7


  • Учителю
  • Бастауыш 3 сынып 'Есептік және реттік сан есім'

Бастауыш 3 сынып 'Есептік және реттік сан есім'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Есептік және реттік сан есім

Сабақтың мақсаты:

  1. Есептік және реттік сан есім туралы түсінік беру; сан есімді қоршаған ортамен байланыстыра отырып, олардың айырмашылығымен өзгешелігін түсіндіру.

  2. Дамыта оқытудың тиімді әдіс - тәсілдерін пайдалану арқылы есте сақтау қабілетін , зейінділігін, білік - дағдыларын арттыру.

  3. Оқушылардың эстетикалық талғамын, алғырлыққа, көркем жазуға тәрбиелеу.

Көрнекілік: Интерактивті тақта, тірек сызба,

сөзжұмбақ, ереже, ақын - жазушының суреті,

Венн диагромма.

Сабақ түрі: Сайыс сабақ

Әдіс - тәсіл: Сұрақ - жауап, түсіндіру, салыстыру,

талдау

Пән аралық байланыс: математика, дүниетану,

ана тілі.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушылармен амандасу, түгендеу.

ә) Оқу - құралдарын шығарту.

б) Назарларын сабаққа аудару.

  1. Психолгиялық дайындық

Айналаға алақанмен,

Жылылықты шашайық.

Сәттілік тілеп күлімсіреп,

Біз сабақты бастайық.


  1. Үй тапсырмасын тексеру.

11 - жаттығу.

а) сабақты бекіту

ә) дәптер ауыстыру

  1. Өткен сабақты бекіту

«Кім жылдам?» ойыны

  • Сан есім дегеніміз не?

  • Сан есімнің сұрақтары қандай?

  • Сан есімге мысал құрастырайық.


  • Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ болмақ. Сабағымызға жан - жақтан қонақтар келіп отыр. Осы келген қонақтарға өз білімдерімізді көрсете білейік.


  • Олай, болса сабағымыз сайыс сабақ түрінде өтміз. Ол үшін екі топқа бөлінеміз.


I - топ. «Қырандар» тобы

II - топ. «Тұлпарлар» тобы

  1. Жаңа сабақ

«Ой қозғау»

  • Балалар, қанша жыл мезгілі бар? (төрт)

  • Көктем мезгілінде неше ай бар? (үш)

  • Сендер нешінші сыныпта оқисыңдар? (үшінші)

  • Әсел нешінші қатарда отырады? (бірінші)

  • Мен бір-біріне ұқсайтын бірнеше сұрақ қойдым.

  • Мен қандай сұрақ қойдым?

  • Неше? Нешінші? Қанша?

  • Олай, болса мына сөзжұмбақты шешейік.

  1. 5 + 2 нешеге тең?

  2. Тіршілік көзі не?

  3. Түбір сөзден болған етістікті қандай етістік деп атаймыз?

  4. Тілсіз мұғалім,

Сырын ұғамын

Білім алып шығамын.

  1. Қазір жылдың қай мезгілі?

  2. Осы ай қай ай?

  3. Сөйлем аяқталғанда соңынан қандай тыныс белгі қояды?

  4. Иіс сезу мүшесі?

  5. Жауға жаныңды берсеңде,

Сырыңды ........

  1. Иесіне адал,

Бөтенге қатал.

  1. 2 • 2 нешеге тең?

  2. 21 : 3 нешеге тең?

  3. Сөз таптарының бірі.


  • Жақсы балалар, торкөздің ортасынан қандай сөз шықты.

  • Есептік және реттік

Ендеше сан есім мағынасына қарай есептік және реттік сан есім болып бөлінеді екен.

  • Олай болса, бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз

есептік және реттік сан есім.


Күннің жадын, тақырып жазу.

Көркем жазу:

Дәптерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық.

Түп - түзу боп отырып,

Көркем етіп жазайық.


Жаңа сабақты түсіндіру.


Мысалы: Әсел екі қалам алды.

Әсел екінші қатарда отырады.


Реттік сан есім есептік сан есімге жалғанатын жұрнақтар -ыншы, -інші, -ншы, -нші.


Сөздің соңы дауыссыз дыбысқа аяқталса - ыншы, - інші жұрнағы жалғанады.

Сөздің соңы дауысты дыбысқа аяқталса -ншы, -нші жұрнағы жалғанады.

Олай болса, оқушылар сайыс сабағымызды бастайық. Оқушылар әр ойынның өз тапсырмалары бар, соны дұрыс орындай отырып жаттығулар орындаймыз.


I - кезең. «Кім тапқыр» ойыны

Бұл ойында сіздерге мақал - мәтел берілген сіздер жоқ сөздердің орнына керекті сан есімдерді тауып қойып, түріне қарай ажыратасыңдар.

  1. (Тоқсан) ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.

  2. Жігітке (жеті) өнерде аз.

  3. Ер жігіттің (екі) сөйлегені - өлгені.

  4. (Жүз) теңгең болғанша, (Жүз) досың болсын.

  • Бұлар қандай сан есімдер?

Осыны реттік сан есімге айналдырып сұрақ қою.

Оқулықпен жұмыс.

Дәптермен жұмыс

17 - жаттығу. Терме диктанты

- Мәтінді оқу.

- Сан есімдерді теріп жазып, оларға сұрақ қойу.

- Сан есімдерді салыстыру. Олардың бір - бірінен өзгешелігін айту.

Неше? Нешінші?

Үш үшінші

Екі екінші

бірінші

  • Жақсы балалар бұл тапсырмаларды да орындадық.

  • Ал, балалар, сендер қандай ұлттық ойындар білесіңдер?

«Қыз қуу», «Арқан тартыс», «Хан талапай», «Көкпар», «Бәйге».


II - кезең. «Асық ату» ойыны

Асықтарды тізіп қойып сану, сұрақ қою.

  • Қане, асықтардың саны нешеу?

  • Нешеуі қызыл, нешеуі ақ, нешеуі көк?

  • Ақ асық нешінші тұр?

  • Қызыл асық ше?

Осы ойында қандай сұрақтар қолданылдық.

19- жаттығу. Реттік сан есімдерді сөз құрамына талдау.

- Реттік сан есімдерге жалғанған қосымшаның екі түрлі (-ншы, -ыншы) болу себебін түсіндіру.


Бірінші, екінші, бесінші, алтыншы , жетінші, тоғызыншы, оныншы, отызыншы.

Сергіту сәті: «Сандар сөйлейді» ойыны

  • 16, 7, 8, 9, 1, 12, 1, 7.

  • Он алтыншы желтоқсан ҚР-ның тәуелсіздік күні.

  • Жетінші мамыр ҚР-ның қарулы күштер күні.

  • Сегізінші наурыз Халықаралық әйелдер күні.

  • Тоғызыншы мамыр жеңіс күні.

  • Бірінші маусым балалар күні.

  • Он екінші сәуір ғарышкерлер күні.

  • Бірінші сәуір күлкі күні

  • Жетінші сәуір денсаулық күні.


III - кезең. «Понтомимо» ойыны

Бұл бөлімде әр топ басшысына сөйлем беріледі. Сол сөйлемді қимылмен көрсетіп, қалған оқушылар шешуін табады.

  1. Таңертең ұйқыдан тұрып, жаттығу жасап, төсегімді жинадым.

  2. Беті қолымды жуып, тамақ ішіп, сабаққа киіндім.

  3. Сабаққа келдім, қолымды қойдым, сабақ айтуға қолымды көтердім.

Жақсы балалар, төртінші кезеңнің тапсырмасын орындайық.

Жұмбақ

Қарны ылғи қақталған,

Ішіне азық сақталған. (қазан)

20 - жаттығу. Мәтінді түсініп оқу.

- Сан есімдерді тауып, олар сан есімнің қай түрі екенін айту.

- Мәтінге ат қою. Мәтін неше бөліктен тұрады?

- Әр бөлігі қандай жолдан бастап жазылған?

Төрт, он екі

Сөздік жұмыс:

Қазан - тамақ пісіруге арналған шойын ыдыс.

Қазан - күздің екінші айы.


Автор туралы мәлімет. Сейіт Кенжеахметұлы



IV- кезең. «Бәйге» ойыны

Бәйге - қазақтың ұлттық ойыны

Жаңылтпашты жаңылмай айту және сан есімді тауып сұрақ қойу.

Үш жастық жастандық,

Үш құс жастық жастандық.

Біз үш құс жастық жастандық.


Бір үңгір түбі - мың үңгір,

Мың үңгір түбі бұлыңғыр.

21 - жаттығу. Жұмбақты шешу.

- сан есімді тауып, реттік не есептік сан есім екенін айту.

- Қос сөзін қандай сан есіммен алмастырып айтуға болады?

Отыз екі - бәрі алып,

Тұрар іште қамалып,

Ашылғанда қос есік,

Көрінеді ағарып.

(тіс және ерін)

Сөздік жұмыс:

Қос - бір нәрсеге екінші нәрсені әкеліп біріктіруі.

Қос - белгілі бір жұмысты істеуге шыққан адамдар тобы.

Қорытындылау:

Жақсы балалар, бүгінгі сабақтан алған білімдерімізді тест арқылы қорытындылаймыз.

  1. Заттың санын білдіретін сөзді.......дейміз.

А) зат есім Ә) сын есім Б) сан есім

  1. Қанша неше сұрақтарына жауап беретін сан есімді...... сан есім дейміз.

А) реттік Ә) есептік Б) сан есім


  1. Реттік сан есімнің сұрағын тап.

А) қанша? Ә) неше? Б) нешінші?

  1. Мына сөздер қай сөз табына жатады?

Алты, он екі, жүз

А) етістік Ә) сын есім Б) сан есім

-ншы жұрнағына жалғанатын сан есімді көрсетіңіз.

А) екі Ә) он сегіз Б) он

Венн диограмма

Жақсы балалар, жарыс болғасын мәреге бірінші де, соңғы келетіні болады.

Олай болса, сабақ барысында тапсырмаларды дұрыс және шапшаң орындап, тобын жеңіске жеткізген қай топ екенін қарайық.

Үйге тапсырма беру: 18 - жаттығу.

Ереже жаттау.

«Төрт» дегенің - жақсы баға,

Алады оны жақсы бала.

«Бес» дегенің - үздік баға,

Оқитын бала үздік қана.

Оқушы бағалау:

Сабақ аяқтау:




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал