7


Cән туралы түсінік

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: Сән туралы түсінік. Мақсаты: Жалпы сән туралы жан - жақты түсінік беру. Жалпы түс үйлесімділіктері мен киім кию мәдениетін қалыптастыру.Білімділік: Оқушыларды «сән», «стиль», «костюм», «силуэт» ұғымдарымен таныстыру.Дамытушылық: оқушыларды талдау жаса
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Сән туралы түсінік.
Мақсаты: Жалпы сән туралы жан - жақты түсінік беру. Жалпы түс үйлесімділіктері мен киім кию мәдениетін қалыптастыру.
Білімділік: Оқушыларды «сән», «стиль», «костюм», «силуэт» ұғымдарымен таныстыру.
Дамытушылық: оқушыларды талдау жасауға және киім стилінің ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету.
Тәрбиелік: оқушылардың эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың әдістері:
• Суретті - түсіндірмелі (әңгіме, дидактикалық материалдармен жұмыс, үлгілерді көрсету)
• Репродуктивті (зертханалық жұмыс, өз бетінше жұмыс)
• Жартылай ізденісті
Көрнекілік және құрал - жабдықтар: суреттер, сән журналдары, оқулық, дәптер, қарындаш, қайшы, желім.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа тақырыпты баяндау.
Қазіргі кезде кез келген адамның өз қалауынша сәнді киінуіне мүмкіндігі бар. Тіге білетін және осы іске қызыққан адам өзіне ыңғайлы және сәнді бұйым тігіп кие алады.
Киім өзінің бастамасын алғашқы қауымдағы шөптен жасалған белдік байламдардан, жануар терісінен денесіне жапқан жабулардан алады. Киімді суықтан, ыстықтан, жараланудан, сырып кетуден сақтап қалу үшін киді. Киім үшін тек тікелей табиғаттан алынатын, өңдеуді қажет етпейтін материалдарды ғана пайдаланған. Мұндай киім қарапайым болған және не жыныстық не әлеуметтік жағынан айырмашылығы болмаған. Тарихи кезеңдерге байланысты адам қауымдарға бөліне бастағаннан кейін, киімді түрлі жыныстық, әлеуметтік, мүліктік белгілері бойынша бөліп қарау туындады. Осыған орай, костюм өзінің жетілуінің ерте кезеңінен бастап адамның қоғамдық өмірінде болып жатқан барлық өзгерістерін көрсетеді.
Сән ( франц. Moda, лат. Modus - өлшем, әрекет тәсілі)- киім кию мәдениеті, өмірдің әр түрлі сферасында жеке талғамның уақытша үстемдік етуі.
Костюм ( франц. Costume - киім - кешек ) - белгілі бір ұлттың, дәуірдің, әр түрлі қоғамдық топтардың тұрақты киім үлгісі. Киім үлгілерінің пішіндерінің алмасуы қоғаммен бірге өзгеретін әр дәуірдің эстетикалық идеалын, көркемдік бейнесін көрсетеді.
Стиль ( лат. Stylus) - мәнер, сипат, ерекшелік. Сонымен қатар стиль сол дәуірдің мәдениетін, сұлулық туралы түсінігін, қоршаған ортаға қарым - қатынасын көрсететін тұрақты, анық, ерекшеленген дәуір тілі.
Киімде бірнеше: классикалық, спорттық, романтикалық және фольклорлық стильдер болады.
Классикалық стиль - келісті, іскерлі, элеганттты (өзгермейтін стиль) салыстырмалы түрде тұрақты, сән әлеміндегі өзгерістерге онша беріле бермейтін киім түрлері кіреді.
Оның негізгі белгілері - форманың тұрақтылығы, адамды іскер, ұстамды етіп көрсету, мінсіздігі, қолайлылығы, беріктігі.
Ерлердің классикалық киімдеріне - костюм шалбар немесе тек шалбардың өзі, жакет - костюм, ағылшын пальтосы, плащ, ал әйелдердің классикалық киіміне - жеңді көйлек жакетімен, белдемше, блузка немесе жакет, шалбар мен жакет - жейде кіреді. Қазіргі кезде классикалық киімдер аясы ерлер үшін де, әйелдер үшін де трикотаж күртешелердің ештеңеге міндеттемейтін еркін түрлерінің енуіне байланысты біршама кеңеюде. Әйелдер киімінің құрамына ерлер пиджагі, жейдесі, шалбары түпкілікті енді.
Классикалық стиль:
• Қимылға кедергі келтірмейді, ыңғайлы;
• Нәзік реңкті немесе ұсақ суретті жоғары сапалы мата;
• Түстері қатты ашық емес және нәзік;
• Аксесуарлары мен әшекейлері ұстамды;
• Орташа өкшелі немесе өкшесіз жайпақ аяқ - киімдер.
Спорттық стиль - демалыста, спортпен айналысқанда, саяхатқа шыққанда киюге ыңғайлы киімдер. Жалпы спорттық стильдегі киімдерде адам өзін еркін және ыңғайлы сезінеді.
Романтикалық стиль - әдемілік, ерекшелік, сүйкімділік немесе нәзіктікті әдеттегіден тыс бөліп көрсетеді. Романтикалық стильдің ерекшелігі - қатпарлар, желбіреушелер, шілтерлер, банттар жиынтығынан тұрады.
Фольклорлық стиль (этникалық стиль) - ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер. Бұл стильде ұлтық ою - өрнектер, кестелер, қол жұмысының көптеген элементтері кеңінен пайдаланылады.
Қазақстанның қазіргі сәнгерлері (модельер) ұлттық киімдердің дәстүрлерін сақтап дамытуда. Көненің құндылықтарын біздің заманымызға жеткізуге тырысады.
Қазіргі заман өзінің тұрмыстық киім стилі, өзінің таза көрінісін сирек қолданады. Көбінесе стильдердің араласуы кездесіп отырады. Бұл құбылыс эклектика деп аталады.
Қазіргі сәнді демократияшыл десе де болады. Ол таңдау идеясы мен еркіндігінің көптігімен, яғни әр түрлі стильдермен, пішіндермен, үлгілермен, сондай - ақ әр түрлі көлемдерімен және алуан түстің гаммалығымен ерекшеленеді.
Костюм - өнер туындысы. Ол адамзат мәдениетінің даму кезеңдерін көрсетеді.
Силуэт ( siluett деген француз сөзі) - ұзындығы мен ені бойынша адам мүсінінің пропорциясына жақындау келетін геометриялық фигуралардың бірін беретін киімнің кез келген бөлігінің сыртқы кескіні. Силуэттің мынадай түрлері болады:
«Түзу» силуэт өзінің ерекшелігі бойынша тіктөртбұрышқа немесе шаршыға жақындау.
«Трапеция» силуэті үстіңгі жағы тар, төменгі жағы кең трапецияны елестетеді.
«Үшбұрыш» төменгі жағы үшкірлеу келеді де, үстіңгі жағы кеңейіп келген үшбұрышқа жақын.
«Сопақ» және «Жартышар» силуэттері геометриялық сопақ мүсінді елестетеді. Бұл силуэттерді екі геометриялық фигуралардың қосындысы деуге болады: жартылай сопақ дене төменгі бөлігі төртбұрыш.
Бұйымның ұзындығы мен енінің ара қатынасы, бұйымның жалпы көлеміне қарай әрбір бөлшектің өлшемі келесі бөлшектің өлшеміне байланысты алынады. Мысалы: үсті қысқа, төменгі жағы ұзын,; үстіңгі жағы ұзын, төменгі жағы қысқа; үсті мен төменгі жағы бірдей.
Костюмді композициялауда түс үлкен рөл атқарады. Түсті дұрыс таңдау киім моделін жасауда көп көмегін тигізеді.
Қазіргі заман жеткіншектерінің киім үлгілері, көңіл - күйді көтеріңкі етіп көрсететін қанық түстермен және спорттық, фольклорлық еркін стильде болуымен сипатталады.
Оқушылар түстер үйлесімділігін көз алдына келтіріп, елестете алуы керек. Үйлесімді түстер: Қара - қызыл, қара - ақ, жасыл - сары, қоңыр - сары, ақ - сары т. б.
ІІІ. Сарамандық жұмыс:
Сән үлгілерін салу, өздері құрастырған сән үлгілерін көрсету, сипаттау.
ІV. Ағымдағы нұсқаулық
• Жұмыс орнының ұйымдастырылуын тексеру
• Жұмыс тәсілдерінің дұрыс орындалуын тексеру
• Техника қауіпсіздігінің ережелерін сақтау.
V. Материалды бекіту
1. «Сән», «стиль», «костюм» ұғымдарына анықтама беру.
2. Классикалық стиль дегеніміз не?
3. Спорттық стиль дегеніміз не?
4. Романтикалық стиль дегеніміз не?
5. Фольклорлық стиль дегеніміз не?
Соңғы нұсқаулық
• Қателіктер мен оның себептеріне талдау жасау
• Сабақты қорытындылау
• Баға қою
VІ. Үйге тапсырма: «Сән», «стиль», «костюм» туралы түсінік.
VІІ. Жұмыс орнын реттеу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал