- Учителю
- Сылдырмақтың бетін күйдіріп әшекейлеу
Сылдырмақтың бетін күйдіріп әшекейлеу
Нүсіпбаев Жансерик Қуантаевич
№46 орта мектептің технология пән мұғалімі. Тараз қаласы
Сабақтың тақырыбы: « Сылдырмақтың бетін әшекейлеу
және күйдіру әдістері ».
Сабақтың мақсаты:
-
Оқушыларға сылдырмақтың түрлері және оны көркемдеу технологиясы туралы жүйелі түсінік беру.
2. Оқушылардың музыкалық инструмент пен музыка сәндік өнер туралы түсініктерін толықтыра отырып, оқушы бойындағы өнерге деген музыкалық қабілеттерін дамыту.
-
Оқушыларды музыкалық аспаптарды әшекейлей отырып, оқушыларды әсемдікке, музыкалық сауаттылыққа өнерлі болуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап сарамандық.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Пән аралық байланыс: музыка, бейнелеу өнері, сызу.тарих,
Болжамдалған нәтиже: Оқушылар музыкалық аспаптар тарихымен қоса, музыкалық аспаптардың жасалу, зерделенуі және әшекейленуі технологиясын меңгеріп шығады.
Сабақтың жоспары:
-
Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын тексеру
1.Сұрақ - жауап
III. Жаңа сабақты түсіндіру
1. Мұғалімнің түсіндірмесі
2. Технологиялық картамен жұмыс
IV. Жаңа сабақты бекіту
1. Техника қауіпсіздік ережесімен танысу
2. Құрал - саймандарды дайындау
3. Практикалық кезең
V. Сабақты қорытындылау және оқушыларды бағалау
1. Сылдырмақ әлеміне саяхат
2. Сылдырмақ биі
VI. Үйге тапсырма
VII. Шеберхананы жинастыру.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды тыныштандырып түгелдеп,зейіндерін сабаққа бұру.
Үй тапсырмасын тексеру:
-
Ою ойғанға қандай ағашты пайдаланады?
(қатты ағаштарды пайдаланады)
-
Қатты ағаштарға қандай ағаштар жатады?
(қара тал, жеміс ағаштары, жиде ағаштары жатады)
3. Оюдың қанша түрге бөлінеді?
(ою геометриялық, өсімдік және ақ-құс түрлеріне бөлінеді)
-
Жаңа сабақты түсіндіру: Сұрақ - жауап
-
Балалар қандай ұлттық музыкалық аспаптарды білесіңдер?
-
Ал музыкалық аспаптар 3-ке бөлінеді, қандай-қандай болып?
-
Ал енді тақтаға қарап тақтадағы плакаттағы музыкалық аспаптардың атын кім дұрыс атап береді?
Тақтамен жұмыс. Ұлттық музыкалық аспаптар тарихынан қысқаша түсінік беру.
ІҮ.Жаңа сабақты бекіту
-
Ал, балалар, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы сылдырмақты әшекейлеу және күйдіру технологиясы (аса таяқ) сылдырмақ жаңа айтып өткендей музыкалы аспап.
-
Ұлттық музыкалық аспаптар және оның ішінде сылдырмақтың шығу тарихы туралы кең көлемде жүйелі түсінік беру.
-
Музыкалық аспаптардың жасалу технологиясы туралы түсінік беру.
-
Сылдырмақтың түрлері және оның әшекейлеу технологиясы туралы тақтадағы плакаттарды пайдалана отырып түсінік беру.
-
Оқушыларды сылдырмақтың эскиздері және оның жасалу технологиялық картасымен таныстыру.
-
Оқушыларды сылдырмақтың эскиздері және оның жасалу технологиялық картасымен таныстыру
Техника қауіпсіздік ережесі:
Ал, балалар, сабағымыздың практикалық бөліміне көшейік. Алдарындағы ағаш тақтайшаға ең бірінші тақтадағы технологиялық картадағы кезеңдер бойынша рет-ретімен жұмыс бастаймыз.
-
Сылдырмақтың 3 түрлі эскизі ақ параққа саламыз. (Мұғалімге тексертеміз).
-
Эскиздердің ішінен біреуін таңдап ағаш тақтайша бетіне алкендерді түсіреміз.
-
Алдарындағы қаңылтыр, банканың қақпағынан берілген өлшем бойынша дөңгелек кескіндер кесіп алып дайындаймыз.
Ү.Сабақты қорытындылау және оқушыларды бағалау
Ал балалар сабағымыздың келесі бөлімін сылдырмақ әлеміне саяхат деп атадық.
-
Сылдырмақ әлеміне саяхат.
-
Сылдырмақ биі.
-
Ал, балалар, сабағымыздың негізі болған сылдырмақты кәдеге жарағынан көрейін.
ҮІІ.Үйге тапсырма:
Балаларды бағалау. Үйден музыкалық аспап сылдырмақтың (аса таяқ) тарихын оқып келу.
VII. Шеберхананы жинастыру
Биші қыздар сылдырмақ биін билеуде
Сабақ барысы
Оқушылардың жұмыс жасау кезеңінен көрініс