- Учителю
- Сабақ жоспары тақырыбы: КЕСТЕ ТІГУ ӨНЕРІ
Сабақ жоспары тақырыбы: КЕСТЕ ТІГУ ӨНЕРІ
КЕСТЕ ТІГУ ӨНЕРІ
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: кесте тігу технологиясын меңгерту;
Дамытушылығы: кесте тігуді күнделікті өмірде қолдануын, ізденісін дамыту;
Тәрбиелігі: әдемілікті бағалауға, талғампаздыққа, үнемділікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: еңбек, тарих, сызу, математика.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдісі-тәсілі: түсіндіру, сарамандық жұмыс.
Сабақтың көрнектілігі: кесте түрлері, сызбалар, сабаққа қажетті қосымша құралдар.
Сабақтың барысы:
-
Үйымдастыру кезеңі.
-
Жаңа сабақ. Кесте тігу өнері.
Өнердегі намыс емес жылап сұрау,
Халқым көп өнермен таластың-ау.
Бір-бірден санап бәрін айта алмаймын,
Біреуі сол өнердің кесте тігу.
Кесте - ерте кезден бастап қолданылып келе жатқан қолөнер түрі. Кесте тігуге қажетті матаны әжелеріміз қалың материалдардан таңдаған: барқыт, пүліш, жібек кездемелер.
Кестені әрлеуге алуан түсті жіптер, орташа ине, қарапайым дөңгелек көргіш, қайшы, оймақ түйреуіштер, өлшеуіш қажет. Кесте санап тігілетін (жіпті санап отырып кестелеу) және еркін (санамай) кестелеу деп бөлінеді.
Бүгінгі сабағымызда санап кестелеу, оның ішінде айқас тігісті қолдану арқылы кестелейміз.
Айқас тігіс - кестенің ең көп тараған түрі. Бұл тігілуі қарапайым, әрі әдемі кесте.
Оның мөлшері кестелейтін жіптің жуан, жіңішкелігін, матаның қалындылығына байланысты. Бұл кестені үш түрлі жолмен тігуге болады.
-
Матаның теріс жағынан тік тігіс түсіру.
-
Матаның теріс жағынан көлденең тігіс түсіру.
-
Көлбеу айқас тігісі.
Жалпы алғанда, кесте әдемі, қарапайым, ерекше қолөнер туындысы.
Сарамандық жұмыс.
Оқушыларды екі топқа бөлу, бөлінген топқа тапсырма беру
-
топқа тапсырма:
Айқас кестенің түрленуін қағазға салып көрсету.
-
топқа тапсырма:
Айқас кестенің түрленуін матаға салып көрсету.
Сергіту сәті: «Кесте» сөзжұмбағын шешу.
Сұрақтары:
-
Кесте тігуге қолданылатын жабдық.
-
Ою-өрнектің бір түрі, бешпенің, қамзолдың, шапан мен тақияның жиектеріне салынады.
-
¥сақ, домалақ, сопақша, әр түрлі хрусталь, шыны, металл керамикалы материалдардан жасалған моншақтар.
-
Ең көп қолданылатын тігіс түрі.
-
«Үй мәдениеті», «Тамақ әзірлеу», Тұрмыстық техника», «Сәндік-қолданбалы өнер элементтерін», «Терең меңгергеруге көмек беретін оқулық»
-
Сабақты қорытындылау (сұрақ-жауап).
Үйге тапсырма беру.