7


  • Учителю
  • Технология пәнінен ашық сабак

Технология пәнінен ашық сабак

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Ағаш діңінен алынатын өнім түрлері.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ағаш өнімінің адамзатқа келтіретін пайдасы және оның қолданылуы туралы мағлұмат беру.

Көрнекілік: Плакатқа салынған ағаш материалының құрылысы мен түрлері. Ағаш материалының әр түрлі формадағы кесілген түрлері.

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Жаңа сабақ.

  3. Бекіту.

  4. Өзіндік жұмыс.

  5. Бағалау.

  6. Үйге тапсырма.

Сабақ барысы:


  1. Ұйымдастыру кезең.

Сабаққа қатысқан оқушылар тізімін журнал бойынша тексеру. Кезекші оқушы оқушылардың құрал-жабдықтарын тексеріп, түгендеп мұғалімге көмектеседі.


  1. Жаңа сабақ. «Ағаш діңінен алынатын өнім түрлері»

Ағаш діңінен көптеген материалдардың кесінділері өңделеді. Олар ағаш ұсталығының барлық өңірінде кең көлемде қолданылады.

Мысалы, құрылыста есік-терезе, еден, шатыр жабуға арналған материалдар. Олар өлшемдеріне, жан-жағының кесілуіне орай әр түрлі материалдарға бөлінеді. Ағаш түрлерінің түрлері мына суреттерде көрсетілген. Ол дөңбектер деп тілінген ағаштардың жалпақтығы 100 мм-ден жоғары, төрт бұрышты материалды айтамыз.

Тақтай дегеніміз - ағаштың жалпақтығы қалыңдығынан екі есе көп өлшемді қамтитын материал. Тақтайлар да барлық жағы толық кесілген жартылай кесілген немесе екі жағы ғана кесілген болып әр түрлі сорттарға бөлінеді .

Стропила (шпарқа) - дегеніміз тақтайдың қалыңдығынан үш-төрт есе көп өлшемді алатын материал. Оның өлшемі - 50 * 150 немесе 50 * 200 мм болады.

Обрешетка деп - 50 * 50 мм өлшем бірлікте кесілген ағаш бөлігін айтамыз. Бұл материалдан еден жиектерін, плинтус т.б. дайындайды.

Шпал деп - 150 * 200 мм өлшемде өңделген діңгекті айтамыз. Бұл материалды арнаулы темір жол құрылысына қолданады.

Горбыль - деп ағаш діңін кесу кезінде шыққан жартыкеш тақтай бөлігін айтамыз.

Ағаш дегеніміз - өсіп тұрған тығыз материал. Ол тамырынан, діңінен, бұтағынан тұрады.

Халық шаруашылығында қай салада болсын ағаш материалы кеңінен қолданылады.

Кесілген ағаштардан еден тақтайшаларын керегөз (50 * 50 ), белағаш (50 * 50), шпал (200 *200), шпон (1 * 1,5) т.б. материалдар дайындайды.

Тақтай дегеніміз, кесілген ағаштың ені қалыңдығынан екі еседен артық болатын материал.

ДВП - дегеніміз, жартылай құрылыс материалы. Ол құрылыста ғана емес, жиһаз жасауда да кеңінен пайдаланады. Сонымен қатар саз аспаптарын жасауда өте қажет. Ағаш ұнтағын желімге араластырып нығыздау арқылы шығаратын материалды ДСП дейміз.

Шпон - ағаштың жіңішке кесіндісі. Шпонды екі жолмен өңдейді: 1) арнаулы жылжымалы станокпен, яғни станок пышағы қозғалыста болады. 2) Станок пышағы қозғалмайды, ағаш үнемі айналыста болады.

Ұшқат - шпонды бірнеше қабаттап желімдеген материал. Саз аспаптарының сыртқы негізі ұшқақ. ДВП-ға қарағанда, ол қатты және мықты болады. Ұшқат суға, ылғалға төзімсіз, ондай жағдайда әр жері ісініп, істен шығып қалады.

Өзіндік жұмыс

Карточка бойынша әр оқушыға тапсырма беріледі. Оқушылар жұмыс дәптерлеріне әр түрлі фигуралар салады. Сарамандық жұмыс кезінде осы өздері салған суреттерді ұшқат бетіне түсіріп оны күйдіру арқылы әдемі портреттер, фигуралар жасайды.


Бағалау.

Сарамандық жұмыс кезінде ең тез, әрі көркем салынған жұмыстарға баға қойылады.


Үйге тапсырма.

Елестету арқылы өздеріне ұнаған фигураларды жұмыс дәптеріне салып келу.


Пушкин орта мектебі





Тақырыбы:















өткізген: Альханов Н.С.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал