- Учителю
- Сыныптан тыс жұмыс ' Кім іскер және кім шебер' (6 сынып)
Сыныптан тыс жұмыс ' Кім іскер және кім шебер' (6 сынып)
«Ақтоғай» орта мектебі
Тақырыбы: Кім іскер және кім шебер?
Технология пәнінің мұғалімі : Ақділдаев Д.
2015-2016 оқу жылы
Сабақтыңтақырыбы: «Кім іскер және кім шебер?» (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға қазақтың мақал - мәтелдерін, салт дәстүрін, оқушылардың технология пәнінен алған білімдерін іс - тәжірибемен ұштастыра және толық мағлұмат бере отырып, шығармашылық қабілетін ояту.
Сабақтың білімділік мақсаты:
Оқушылардың білім деңгейін көтеру, жетілдіру, белсенділіктерін арттыру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты:
Оқушылардың эстетикалық талғамын ұштау, өнерге ынтасын дамыту, ұлттық мақтанышын сезімін ояту, шапшаңдыққа, талғампаздыққа, шеберлікке үйрету.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты:
Өз елін, халқын отанын сүюге, құрметтеуге, шеберлікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: Интерактивті тақта, оюлар, карточкалар, сағат, дайын қиылған қаңылтыр материалы.
Сабақтың әдісі: Оқушылардың білім деңгейін көтеру, жетілдіру, белсенділіктерін арттыру.
Сабақтың өтілу барысы:
Бүгінгі заман талабына сай адам сегіз қырлы бір сырлы болуы керек. «Үйрету - үлкеннен, үйрену - кішіден» демекші, өткеннің өнегесін, дәстүрдің татымдысын сабақ үстінде бала бойына сіңіру әрбір ұстаздың міндеті.
Құрметті әділқазылар, ұстаздар, сайыскерлер, оқушылар «Кім іскер және кім шебер?» атты сайыс сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Бұл сайысымызға 6 сыныптардан 2 топ қатысқалы отыр. Олар: «Өнер», «Шебер», 1. «Таныстыру»(әр топтың басшысы өз тобымен таныстырады ) (2 минут)
Сайыстың шарттарымен таныстыру:
Сайыс шарттары 6 кезеңнен тұрады:
1 кезең. «Зымыран сұрақтары»
І - топ
1. Фуганок не үшін керек? (Жалпақ ұзын ағашты сүргілеуге арналған )
2. Электр тогын өткізбейтін материалды ата. (Пласмасса, құрғақ ағаш)
3. Түсті металдың қара металдан ерекшелігі ( Жеңіл,тот баспайды )
4. Сызба деген не?. (Бұйымның сызу құралдарымен жасалған бейнесі)
5. Бұрғылау білдегінде қандай жұмыстар атқарылады (Бұрғылап теседі)
ІІ - топ
1.Егеумен металдың жұқа қабатын алу қалай аталады? (Егелеу)
2.Шойын дегеніміз не? (Темір мен көміртек қоспасы )
3. Халық шеберлері ертеректе қандай материал қолданған?. (Ағаш,былғары,жүн ,тері,металл)
4.Әшекей бұйымдарды жасайтын кім? (Зергер)
5. Техникалық сурет деген не? (Бұйымның бейнесін үш жағынан көрсетеді )
2 кезең Ойлан тап . Шарты: берілген суреттерден мақал құрау
І - топ
7
ІІ- топ
ІІІ кезең Шарты: көнерген сөздің мағынасын табу
Кебеже - ағаштан жасалған ыдыс-аяқ жинайтын үй бұйымы
Берен - құрыш болаттан жасалған қару
Кебіс - былғары аяқ киім
Келі - ағаштан я темірден жасалған бір нәрсені түйіп уату үшін арналған зат
4 кезең . Күшіңе сенбе, ісіңе сен
Шарты: бұл сайыста дайын қаңылтыр материалына ою-өрнек салады.
5 кезең. «Құрастырма сурет»
Шарты: суреттің бір бөлігі көрсетілген, суретте жасырылған затты тап
І топ. Сандық
ІІ топ. Домбыра
6 кезең. Өнерлі бала өрге жүзер
Шарты: әр топ қалдық заттардан жасап келген бұйымдарын қорғайды
Қорытынды:
Сіздер, біздің шебер, іскер және қиыннан қиыстырар тапқыр оқушылар өнерін тамашаладыңыздар.
Өнер - құдірет, күш, адамның жан серігі, рухани байлығы. Кез келген озып шықпайды, талапты, өнерлі оқушы жарқырап біріншілікке шығады.
Талант пен өнер атаулының көтерілер шыңы - дарындылық. Осындай сайысқа жиі қатысып, талаптарыңыз талмай, дарындылық қасиетіңіз арта берсін.
Құрметті әділқазылар алқасы оқушылардың өнерлерін бағалаңыздар.
Кезеңдер
І
Зымыран сұрақтары
ІІ
Ойлан тап
ІІІ
Көнерген сөздер
ІV
Күшіңе сенбе, ісіңе сен
V
Құрастыр-ма сурет
VІ
Өнерлі бала өрге жүзер
Оқушылар-дың аты-жөні
Қортынды