7


  • Учителю
  • Фанер және полистиролды қыларамен аралау 8 сынып

Фанер және полистиролды қыларамен аралау 8 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

8 сынып

Пән: Технология

Сабақ №13

Тақырып: Фанер және полистиролды қыларамен аралау

Сабақтың мақсаты: қыларамен жұмыс істеу принциптерімен таныстыру

Дамытушылық: қазіргі кездегі электр қыларамен жұмыс істеге икемделу

Тәрбиелік: Оқушыларды сабырлыққа, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Құрал - жабдықтар, көрнекті құралдар:сурет, қылара, фанер т.б.

Сабақ түрі: Аралас

Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру.

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен амандасу

ә) тізім бойынша оқушыларды түгендеу

б) оқушының сабаққа дайындығын тексеру

ІІ. Жаңа сабақты баяндау

Тақырып: «Фанер және полистиролды қыларамен аралау»

Фанер пайда болғалы бері одан үйге қажетті керек - жарақтарды, ұсақ - түйектерді жасай бастады.

Қазіргі кезде жұқа тақтайлардан аса шеберлікпен аралап өрнектеу кеңінен тараған (коньки, карниз, терезе, есікке маңдайша әшекейлері, т.б.) Аралау арқылы ұсақ - түйек жасау оншалықты қиын емес. Ол үшін арнайы орынның, соншалықты көп құрал - саймандардың да ерегі жоқ. Ең алдымен, жарық жақсы түсетін үстел, содан кейін қылара, әртүрлі ұсақ аралар, егеу және пышақ керек.

Қазіргі кезде ұсақ - түйек жасау үшін фанермен бірге жаңа материал - полистирол қолданылады. Түсті оргшынымен үйлесіп, өрнек астары ретінде қолданылатын дәстүрлі фанерді полистиролмен алмастыруға болады. Оргшыны және полистирол бөлшектерін бір - бірімен желімдеу арқылы қосуға болады. Бұларды желімдеу үшін №647 еріткіш және №648 автомобиль нитроэмалі қолданылады. Еріткіштің басқа нөмірлері мен сорттары полистиролды еріте алмайды.

Есте сақтау. Циакрин мен дихлорэтан - өте улы қосылыстар. Фанерден жасалған бөлшектерді, бұйымдарды өзара ПВА желімі арқылы, сондай - ақ тиектер, металл капсырмалар және шканттар арқылы біріктіреді.

Қылараға арналған ара төсемдері. Қайырылған ірі тісті қыларамен фанерді аралауға, ал жақсы шынықтырылған ұсақ тісті кішкентаймен біршама қатты материалдарды аралауға болады. Мұндай аралармен жұқа полистиролдан ұсақ өрнектер аралаған ыңғайлы және аралаған жоғарыдан төмен қарай бір бағытта аралайды. Сол үшін ара төсемін қылараға бекіткенде, тістерінің бағытына назар аудару керек.


ІІІ. Жаңа білімді бекіту:

  1. Фанерді қандай арамен аралайды?

  2. Қылараның құрлысы неден тұрады?

  3. Фанердің орнына қандай материалды қолдануға болады?

ІV. Сабақты қорыту:

  1. Оргшыны мен политиролды қандай желіммен желімдеуге болады?

  2. Фанерден жасалған бұйымдарды немен біріктіреді?

V. Үйге тапсырма беру: фане немесе политиролдан ою өрнек жасап келу


VI. Оқушыларды бағалау







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал