7


  • Учителю
  • Шағын кәсіпкерлік Сабақ /10 класс/

Шағын кәсіпкерлік Сабақ /10 класс/

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Технология сабағында экономикалық тәрбиелеу арқылы кәсіптік білім беру

Башақов Болат Орынғазыұлы

«Өкпеті» орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі

ШҚО Тарбағатай ауданы Үштөбе ауылы

Бүгінгі біздің мектепте оқытып тәрбиелеп отырған оқушыларымыз ұлтымыздың болашағы. Осы болашақ жеткіншекке мектеп қабырғасында мамандық таңдау жауапты міндет екенін түсіндіру қажет. Оқушы мамандық таңдауда мынадай талаптарды ескеруі қажет:

1. Таңдаған мамандық өзіне ұнауы керек;

2. Бойында сол мамандыққа сәйкес келетін қабілеті, икемі болуы;

3. Таңдаған мамандығы еңбек рыногында сұранысқа ие болуы;

Осындай талаптарды дұрыс ескермеген оқушы ертең таңдаған мамандығының білікті маманы болмауы немесе жұмыссыздар қатарына қосылуы әбден мүмкін. Осындай қателіктерге бой алдырмау үшін мектепте дұрыс мамандық таңдау және кәсіптік білім беру арқылы жұмысшы мамандарын даярлау жұмыстарын жүргізу міндеттеледі.Оқушылардың жалпы білімін көтеру, олардың біліктілігін, дағдыларын қалыптастыру қажеттігі еліміздегі ғылыми-техникалық және әлеуметтік-мәдени жетістіктердің қарыштап дамуынан туындауында. Жастарды оқытуға, оларға кәсіби білім беруге , қоғам мен мемлекеттің бүгінгі таңда барынша назар аударуы сондықтан.Оқушыларға кәсіптік білім беру және мамандық таңдау жұмыстарын ашық сабақтар, пікірталастар, кештер арқылы жүргізуге болады. Сабақтың тақырыбы: Шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды экономикалық негізгі ұғымдармен таныстыру және өмірде пайдалана білуге үйрету, 2. Әр түрлі кәсіпкерлікті ұйымдастыра білу, ұжыммен жұмыс жасау қабілетін дамыту. 3. Өзіндік ізденуге, іскерлікке, шеберлікке, тапқырлыққа, үнемділікке, өзара жолдастық көмекке тәрбиелеу. Сабақтың әдісі: топпен жұмыс. Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ. Сабақтың типі: қорытынды сабақ. Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, қолөнер көрмесі. Сабақтың барысы I. Ұйымдастыру кезеңі. -Оқушыларды 2 топқа бөлу, 1- топ «Барқытбел» туристік фирмасы, 2-топ жарнамалау агенттігі. -«Барқытбел» туристік компаниясының ұйымдастырушылары: 1.Кәсіпорын президенті. 2.Кәсіпорын маркетинг саласын басқарушы. 3.Кәсіпорын менеджері. 4.Кәсіпорын вице-преиденті. -Жарнамалау агенттігінен қатысушылар: 1.Жарнама агентігінің атқарушы директоры. 2.Жарнама агенттігінің менеджері.

- Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы II. Үй тапсырмасы 1-тапсырма. Мына берілген мамандықтарды 5 типке бөліңдер. Мамандық түрлері: Агроном, жүргізуші, токарь, дәрігер, шахтер, сатушы, мұғалім, жолсерік, программист, суретші, кассир, дизайнер, инженер, шаштараз-стилист, банкир, бухалтер, журналист, бағбан, фотограф, зоотехник,құрлысшы, прокурор, монтер, фермер, стюардесса, радио-механик, омарташы, аудармашы 1. Адам-табиғат- 2. Адам-техника:- 3. Адам-адам:- 4. Адам-белгілер жүйесі- 5. Адам-Көркем бейне:- 2-тапсырма. Мына қасиет түрлерін мамандық түрлеріне сәйкестендір.

Мамандықтар: Қасиеттер:

Жүргізуші Әділдік

Программист Мейірімділік

Аспаз Есте сақтау

Жаттықтырушы Қырағылық

Дәрігер Дарындылық

Мұғалім Шығармашылық

Журналист Көру

Заң қызыметкері Иіс сезу

Музыкант Шыдамдылық

Фотограф Табандылық

Бухалтер Талапшылдық

Күзетші Тапқырлық

3-тапсырма. Тест

1.Жер бетінде қанша мамандық түрлері бар?

а) 30000 б) 32000 в) 34000;

2. Мамандықтар неше типке бөлінеді?

а) 2; б) 3; в) 5;

3. Мамандық таңдауда адам өз бойында қандай қасиеттерді жетілдіруі керек?

а) тәрбиелік; б) шешім қабылдағыш; в) барлығы дұрыс;

4. Мамандық меңгерген адамды қалай айтады?

а) маман; б) мамандық; в) кәсіпкер;

5. Мұғалім, дәрігер, тәрбиеші қандай типке жатады?

а) Адам-Техника; б) Адам-Адам; в) Адам-Белгілер жүйесі;

6. Адам-Табиғатқа жататын мамандық түрі?

а) ұста; ; б) тігінші; в) агроном;

7. Ұстамдылық қандай кәсіп иесіне қажет?

а) суретші; б) сатушы; в) музыкант;

8. Малшыға қандай талап қойылады?

а) шебер; б) күш иесі; в) шыдамды

9. Келісім сауда және биржалық келісім жасағанда арада жүретін адам.

а) дилер; б) маклер; в) брокер;

10. Мамандық таңдауда қандай әдеттерден аулақ болу керек?

а) үстірт қарау; б) әлсіздік; в) бәрі дұрыс;

III.Жаңа сабақ -Оқушылар, біз бүгін шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру тәсілдерімен, бизнес бастамасымен танысамыз. Бизнес-ағылшын тілінен аударғанда кәсіпкерлік, сауда-саттық деген сөз. Бизнес пайда табуға бағытталған әрекеттің, экономикалық қызметтің бір түрі, жеке кәсіпкердің немесе фирманың іскерлік қызметі. Бизнес адамның табиғи қасиеттеріне, біліміне негізделе отырып, қандайда болмасын бір істен кіріс кіргізуге, өзінің материалдық, рухани қажеттілігін қанағаттандыруға, сонымен қатар қоғамға пайда келтіруге мүмкіндік береді. Бизнесті ұйымдастырудың мынадай үш түрі бар. 1 .Жеке басты иелік. 2. Серіктестік. 3.Корпорация. 1. Жеке басты иеліктің иесі- бір кісі немесе бір отбасы. Бұл кәсіпкерлікті ұйымдастырудың ең қарапайым жэне арзан түрі. 2.Серіктестік- кәсіпкерліктің бұл түрінің екі немесе бірнеше ортақтас иелері болады. Бірнеше кісінің серіктес болуы қосымша қаржы көздерін ашады. Серіктес кісілердің әрқайсысы ортақ іске өз идеяларын жэне таланттарын салады. 3. Корпорация- ашылғанда тіркелуі туралы ресми құжат алынатын кәсіпорын ұйымдастыру түрі. Корпорацияға иелік құқы акциялар бойынша бөліп таратылады, корпорация иелері акция ұстаушылар деп аталады. Бүгінгі сабағымызда бизнестің серіктестік түрін ұйымдастыруға байланысты болады. 1. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы: Қазіргі таңда елімізде шағын бизнесті дамыту және оны қолдау жақсы жолға қойылған. Сондықтан ауданымызда көптеген шағын бизнес орталықтары ашылып жатыр.Осындай бизнестің бір түрі бүгін бізге «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының қолдауы бойынша құрылған «Барқытбел» туристік компаниясы серіктес түрінде кұрылған. Енді осы компания ұйымдастырушыларына сөз берейік.

2. Жарнама агенттігінің атқарушы директоры. Бүгін біз сіздердің жаңадан ашылған «Барқытбел» атты туристік компанияның шақыруымен келіп отырмыз. Сіздердің бастаған жұмыстарыңызға сәттілік тілей отырып, осы компания туралы кеңірек білгіміз келеді. Ал, біздің жарнамалау агенттігі Қазақстан Республикасында шығарылған өнімдердің және қызмет көрсету саласының бірнешеуін жарнамалаған танымал агенттік. Мысалы, «Барлық-Арасан» сауықтыру орнын, «Ақсуат» минералды суларын, т.б. жарнамалағанбыз.

3. «Барқытбел» туристік компанияның президенті:

-Бүгін біздің компанияның ашылу салтанатына қатысып отырғандарыңызға рақмет. Енді мен сіздерді осы компанияның жұмыстарымен таныстырайын. Біздің ауыл Шығыс Қазақстан облысының ең қиыр шетінде орналасқан . Қысы жылы, ал жазы қоңыр салқын болып келеді. Ауылды биік Доланқара, Қызылтас, Өкпеті, Тарбағатай таулары қоршап тұр. Осы таулардан Боғас, Базар өзендері және көптеген бұлақтар ағып жатыр. Осы сулардың бойы көк майса шөп өскен, орман-тоғайлы, табиғаты сұлуда, әсем, суы мен ауасы таза адамдар дем алуына қолайлы және таптырмас орын болып табылады. Бұндай орындарға Кемпіртас. Тесіктас, Сынтас, Көксу, Қабанбай шаты т.б. жерлерді жатқызуға болады.

Осындай әсем жерлерге қала мен даладан адамдар дем алуға жыл сайын келіп жатады. Бұл адамдарға көңілді демалыс ұйыдастыру мақсатында біз өзара ақылдасып, кеңесе келе адамдар дем алуына барлық жағдай жасайтын демалыс орыны «Барқытбел» туристік фирмасын құрдық. Біздің компания серіктестік ретінде кұрылған. Бізде үш ортақтас иелері бар. Компаниямызда 50 адам жұмыс істейді. Барлығы өз істерінің маман иелері. Компаниямыздың бизнес-жоспары қажетті сұрақтарға жан-жақты ойланған жауаптардан құралған.

1. Біздің компанияның алға қойған мақсаттары? (Келген қонақтарға сапалы қызмет көрсету) 2. Бұл істі неге бастағымыз келді? (Кәсіпкерлікті дамытып, нарықта бәсекелестікті тудыру) 3. Қаржылық мақсаттар (Адамдарға сапалы қызмет көрсетуге талапқа сай орындар ұйымдастыру үшін қаржы көздерін салу, қызмет түрлерінен компанияға пайда келтіру) 4. Біз компанияның жылдық жалпы айналымы қандай болғанын қалаймыз? (Компанияға кеткен шығындарды толық жауып, пайда келтіру) 5. Компанияға қанша жұмысшы және қанша уақыт қажет? (Компания адамдарға сапалы қызмет түрлерін өзгертуге байланысты қажетті жұмысшы саны да өзгеріп отырады. Компанияны жыл сайын дамытып отырамыз.) 6. Компания жұмысшыларға қанша ақша төлеуі керек? (Келісім шартта көрсетілген жалақыны уақтылы төлеуді және қызмет сапасы өскен сайын ақша төлеу де өседі.) 7. Біздің компания қандай қызмет түрлерін көрсете алады? (Келген адамдарға сапалы қызмет және тапсырыспен қызмет көрсетеді) 8. Компанияға жарнама керек пе? (Компаниямызды адамдар толық танып білу үшін жарнама өте қажет) 9. Біздің қызметіміз қандай табыс әкеледі? (Адамдарға көрсеткен қызметіміз неғұрлым сапалы болып, тұтынушылар көп болатын болса, компания соғырлым табысты болады) 10. Компнияның тұтынушылары кімдер болады? (Қаладан және таза ауада демалғысы келетін қонақтар) 11. Компанияға негізгі табысты не әкеледі? Тұрақты тұтынушыларға қызмет көрсету ме? Әлде жеке тапсырыс берушілерге қызмет көрсету ме? (Негізгі табыс тұтынушыларға және жеке тапсырыс берушілерден түседі) 12. Компанияның қарыздарының көлемі қандай? (Қарыздарының көлемі өзгермелі) 13. Компания ай сайын қанша кіріс әкеледі? (Кіріс көлемі де өзгермелі) 4. «Барқытбел» туристік компаниясының қаржы бойынша вице-президенті: Компанияда қызмет көрсету саласынан түскен таза пайда мен әр түрлі кеткен шығындар арасындағы өзара байланыс жұмыстағы өнімділікті түсіну үшін өте маңызды. Негізінен компанияның шығындары тұрақты және айнымалы болады. 1. Жанар-жағар майға төлемдер (Айнымалы) 2. Электр энергияға ақы төлеу (Айнымалы) 3. Сауда өндірістік комиссиондық ақша төлеу (Айнымалы) 4. Өрт болудан сақтандыру (Тұрақты) 5. Қьізмет көрсетілудің қысқартылуына байланысты жалақы төлеу (Айнымалы) 6. Компанияның жұмысшыларына жалақы төлеу (Айнымалы) 7.Әр түрлі салықтар (Айнымалы)

Компанияның негізгі пайда қызмет көрсетуден және сатудан түседі. Компанияның 60%, 70% -ға дейінгі қаржылары ішкі қаржы көздерінен түседі. Компанияға демалысқа адамдар келуіне байланысты қызмет көрсету көлемі өзгеріп отырады, сондықтан шот есеп бойынша көп ақша түседі. Ал енді бірде ақша ағымдық шығындарды жабуға жетпей қалуы мүмкін. Мұндай жағдайдан шығудың төрт жолы бар:

1. Жинақ ақшаны пайдалану.

2.Қарыз алу.

3. Компанияның ортақтас иелерінен қосымша капитал табу.

4. Шығындарды қысқарту.

5. Жарнама агенттігінің менеджері:

-Сіздердің компанияларыңыздың жұмыстарын жарнамалау туралы ақпаратты тұтынушыға жеткізудің ең тиімді және қымбат емес тәсілі.

-Жарнама сапалы қызметті, жақсы өнімді өндіруге , төменірек бағаларға және кең таңдауға әкелетін бәсекелестікті ынталандырады.

- Жарнамадан түскен табыс жалпы ақпараттық қүралдарда 200 мыңға жуық қызметкерлерді жұмыспен қамтамасыз етіп отырған индустрия.

Енді сіздердің компанияларыңыздың келген қонақтарға көрсететін қызмет түрлерімен таныстырсаңыздар.

6. «Барқытбел» туристік компаниясының маркетинг бөлімінің басқарушысы.

Бүгін біз келетін қонақтарға көрсететін қызмет түрлерімен таныстырамыз. Демалыс үшін алыстан келген адамдарға ең алдымен жайлы, жақсы дем алатын орын және дәмді тағам болуы керек. Бұндай жағдайларды біздің компания дұрыс жолға қоя білген. Біздің компанияда келген қонақтарға жақсы үлгіде жабдықталған қонақ үйі және «Ақ дастархан» дәмханасы қызмет көрсетеді. Қонақ үйлер келген адамдар таңдауына қарай , талғамдарына қарай жайлы да, жақсы жатын бөлмелерді таңдау жасауына болады. Қонақ үй қызметкерлері келген адамдарға жоғарғы сапада қалтқысыз қызмет көрсете алады.

Ал, «Ақ дастархан» дәмханасы келген қонақтарға тек қана қазақтың ұлттық тағам түрлерін ұсынады. Дәмхана жоғарғы сапалы жабдықтармен, жиһаздармен жабдықталған. Дәмхана қонақтарға өте сапалы қызмет көрсете алады.Бұл дәмханада ұлттық тағамның бауырсақ, шелпек, жент, қазақша ет, қуырдақ, сірне, бесбармақ, палау, манты, лағман, қазы-қарта, жал-жая, қазақша сорпа, айран, қаймақ, қатық, құрт, қымыз, шалап, бидай көже, тағы басқа да ұлттық тағам түрлерін тапсырыс беріп дәм татуларыңызға болады. Дәмхана қызметкерлері кез-келген уақытта тұтынушылардың тапсырысын орындай алады. Бұдан басқа келген қонақтарға тамаша табиғатты таныстырып, аралататын жолбасшылар қызмет көрсетеді. Бұл адамдар қонақтарға жоғарыда таныстырған ауылымыздың кез-келген көз тартар тамаша табиғатымен таныстырып, аралатып қайтады. 7. Жарнама агенттігінің менеджері. - Біздің агенттігіміз негізінен тұтынушы мен экономиканың мүдесіне қызмет етеді. Біздің фирманың жарнамасы осы саладағы басқа қалған кәсіпорындарды кем дегенде осындай сапа деңгейіне жетуге ұмтылдырады. Мұның басты себебі осы саладағы барлық кәсіпорындарды тұтынушылардың ақшасы үшін бәсекелестік тудырады. Жарнама-тұтынушы сұранымын жандандыра отырып, жалпы экономикаға пайда келтіреді.Қонақтарға басқа да қандай қызметтер ұсына аласыздар. 8.»Барқытбел» туристік компаниясының менеджері -Қазір біздің компания қонақтарды қабылдап, қызмет көрсетуге дайын деп айта аламыз. Дем алуға келген қонақтар ауылымыздың көз тартар табиғатын тамашалап, таза ауасында жақсы дем алып, риза болып қайтады деген ойдамыз. Кез-келген демалушы қайтарда туған-туыстарына, дос-жарандарына сый-сиапат ала қайтуды ойлайды. Осы мақсатты жүзеге асыру мақсатында компания жанында «Қолөнер» шеберханасы жұмыс жасайды. Бұл шеберханада тек қана қазақтың ұлттық бұйым түрлерінің сыйкәделік түрлері жасалады. Жасалған сыйкәделік бұйымдар әсем де сәнді ерекше талғаммен жасалған. Қонақтардың сый-сиапаттық ойын толық қанағаттандыра алады деген ойдамыз. Шеберханада жасалған сыйкәделік бұйымдардың бірнешеуін мына жерден көрулеріңізге болады. Компаниямыз енді құрылғандықтан әлі істелмеген бірнеше жоспарлар бар. Келешекте қонақтарға көрсетілетін қызмет түрлерін ұлғайтып, қосымша жұмыс орындары ашылады. Сондықтан көрсетілетін қызмет сапасы да жоғарылайды. 9. Жарнама агенттігінің директоры. - Сіздердің компанияларыңыздың біршама жұмыстарымен танысып көрдік. Енді біздің жарнамамыз тұтынушыларға арналатындықтан, осы «Барқытбел» туристік компаниясының қызметін және Үштөбе өңірінің тамаша табиғатын обылыстық өңірге тарайтын «Ертіс өңірі», «Дидар» газеттерінде жэне «ТВК-6» мен «Қазақстан-Өскемен» телеарналарында жарнама роликтерін жасаймыз. Сондықтан «Барқытбел» туристік компаниясы мен жарнама агенттік арасында өзара келісім- шартқа қол қоямыз.

10. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы: Сіздердің мына бастаған бизнестеріңіз келген қонақтарға сапалы қызмет көрсетеді және компанияларыңыз уақыттылы салық түрлерін төлеу арқылы ауылдарыңызды көркейтуге, дамытуға өз септігін тигізеді деген ойдамыз. Біз сіздердің Қазақстан Республикасындағы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының қолдауы бойынша бастаған бизнестеріңізге сәтілік тілейміз! Сондықтан «Барқытбел» туристік компаниясы мен жарнама агенттікке нарықтағы бизнестеріңіз дамып, өзара сенімді әріптестікте жұмыс жасайды деген ойдамын. Бүгінгі ашылған «Барқытбел» туристік компаниясын «Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» шағын кәсіпкерлік немесе серіктес деп танып мына мемлекеттік лицензияны тапсырады. IV. Қорытынды. -. Міне балалар бүгінгі сабағымызда шағын кәсіпкерлікті ұйымдастырудың қыр-сырларымен таныстыңдар. Шағын кәсіпкерліктегі компания президенті, менеджер, маркетинг саласын басқарушы, вице-президент жэне жарнама агенттігінің директоры, менеджері сияқты нарықтағы мамандықтармен таныстыңдар. Сендерде болашақта сабақтарыңды жақсы оқып, оқуға түсіп, таңдаған мамандықтың иесі болуларыңа, сол таңдаған мамандықтарыңның білгірі болуларыңа немесе өздеріңе ұнайтын бизнеспен айналысып, шағын кәсіпкерлік ұйымдастырып, еліміздің өркендеуіне, дамуына өз үлестеріңді қосады деген ойдамын. Ж. Аймауытов айтқандай «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» Егеменді еліміздің ертеңі - маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Қазақстан» энциклопедиясы

  2. «Мектептегі технология» журналдары

  3. «Қазақстан-2050» даму стратегиясы

  4. «Жұмыспен қамту- 2020» бағдарламасы

  5. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал