7


  • Учителю
  • Конспекты. Былғарыдан бұйым жасау

Конспекты. Былғарыдан бұйым жасау

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тенология 5 сынып

Сабақтың тақырыбы: Былғарыдан бұйым жасау

Сабақ мақсаты: 1. Оқушыларға тері өңдеу технологиясын үйретіп оны қарапайым жолдармен өңдей білуге, қандай пайдасы бар екенін үйрету.

2. Тері бояу тәсілдерін, бояу түрлерімен таныстырып еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Теріден жасалған бұйымдар суреті. Арқақап жасаудың нұсқау картасы.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

Үйге тапсырмаcын тексеру

Жаңа тақырып мазмұны.

Тері бояудың екі түрлі мақсаты бар:

1. Теріге өң беру.

2. Теріні не ғұрлым су өтпейтін етіп шыйыршықтау:

Тері бояудың ең көп тараған әдісі - ағаштың қабығына салып бояу. Бұған талдың, теректің, еменнің қабықтары қолайлы, сондай - ақ жер қынасын, томарбояудың, шөп тамырын, шеңгелдің, көк теректің бүрлері де кеңінен пайдаланылады. Майлы теректердің майын сорғыту үшін оған қышқыл аралас кебектен жасалған ашытқыны салып кептіреді. Оны халық тілінде «былжыр» дейді. Кейде қызыл кірпіштің ұнтағын салып, бүктеп тастаса да жеткілікті.



Теріні кейде талдың, еменнің, қара мойылдың, кейде май қарағайдың қабықтарымен бояйды. Оларды көбінесе күздігүні әзірлейді. Тік тұрған ағаштың қабығын сыдыру ағашқа үлкен зиян келтіреді. Сондықтан бояуға алынатын қабықты көбінесе кесілген, қураған ағаштардан жинайды. Жиналған қабықты жылы сумен жуып, кепкен соң, темір келіге салып түйеді немесе қол диірменге салып тартады. 11 - 12 қой терісінен тігетін үлкен тонды бояу үшін осындай ұнтақталған 4 - 4, 5 кг қабықты 1, 5 - 2 шелек суға салып, тұзын татып қайнатады. Қайнау мен суалдырудың мезгілін қайнап шыққан қабық бояуының түсіне және қоюлығына қарай белгілейді. Су аз құйылғандықтан, бояу шықпай, қабықтар құрғап бара жатса, үстіне су құяды. Ал, керісінше, суы көп құйылған бояулар сұйық болса, үстіне қабық қосылады.



Талаптарға сай орындалған жұмыстың бояуы шығып, қайнауы қанғаннан кейін ыдыстағы қабықтарды сүзіп алып тастайды. Қайнатылған бояу қанжылым болып суыған соң, теріні бояуға қолданады. Егер ыстық бояуды теріге қолданса, оны пісіріп жіберуі мүмкін. Бояуды теріге қылқаламмен немесе кіршіксіз таза киіз бөлігінің көмегімен жағады. Тері бояуды өз бойына бірқалыпты сіңіру үшін оның өңін ішіне қаратып бүктеп, 2 - 3 сағат кептіреді. Бүктелуі жатып дегдіген теріні желге, көлеңкеге, ыстық үйге жайып кептіреді. Теріні кептіру кезінде ол жиырылып, тырысып қалмау үшін тобарси бастаған соң, қолмен уқалап созғылайды.



Теріні бояудың екінші түрі - томарбояу. Ащылауытқа шығатын қурай тектес өсімдіктің басы дәнге толған кезде ақ үрпіктенеді, жапырақтары сарғайып, қурайдың түбі қызарады. Шамамен алғанда, бұл шілденің аяғы - тамыздың басы. Осындай кезде қурайдың түбірін қазып алады да, оны мұқият жуып, жоғарыда айтылған технология бойынша арналуы ыдысқа салып қайнатады. Бояуы шыққаннан кейін теріге қолданады.



Теріні қынамен де бояйды. Қына - жерге жабыса өсетін өсімдік. Мұны да күздігүні дайындайды. Оны жинап әкелісімен, топырақтан, басқа шөп - шаламнан тазартып, жылы сумен мұқият жуып алады да, қайнату арқылы бояуын шығарады. 10 - 15 қойдың терісін бояу үшін 2 шелек бояу алатындай есеппен қайнату керек. Қынаның басытқысына тұз, ашудас немесе мүсәтір қосып, аздап май құяды. Кейде көк тікеннің, қызыл мойылдың бастарын өнеркәсіптік бояумен араластырып, қына бояуын күрең қызыл етіп, түсін ашады. Қына бояуы жүн жіптерге, теріге жақсы жұғады. Осы әдіспен боялған теріден неше түрлі бұйымдарды әрлеп құрастырып, тігіп алады. Қоржым, тоқым немесе етік т. б. тері бұйымдарын қосымша оюдың үстінен тігу арқылы әрлейді. Мысалы, қара қоңыр түспен боялған теріге ақшыл сары теріден әзірленген өрнек бөлігін жамау арқылы тіксе, текемет, сырмақ тәріздес әдемі өң береді. Осы әдіспен боялған теріден сәнді киім, тұтынуға қолайлы түрлі мүліктер жасалады. Соның ішінде әсіресе төрт түлік малдың терілерінен көптеген сыйлық бұйымдары дайындалады.



Сабақты қорытындылау: 1. Тері өңдеу үшін ағаш түрлерін пайдаланады екенбіз?

2. Терінің қандай қасиеттерін біліп түсіндік?

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: Тері өңдеу, тері бояу технологиясын оқып келу.











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал