7


  • Учителю
  • 7 сыныпка арналган сабак жоспары 'Олшем алу. Тунги койлектин М 1Х4 сызбасын курастыру'

7 сыныпка арналган сабак жоспары 'Олшем алу. Тунги койлектин М 1Х4 сызбасын курастыру'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сынып - 7 күні ________

Тарау тақырыбы:Киімді жобалау және дайындау

№10 сабақтың тақырыбы:Өлшем алу. Түнгі көйлектің М1:4 сызбасын құрастыру

Мақсаттары:

Білімдік - оқушыларға өлшем алып, түнгі көйлектің М1:4 сызбасын құрастыру туралы айтып түсіндіру;

Тәрбиеушілік - жинақылыққа, жүйелілікке тәрбиелеу;

Дамытушылық -түнгі көйлектің М1:4 сызбасын құрастыру арқылы білімдерін қалыптастыру.

Сабақтың жүргізу әдісі: әңгімелесу арқылы пысықтау, мұғалімнің бақылауы арқылы өздігінен жұмыс істеу.

Құрал жабдықтар:оқулық, жұмыс дәптері, нұсқау картасы.


Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау;

ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  1. Өткен тақырыпты қайталау

Өткен тақырыпты сұрақтар арқылы тексеру:

1. Иық бұйымдарына не жатады?

Иық бұйымдары деп, аты айтып тұрғандай, иыққа киілетін барлық бұйымдарды айтады. Оларға көйлек, халат, шапан, камзол, тон жейде, костюм т. б жатады.

2. Көйлек қандай бөліктерден тұрады?

Көйлек көбінесе белдемшеден және үстіңгі бөліктен құралады. үстіңгі бөлік артқы - алдыңғы бөліктерден, жең, жағадан тұрады.

3. Қолданылуына қарай бұйымдар қандай түрге бөлінеді?

Киім қолданылуына қарай: тұрмыстық, күнделікті, салтанатты болып бөлінеді

4. Әйел, ер киімдерінің конструкциялық ерекшеліктері?

Әйелдер киімі: Кеуде, бел, иық бүкпелері болады. Ерлер киімі: Иығы кең, түймелік орны солдан оңға қарай бағытталған

5. Силуэт бойынша қандай түрге бөлінеді?

Силуэт бойынша - қынамалы , жартылай қынамалы, тік түрлерге бөлінеді

6. Камзол қандай маталардан тігіледі?

Камзолдың материалы - көбіне түкті пүліш, барқыт, шұғадан тігеді. Ол міндетті түрде бір түсті матадан тігіледі. Әйелдердің жасына қарай камзолдың түсі өзгеріп отырады. Қыздар көбіне алқызыл түсті, орта және үлкен жастағы әйелдер негізінен көк, жасыл, сарғыш түсті камзолдар киеді.

7. Камзолға түйме орнына қадалатын әшекей бұйым?

Камзолға түйме салынбаған, оның орнына ұсталар соққан қарсы ілгектер тағылған.

8. Камзолдың өңіріне, етегіне сәндеуге арналған тігіс?

Камзолдың өңіріне, етегіне ою - өрнек жүргізілген. Жылтыр матадан немесе сәнді жіптермен әр түрлі оюлар жасаған.

  1. Жаңа тақырыпты мазмұндау

Иық бұйымдарын сызбаны құрастыру үшін алынатын өлшемдер

Құрал жабдықтары: сантиметірлік лента, қарындаш, сызғыш, дәптер, бау.


Өлшемдердің атауы

Өлшемдердің әріптік белгісі


Өлшемдерді алу реттілігі

Кеуденің жартылай қынауы

Кжқ

Көлденең, кеуденің шығып тұрған нүктелер арқылы

Белдің жартылай қынауы


Бжқ

Көлденең белді айналдыра

Мықынның жартылай қынауы

Мжқ

Көлденең, іштің шығыңқысын ескере отырып мықынды айналдыра

Кеуденің биіктігі

Кб

Мойын мен иықтың қиылысқан нүктесінен бастап кеуденің шығыңқы нүктесіне дейін

Арқаның белге дейінгі ұзындығы

Аб.ұз

Иықтың ең биік шығып тұрған нүктесінен бастап омыртқа бойы арқылы белге дейін

Бұйымның ұзындығы

Бұз

Жетінші мойын омыртқасынан бастап омыртқа бойы арқылы қалаған ұзындығына дейін

Иықтың ұзындығы

Иұз

Мойын мен иықтың қиылысқан нүктесінен бастап иық пен қолдың қиылысқан нүктесіне дейін

Жеңнің ұзындығы

Жұз

Шынтақ жәймен бүгілген иық пен қолдың қиылысқан нүктесінен бастап шынтақ арқылы білекке дейін

Жеңнің жоғарғы жақтың қынауы

Жжжқ

Көлденең кең бөлігі бойымен

Мойының қынауы


Мқ

Мойынның бойымен

Барлық өлшенген өлшемдерді дәптерге жазып қой


Тұтас пішілген жеңмен иық бұйымдарын құрастыру негізі

Құрал жабдықтары:сызғыш, қарындаш, түрлі түсті қарындаш, милиметрілік қағаз

Орындалу реті

Сызбасы


Үстінгі сол жақтың бұрышына В нүктесін белгілеу. В нүктесінен көлденең сызық жүргізу. Сол В нүктесінен тігінен сызық жүргізу

ВН = Бұз = ....см.

В нүктесінен оңға қарай иық сызығы бойынша бұйымның енін жүргізу ВВ1

Формула бойынша есептегенде:

ВВ1= (Кжқ + Кжққ):2= (...+6) :2=....см.

Екі жақтан түзу тікбұрышты сызу ВН және ВВ1. Н1 нүктес деп белгілеу.

В нүктесінен оңға қарай ВВ2 мойынның енін белгілеу. Формула бойынша есептегенде:

ВВ2 = (Мқ:3)+1 = (.... : 3)+1=....см.

Арқа сызығы бойынша ВВ3 белгілейміз:

ВВ3= ВВ2:3=.... : 3=....см.

Суретте көрсетілгендей В2 және В3 нүктелерін доғал сызықпен қосу.

В нүктесінен астыға қарай алдынғы мойын ойындысының ВВ4 тереңдігін белгілеу. ВВ4 = ВВ2 +1=...+1=....см.

В2 және В4 нүктелерін доғал сызықпен сызып

В1 нүктесінен формула бойынша есептелгенін астыға қарай белгілеу:

В1Г = (Жжжқ: 2)+ Жжжққ= (...: 2)+7=....см.

Г нүктесінен оңға қарай көлденең сызық жүргізу.

В1 нүктесінен оңға қарай В1 В5 жеңнің ұзындығын белгілеу. Көбінесе 5 - 7 см ге жуық болады. В1 В5 = 6 см.

В1Г және В1 В5 тік бұрышты аяқтап Г1 нүктесі деп белгілеу.

Г нүктесінен астыға қарай ГГ2 кесіндісін белгілеу, ГГ1 = 6 см кесіндісіне тең. Г1 және Г2 нүктелерін түзу сызықпен қосу.

Жан қиындының доғал сызығының бөлігін құрастыру үшін қосымша сызықтарды құрастыру керек. ГГ2 кесіндінің ортасына Г3 нүктесін белгілеу. Осы нүктеден 1 - 1,5 см перпендикуляр жүргізіп Г4 нүкте деп белгілеу. Г1, Г4, және Г2 нүктелерін доғал сызықпен қосу.

Бұйымның етегін кеңейту үшін астынғы сызығын оңға қарай Н1 және Н2 қиындысын жүргізу. Көбінесе 8 - 12 см ге тең болады. Н1 Н2 =....см.

Н2 және Г2 нүктелерін түзу сызықпен біріктіру.


Н2 нүктесінен жоғары Н2 Г2 сызық бойымен 1,5 см өлшеп алып Н3 нүктесі деп белгілеу. Н1 Н кесіндісінің ортасын Н4 нүктесі деп белгілеу. Н4 және Н3 нүктелерін суретте көрсетілгендей қисықтау сызықпен қосу.

В нүктесінен астыға қарай ВТ арқаның белге дейін ұзындығын белгілеу.

ВТ= Аб.ұз =....см.

Т нүктесінен көлденең сызық жүргізіп қиылысқан нүктелерін Т1 және Т2 деп белгілеу

Т2 нүктесінен Т2 Г2 сызық бойымен үстіге қарай 1,5 см өлшеп алып Т3 деп белгілеу. ТТ1 кесіндісінің ортасын Т4 деп белгілеу. Т4 және Т3 нүктелерін суретте көрсетілгендей қисықтау сызықпен қосу.

Негізгі сызбаның контурын қалың сызықпен айландырып сызу. Осымен сызбаны негізін құрастыруы аяқталды.


  1. Сарамандық жұмыс

өз өлшемдерін алу , түнгі көйлектің М1:4 сызбасын құрастыру

  1. Оқушылардың өз бетінше жұмысты орындау

Бірінші жол: Жұмыс орнын ұйымдастыруды және жұмысты қабылдап алу қауіпсіздігін тексеру.

Екінші жол: оқушылардың жұмысының технологиялық бірізділігін тексеру.

Үшінші жол: түнгі көйлектің М1:4 сызбасын құрастыру кезінде өз - өздерін тексеріп бағалау.

Жақсы үлгеретін оқушыларға жеке қосымша тапсырма беру.

  1. Қортынды

а) сабақта игерген білімдерін сұрақтар арқылы тексеру:

  1. Иық бұйымдарын сызбаны құрастыру үшін қандай өлшемдер алынады?

  2. Сызбаны құрастыру үшін қандай құрал жабдықтар қажет етеді?

  3. Мойынның енін белгілеу үшін қандай формуламен есептейді?

  4. бұйымның енін белгілеу үшін қандай формуламен есептейді?

ә) ерекше қателерін және оның себептерін талдау;

б) әр бір оқушының жұмысын бағаларын қорыту;

в) үй тапсырмасы - түнгі көйлектің М1:4 сызбасын құрастыру

  1. Жұмыс орнын жинастыру



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал