7


  • Учителю
  • Киіз үй, балалар бөлмесінің дизайны 6-сынып

Киіз үй, балалар бөлмесінің дизайны 6-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күнделікті сабақ жоспары

Пәні: технология

Сыныбы:8

Сабақтың тақырыбы: Киіз үй, балалар бөлмесінің дизайны
Сабақтың мақсаты:1)Білімділік: Оқушыларға Киіз үй балалар бөлмесінің дизайныжайлы мәлімет беру.
Дамытушылық: Жиhаздарды орынды орналастыру, түстерді дұрыс таңдай білу барысында оқушылардың ой - өрісін, білімдерін шыңдау.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, әсемдікке баулу, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Аралас.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, Сарамандық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, бүктеме, жиһаз түрлері.
Пән аралық байланыс: Әдеп, Психология, бейнелеу.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу.
Сабаққа даярлығын бақылау.
Ой қозғау
II. Жаңа сабақты түсіндіру.
III. практикалық жұмыс.
IV. Сабақты қорытындылау.
V. Оқушыларды бағалау.
VI. Үйге тапсырма беру.
Ой қозғау
1. Ата - бабамыздың мекен еткен қандай үйді білеміз?
2. Үйді жиһаздау дегеніміз не?
Қандай жиһаз түрлерін білесіңдер?
Киіз үйдегі жиһаздар
Қазіргі тұрғын үйдегі жиһаздар
1. Жиһаз үйлесімділігі дегеніміз не?
2. Түстер үйлесімділігі дегенді қалай түсінесіңдер?
II. Жаңа сабақты түсіндіру.
Әр адамның әдемілік пен ыңғайлық туралы түсінігі әр түрлі. Жиhаздың сапасы тұтынушының жеке талабына сай болуы тиіс. Жұмсақ жиhазды сатып алу адам өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Жақсы жұмсақ жиhаз өмірін жайлы әрі әдемі етеді, үйіңді әрлендіріп айрықша стил де көрсетеді. Осындай жиhаздар үй иесінің ерекше талғамына хабар беріп үйдегі интерерьерлерге еріксіз назар аудартады.
Бүгінгі заманғы жиhаз топтамалары алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Көбіне жиhазды жайлап, жылдар бойы сатып алады. Кез келген нәрсені арзандығына, ерекшелігіне қарай қызығып алуға болмайды. Алдымен бөлме жиhаздарын бірін - бірі құрып толықтыратындай етіп, көз алдарыңа келтіріп алу керек. Жиhаз сатып алмастан бұрын бөлмедегі басқа жиhаздармен үйлесімділік таба ма әлде тіпті ерекшеленіп тұрама, соған мән беру қажет. Еліміздегі жиhаз бизнесінің айналымында жүрген қаржы 1млрд долларды құраған болатын.
Бұл күндері жатын бөлме, Ас үй жиhаздары, парталар, жұмыс үстелі мен орындықтар, орынтақтар, компьютерге арналған үстелде, мектептер мен балабақша жиhаздары аса сұранысқа ие.
Пәтерді жабдықтаған кезде бөлменің ішін қалыптастырудың негізі болып табылатын пәтерді жоспарлауды бөлмелер санының, көлемін және олардың өзара байланыс схемасының маңызы зор.
Жиһазды іріктеп орналастыру, пәтерді жиһазбен жабдықтау. Бөлмені көркейтудің маңызды шарты. Бөлмеге жиһазды орналастырғанда олардың дұрыс үндестік табуын және табуын және қолдануға ыңғайлы болуын есте ұстаған дұрыс.
Пәтер бөлмелері
Қонақ бөлме Жатын бөлме Балалар бөлмесі Ас үй бөлмесі

VII.Практикалық жұмыс.

I топ 3.тапсырма: шығармашылық жұмыс.

«Әсемдік әлеміне» атты шығармашылық жұмыс.

Таратылған құралдар бойынша киіз үйге әсемдік жасауларын ойлап, құрастыру.

II топ 3.тапсырма: шығармашылық жұмыс.

«Әсемдік әлеміне» атты шығармашылық жұмыс.

Таратылған құралдар бойынша балалар бөлмесіне әсемдік жасауларын ойлап, құрастыру.

VIII.Сабақты қорытындылау.

  • Ерекше жұмыстарды атап мадақтау

  • Жіберілген қателіктерді айту

IX. Оқушыларды бағалау.Жұлдызды сәт оқушылар бірін-бірі бағалап жұлдыз сыйлайды.

X.Үйге тапсырма беру. Жұмысты аяқтап келу.

XII.Жұмыс орныны ретке келтіру. 5мин





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал