7


  • Учителю
  • Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға жіппен бейнелеу өнері жайында мағылұмат беру. Математикалық кестелеуді орындауды, жазықтықта моделдеуді үйрету, сәндік көркем өнер шығармалар құрылымының жасалу тәсілін үйрету; Дамытушылығы: Абстрактылы ойлауын,

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға жіппен бейнелеу өнері жайында мағылұмат беру. Математикалық кестелеуді орындауды, жазықтықта моделдеуді үйрету, сәндік көркем өнер шығармалар құрылымының жасалу тәсілін үйрету; Дамытушылығы: Абстрактылы ойлауын,

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Жіппен бейнелеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға жіппен бейнелеу өнері жайында мағылұмат беру. Математикалық кестелеуді орындауды, жазықтықта моделдеуді үйрету,сәндік көркем өнер шығармалар құрылымының жасалу тәсілін үйрету;

Дамытушылығы: Абстрактылы ойлауын, көз дәлдігін, көз бақылауы мен қол қимылы координациясын дамыту, іскерлік дағдыларын қол еңбегінің басқа да түрін орындау кезінде пайдалана білу іскерлігін қалыптастыру.

Тәрбиелігі: Бастаған ісін аяғына дейін жеткізу, мақсатына жете білу сияқты қасиеттерге, шыдамдылыққа, зейін қоя білуге , ойлау шеңбері кең жеке тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Білім мен дағдыны қалыптастыру сабағы

Жаңа технология : Сын тұрғысынан ойлау

Сабақтың әдісі: Ауыз екі баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, ойлау, көрсету.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, қатырма қағаз, сызғыш, жіп, ине, қарындаш, циркуль. Жіптен жасалған сурет түрлері, технологиялық карта.

Пәнаралық байланыс: Бейнелеу, геометрия

Сабақтың жүру барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасу

Кезекшіні анықтап оқушыларды түгендеу.

Құрал - саймандарды тексеру

Жұмыс орнын әзірлеу

Оқушыларды екі топқа бөлу: Ине, жіп

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру «Тапқыштар» бөлімі

Тақырып бойынша ұяшықты таңдап сұраққа жауап беру.


Жұмбақтар

10

20

30

Машина тану

10

20

30

Сән

10

20

30


Жұмбақтар:

1)Құрғақ жерде сақтаймыз,

Онсыз тамақ татпаймыз (Тұз)

2)Бар екен бір дүниеде жалғыз көзі,

Сол көзбен дүниенің бәрін кезді.

Әлемді он сегіз мың киіндіріп,

Дүниеден жап-жалаңаш өзі безді. (Ине)

3)Танауында арқаны,

Бір батып, бір шығады,

Алға қарай тартады. (Ине)

Машина тану сұрағы:

1)Киім тігетін алғашқы машина жобасын қай ғасырда кім ұсынды?

(ХҮ ғ Леонарда да Винчи)

2) Тігістердің қиықтарын тек қана кесіп, торлайтын тігін машинасын ата?

(51-А класы, ПМЗ машинасы)


3)Әйелінің қолындағы тоқу бізінің қозғалысына зер сала отырып, машинамен тоқуды ойлап тапқан кім?

(Уильям Ли)

Сән сұрағы:

1)Сән дегеніміз не?

(Өлшем тәсіл, іс - қимыл бейнесі.)

Стилдерді ата?

(Классикалық, романтикалық, спорттық, фальклорлық стил деп бөлінеді)

3) Фальклорлық стил дегеніміз не?

(Ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер)

ІІІ. Жаңа сабақ.

Жақсы ендеше жаңа сабағымызға көшейік, жаңа сабақта біз қолөнердің жаңа бір түрімен танысамыз, технологиясын меңгеруге тырысып көреміз. Ал енді ол қандай қол өнер түрі екенін өткен тақырыптар бойынша сұрақтармен

жұмбақтарды шешу барысында өздерің табасыңдар. Тақтаға қарайық. Мына сөз жұмбақта тақырып жасырылған.

(Әр сұраққа жауап берген сайын, тақырыптың әріптері пайда болады.)

Сұрақ:

  1. Су моншақтың орысша атауы? (Бисер)

  2. Ұсақ моншақ қай елде ең алғаш пайда болды? (Египет)

  3. Мата тоқуда негізгі жіп пен арқау жіп арасында болатын процесті қалай атайды? (Айқасу)

  4. Матаны тоқу кезінде айқаспаның бір түрі? (Сәтендік)

  5. Кездемелі айқаспа түрінде матаның беті қандай болады? (Тегіс)

  6. Ежелден келе жатқан кәсіп? (Қолөнер)

  7. Тігін машинасының сыртқы құрлысының 13 -ші бөлігі? (Ине)

  8. Қол тігістің бір түрі? (Жөрмеу)

«Бейнелеу» деген сөз шықты. Иә барлығың да бейнелеп сурет салғанды ұнатасыңдар. Қарындаш пен, бояумен тіпті қардың үстіне таяқшамен, терезедегі қырауға саусақпен, кез келген тақтайға бормен сурет салып жатасыңдар. Ал қазір менің жұмбағымды шешсеңдер тағы да немен бейнелеп сурет салуға болатынын табасыңдар.

Жұмбақ:

Инеден көзі бір елі де қалмайды,

Бөлшектерді тігіспен ол жалғайды.

Бұның жауабы, әрине, жіп.

Жіппен де бейнелеуге болады екен.

Жіппен бейнелеу орысша атауы - изонит, ол сәндік қолданбалы өнердің ерекше бір түрі. Оның негізі Англияның халық шеберлерінен басталған. Ағылшын тоқымашылары жіптерді тоқудың ерекше тәсілін ойлап тапқан. Олар тақтайға шегелерді қағып, оған белгілі бір ретпен жіптерді тартып байлаған. Соның нәтижесінде түрлі оюлы бұйымдар пайда болған, оларды үйлерін безендіру үшін қолданған. Оның негізі тегіс жерде қол


инемен және жіптерден бейнелеу жасау.Көріністің көркем сұлулығы әрбір иенемен тескен тесіктердің не тақтайға берілген алыстыққа қадалған екі шеге кезек-кезек тартылған және тіке кесіп өткен түрлі - түсті жіптерден пайда болады.Қазіргі кезде жіппен бейнелеу өнері тұрмыс заттарын түрлі бұйымдарды безендіру үшін, интерьерді әшекейлеу үшін, сыйлықтар және сувенирлерді дайындау үшін кеңінен қолданып жүр. Мерекелік ашық хаттар, қабырғаға ілінген мақал-мәтелдер, нақыл сөздер жазылса, оның екі шетіне жіппен бұйымы ілінсе, ол ерекше көз тартып тұрары сөзсіз. Тақтаға назар аударсаңдар қандай әдемі дүниелерді жіппен бейнелеу техникасымен жасауға болатындығын көруге болады Жіппен бейнелеу техникасы қарапайып және кез келген жастағы адамға оны меңгеру қиынға соқпайды. Оны меңгеру үшін екі негізгі тәсілді меңгерсе жеткілікт

Жіппен бейнелеу тәсілі

Бұрыштап толтыру


Дөңгелекті толтыру

Жіппен бейнелеу тәсілімен суреттемелер, тағыда көптеген заттарды жасауға болады. Бұл тәсіл адамнан ұқыптылықты, икемділікті, шыдамдылықты, әсемдікті талап етеді.Суретті қолмен салады немесе сызу құалдарын пайдаланады, суретті қалың қағазға түсірсе, оның теріс бетіне түседі.

КүнБет жағына түсірсе айнаға түскендей теріс айналып түседі.25

Сырға


Фигура

Өрмекші

Жіппен әсемдеудің түрлері


Жұлдызша


Дөңгелек

Көбелек


ІҮ. Сарамандық жұмыс

1.Жұмысты бастамас бұрын техникалық қауіпсіздік ережесін есте түсірейік.

а)Инемен жұмыс істеу тәртібі

1.Инені арнайы түйрегіште түйре

2.Ауызға салма, киімге түйреме

3.Жіпті тіспен үзбе

4.Жіпті инеге ұзын сабақтама

І.Ине тобы

«Әр үйде бұрыш бар көріңдер, жіппен оны безендіріп беріңдер» деп аталады.

2.Бұрыштап толтыру:

а)Қалың қағазғадың теріс жағына бұрыш сызыңыз.

ә)Бұрыштың әрбір бетін 6, 12 - ге тең бөліңіз


б)Табылған әр нүктенің шыңынан бастап рет санын қойыңыз.

Бұрыш шыңын 0 деп белгілеңіз.

в)Инеге жіпті өткізіңіз.

Г)Бұрышты көрсетілген сызбаман (схема) толтырыңыз. Осы тәсілмен қалың қағаздың бұрыштарын түгел толтырып шығарыңыз.

Оқушылардың жасап жатқан жұмыстарын қадағалау. І.Ине тобы:

Бұрыштап толтыру:



ІІ. Жіп тобы

«Айгөлектей дөңгелекті, әшекейле жіппен сен» деп аталады.

Дөңгелекті толтыру.

А) Радиусы 50 мм дөңгелекті сыз.

Ә)Шеңберді 12 бөлікке бөл

Б)Барлық нүктелерді инемен тес

В)Инеге жіп өткіз

Г)Айналаны көрсетілген сызбамен толтыр

ІІ. Жіп тобы: Дөңгелекті толтыру.


Сарамандық жұмыстың екінші бөлімі «Суреттеп бейнелеу»

Екі топқа суреттер беріледі, суретті 5 минут ішінде жіппен тоқып аяқтау.

Ү.Сергіту сәті:

І. Мына суретте мысық пен күшіктің қайсысы кестені дұрыс орындауда? (Мысық)

ІІ.Бақылау сұрағы:

Мына сөздерге сәйкес мақал-мәтелдер құрастыр.(Тақтаға кесте ілінеді)

м


ғам

к2. Іс ер

ап1.Тал


Ем


Жең

Т

Ж3. Аста 5. ер


шен

рін

4. Ше

бер

мін6. Е шек


Жауабы:1.Талаппен баста,

Талғаммен аяқта.

Іскердің іші пыспас.

2. Ісмердің бүлдіргенін үтік жөндейді.

Іскерлік еңбекте шыңдалады.

Ісмерді ісіне қарай таниды.

3.Асыл таста,өнер жаста.

4.Шешеннің сөзі мерген, шебердің көзі мерген.

5.Ерінбеген емер, жалықпаған жеңер.

6.Еріншек адам - еміншек.

ІІІ. «Ойлан тап» Математикалық ойыны, шеңбер бойындағы санды тергенде, бүгінгі сабақта қолданатын 8- сөз шығады. (қағаз, қарындаш, сызғыш, шеге, ине, жіп, ағаш, циркуль,)

ІІІ. «Ойлан тап»

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

қ

и

с

а

ц

ш

к

р

л

ж

ы

е

н

з

г

д

у

і

ғ

ы

п

ҮІ. Сабақты бекіту: І. «Ой толғаныс кезеңі» (Топтастыру стратегиясы)


1.Ине тобына:


Жіппен әсемдеу түрлері

Дөңгелек

Көбелек


Жұлдызша

Өрмекші


Сырға

Фигура

Күн


Жіппен қандай заттар бейнелейді2. Жіп тобына


Интерер


Сувенир

Сыйлық заттар

Ашық хат


ІІ. Сұрақ -жауап:

1)Жіппен бейнелеу ең алғаш қай елдерде пайда болды?

2)Жіппен бейнелеу өнерімен қандай бұйымдар жасауға болады?

3)Жіппен әсемдеу түрлерін ата?

4)Бұрышты орындау ретін түсіндір?

5)Дөңгелекті орындау ретін түсіндір?


Қорытынды: Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің қандай?

(Сабақтан алған әсерлерін түстер арқылы көрсетеді)

Жасыл түс: Жаңа сабаққа көңілім толды.

Сары түс: Жаңа сабақ әсерлі болды

Қызыл түс: Жаңа сабақта жаңа ақпараттар алдым.

ҮІІ.Үйге тапсырма: Жіппен бейнелеу өнері. Жұмысты аяқтап келу.

ҮІІІ.Бағалау





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал