқ, кебеже, сандық, асадал, адалбақан, аша, бақан, тіреуіш, төсек, бесік тағы басқа дүйім дүниені жаcaп, мәнерлейді. Ағаштан жасалған бұйымдар төзімді, әрі жеңіл болғандықтан, қазақ көшпелі тұрмысында қолдануға ыңғайлы болды.

Ағаш тасуға ыңғайлы болғандықтан ағашшы үйін орманға жақын жерге салған. Ағашшы кәсібімен айналысатындар қайың, арша, қарағай, тораңғы сияқты ағаштарды таңдап алып, көлеңке, әрі кұрғақ жерде кептіріп, жонып сүргілейді. Ағашты кесу, тесу, ою, ыңғырулау, өңдеу, дайын болған соң, бояу, оюлау, бедер салу сияқты істерге кіріседі. Ағаш үйдің уығын морлап ию, керегені қырып көктеу, шаңырақ ию, есік үйлестіру сияқты тәсілдер де кең қолданылды.

Ағаш шебері өздері өмір сүрген табиғи ортадан керегін тауып, таңдап, қажетті бұйымдар жасай білген. Ағаш желімін де қолдан қайнатып дайындаған. Сөйтіп, ағашшылар өздері жасаған бұйымдарды сатып немесе малға, тағамға айырбастап, кәсіпшілігімен күн көрген.

Ағаш шеберлік аспаптары - ағаш ұқсату, өңдеу жұмыстарына қажетті саймандар. Кез келген жұмысты бастар алдында ағаш шебері кұрал-саймандарын сайлап алады.

Ағаш ұсталары кұрал-саймандарын кесу, шабу, қию, жону, керту, ою, оймыштау, қырнау, қыру, тесу, сургілеу, тілу, қару, бояу, жылтырату, сырлау, шегелеу, желімдеу және тағы басқа жұмыстарда қолданды.



Аяққап- ертеде көшкен үйдің ыдыс-аяқ салатын киіз қабы. Төрт бұрыштан тігіледі де, аузын жауып тұратын ілгекті қақпағы болады. Қақпақтан беті шұға, барқыт тәрізді матамен өрнектеліп, жиегі түрлі шашақпен әшекейленеді.[1] Аяққап түйеге немесе арбаға тиелген жүктің үстіндегі шаңыраққа байланады да, үй тігілгенде өрешеге, қазан-аяқ жаққа таяу керегенің басына ілімді.

Аяққап - қазақ халқының тұрмысында ыдыс - аяқ салу үшін арналған қапшық. Аяққаптың пішіні екі түрлі болады. Біріншісі - тік төртбұрышты, екіншісі - ауыз жағы тік төртбұрышты, түбі дөңгелек, доғал болып келеді.

Аяққапты бұрын кілем, текеметтің өрнекті тұстарынан қырқып, киізден шашақтап дайындай берген. Қажетті өлшемде пішіліп, екі бөлек бір - біріне беттестіріліп (қақпағынан басқа бөлігі), олардың қоспасы шуда жіппен жөрмеп (қиғаш тігіс) тігілген. Тігілген бөлігіне шашақ тігіліп жиегі көмкерілген.

Аяққаптың беті кестеленген матамен қапталып, кейде жібек жіппен өрнек салынған. Қақпағы міндетті түрде болған, себебі ыдыс - аяқ шаң болмау үшін. Аяққаптың бауы да шашақталып тігілген.

Аяққапты әсемдеу үшін ою - өрнектер, шашақтар, кестелер, таспалар қолданылады. Қазақ халқының ою - өрнектерінің атаулары көп, оның 200 - дей түрі тараған, аяққапта көп қолданылатын мүйіз тектес ою - өрнектермен танысамыз. Барлық жаңа буындарға, оюларға жаңа атаулар берген. Мысалы, қошқармүйіз, қыңырмүйіз, арқармүйіз, түйе табан, сынықмүйіз, сыңармүйіз және т. б. ою - өрнектің негізгі арқауы.













































Сабақтың тақырыбы: Ілмек бізбен іліп тоқу технологиясы

Мақсаты: Оқушыларға ілмек бізбен іліп тоқу технологиясын үйрете отырып, ілмекпен тоқудың түрлерін және шеңбер жасап тоқуды үйрету.

Міндеті:

  1. Саусақ икемділігін, ептілігін жұмыс барысында оқушының шеберлігін есте сақтау қабілетін арттыру.

  2. Оқушыны өз бетінше жұмыс жасай білуге дағдыландыру.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, үйрету, сұрақ-жауап, сарамандық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, тоқылған әртүрлі бұйымдар

Пән аралық байланыс: математика, тарих, сызу

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі (2)мин

Психологиялық дайындық.

Қайырлы күн, әлем!

Қайырлы күн, аспан!

Қайырлы күн, сен және мен!

Қайырлы күн, мұғалім!

Қайырлы күн, қонақтар!

Топқа бөлу (жіптен тоқылған бұйымдар арқылы бөлінеді). Гүлмен жапырақ алғандар: біз тобына. Әртүрлі бұйымдар алғандар жіп тобына бөлінеді. Топ басшысын сайлау. Бағалау парақшасы таратылады.

Композиция құрастыру (1)мин

Енді сол бұйымдардан композиция құрастырайық. Әр топ өз ұранын айтады.

1 -топ: Біз тобы

Топ ұраны

«Алғыр, еңбек, терең ой,

Нағыз досың ойлап қой»

2- топ: Жіп тобы

Топ ұраны

«Талаппен бастап,

Талғаммен аяқтау»

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау (4)мин

Сұрақ-жауап

  1. Иірім жіптердің қандай түрлерін білесіңдер?

  2. Салыстырмалы түрде ең берік иірім жібін атаңдар?

  3. Тегіс бедерлі әртүрлі өрнектерді тоқу үшін қандай жіптер қолданылады?

  4. Қай иірім жіптер тек сым темірмен тоқылады?

  5. Сапалы және түсі әртүрлі талшықтарды араластыру жолымен алынатын қандай иірім жіпті білесіңдер?

  6. Ілмек бізбен жұмыс жасағанда қандай қауіпсіздік ережелерді сақтау керек?



III. Жаңа сабақ (10)

Оқы, жүптас.талқыла.

Тоқу өнері- қазақ халқының ежелден келе жатқан ең алғаш киімі мен жабдығының негізі болған қадірменді өнер.Бұл тамаша өнер қазіргі талап тіліктер тұрғысынан жалғасып, тұрмысымен бірге ұласа дамып келуде. Тоқу барсына ілмектің болаттан, пластмассадан және ағаштан</<font face="Times New Roman, serif"> жасалынған түрлерін және олардың жіптің жуан-жіңішкелігіне сәйкес түрлі нөмерлері пайдаланылады. Ілмекпен тоқу үшін кез келген жіпті пайдалануға болады: жүннен, мақтадан иірілген, жібек жіптер, синтетикалық және аралас жіптер. Әдетте үстіге киетін киімдерді бостау иірген, ал дастарқан, салфетка, сумка сияқты заттарды ширақ иірілген жіппен тоқиды. Бөлшектерінің сыртқы пішіні үлгі мен есепке сәйкес шалуды (петель) қосу, яки қысқарту, сирек те жиі тоқу (ілмек пен жіптің диаметріне қарай) арқылы жасалады.

Мәтіндегі тапсырманы екі топқа бөліп беру.

Оқушы жеке-жеке оқиды, топта талқылайды, қорғайды.

«Есептік сансөз» ойыны (көбейту кесте негізінде) (3)мин













Сергіту сәті: «Көңілді күн» (барлық оқушылар қосыла билейді.) (3)мин

Сарамандық жұмыс (15)мин

Жұмысты бастар алдында қауіпсіздік ережелерін еске түсіріп алайық.



Шалмасыз бағанша





Бір шалмалы бағанша





Екі шалмалы бағанша













Шартты белгілер бойынша тоқу әдістерін үйрену.

Ілмек бізбен тізбек және айналдыра шеңбер тоқу.

  1. Біз тобы - дөңгелек пішінді шеңбер төсенішті бір бағаншамен тоқиды

  2. Жіп тобы - дөңгелек пішінді шеңбер төсенішті екі бағаншамен тоқиды

Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.

Сабақты бекіту. (2) мин

  1. Біз тобы - ілмек бізбен іліп тоқу түрлері ( постер)

  2. Жіп тобы - жіп түрлері ( постер)

Тест (2) мин

  1. Көзбен жұмысқа дейінгі қашықтық?

А) 15-20 см

Б) 35-40 см

В) 50-55 см



  1. Ілмек біздің номері... білдіреді

А) радиусын

Б) ұзындығын

В) диаметрін

3. Ілмек біз жіптен жуан болу керек.

А) 3 есе

Б) 2 есе

В) екеуі бірдей болу керек

4. Ілмек біз неден жасалған?

А) сүйектен

Б) алюминийден

В) болаттан

5. Табиғи талшықтартарды ата?

А) зығыр, жүн

Б) мақта, вискоза

В) капрон, вискоза

6. Табиғи жіптердің ішінен қайсысы төзімсіз болып келеді?

А) жібек

Б) мақта

В) жүн

7. Алқашқы қатар тоқылады.

А) бос шалумен

Б) ілмексіз шалу

В) біріктіру шалумен

8. Қауіпсіздік ережесі ескертіледі.

А) жұмыс ортасында

Б) жұмыстың басында

В) жұмыстың аяғында

Кері байланыс. (1) мин

«Даналық ағашы»

1.Бүгін мен не үйрендім

2.Сабақтан алған әсерім

3.Бүгінгі көңіл күйім



Сабақты бағалау: (1) мин әр топ өздерін өздері бағалайды.

Үй тапсырмасы: (1) мин тоқыма өнері туралы реферат.



Үй тапсырмасы: (1) мин тоқыма өнері туралы реферат.









































































Технология пәнінен Қолөнер туралы жалпы түсінік тақырыбында қысқа мерзімді жоспары 8 -сыныпТехнология пәнінен Қолөнер туралы жалпы түсінік тақырыбында қысқа мерзімді жоспары 8 -сынып





























Бағалау парағыҚорытынды

Баға (балдық)

(22-25) -5ке

(17-20)-4 ке

(13-15)- 3ке

1















2















3















4















5















6















7















8















9















10















11















12















13



























































































Бағалау парағы









Қорытынды

Баға (балдық)

(22-25) -5ке

(17-20)-4 ке

(13-15)- 3ке

1















2















3















4















5















6















7















8















9















10















11















12















13































Технология пәнінен Қолөнер туралы жалпы түсінік тақырыбында қысқа мерзімді жоспары 8 -сынып





Технология пәнінен Қолөнер туралы жалпы түсінік тақырыбында қысқа мерзімді жоспары 8 -сыныпТехнология пәнінен Қолөнер туралы жалпы түсінік тақырыбында қысқа мерзімді жоспары 8 -сынып





Технология пәнінен Қолөнер туралы жалпы түсінік тақырыбында қысқа мерзімді жоспары 8 -сынып

Технология пәнінен Қолөнер туралы жалпы түсінік тақырыбында қысқа мерзімді жоспары 8 -сынып

Технология пәнінен Қолөнер туралы жалпы түсінік тақырыбында қысқа мерзімді жоспары 8 -сынып

Технология пәнінен Қолөнер туралы жалпы түсінік тақырыбында қысқа мерзімді жоспары 8 -сынып

























































Үй тапсырмасын орындауда

Технология пәнінен Қолөнер туралы жалпы түсінік тақырыбында қысқа мерзімді жоспары 8 -сыныпТехнология пәнінен Қолөнер туралы жалпы түсінік тақырыбында қысқа мерзімді жоспары 8 -сыныпТехнология пәнінен Қолөнер туралы жалпы түсінік тақырыбында қысқа мерзімді жоспары 8 -сынып

Қолөнер. Оқушылар шығармашылығы.

Технология пәнінен Қолөнер туралы жалпы түсінік тақырыбында қысқа мерзімді жоспары 8 -сыныпТехнология пәнінен Қолөнер туралы жалпы түсінік тақырыбында қысқа мерзімді жоспары 8 -сынып

Ой қозғау

Аяққап тобы Торсық тобы

Технология пәнінен Қолөнер туралы жалпы түсінік тақырыбында қысқа мерзімді жоспары 8 -сыныпТехнология пәнінен Қолөнер туралы жалпы түсінік тақырыбында қысқа мерзімді жоспары 8 -сынып





Оқы, жұптас, талқыла.

Технология пәнінен Қолөнер туралы жалпы түсінік тақырыбында қысқа мерзімді жоспары 8 -сыныпТехнология пәнінен Қолөнер туралы жалпы түсінік тақырыбында қысқа мерзімді жоспары 8 -сынып

Сергіту сәті

Технология пәнінен Қолөнер туралы жалпы түсінік тақырыбында қысқа мерзімді жоспары 8 -сыныпТехнология пәнінен Қолөнер туралы жалпы түсінік тақырыбында қысқа мерзімді жоспары 8 -сынып

Сарамандық жұмыс

Технология пәнінен Қолөнер туралы жалпы түсінік тақырыбында қысқа мерзімді жоспары 8 -сыныпТехнология пәнінен Қолөнер туралы жалпы түсінік тақырыбында қысқа мерзімді жоспары 8 -сынып





Технология пәнінен Қолөнер туралы жалпы түсінік тақырыбында қысқа мерзімді жоспары 8 -сыныпТехнология пәнінен Қолөнер туралы жалпы түсінік тақырыбында қысқа мерзімді жоспары 8 -сынып













































Технология пәнінен Қолөнер туралы жалпы түсінік тақырыбында қысқа мерзімді жоспары 8 -сынып

















Технология пәнінен Қолөнер туралы жалпы түсінік тақырыбында қысқа мерзімді жоспары 8 -сынып



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал