7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: Иық бұйымдарының түрлері. Қамзол үлгілері.

Сабақтың тақырыбы: Иық бұйымдарының түрлері. Қамзол үлгілері.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Технология 7 сынып Тульмаганбетова А.М.

Иық бұйымдарының түрлері. Қамзол үлгілері.



Сабақтың тақырыбы: Иық бұйымдарының түрлері. Қамзол үлгілері.

Сабақтың мақсаты: - оқушыларға иық бұйымдары туралы түсінік, ұлттық киім түріне жататын қамзолға сипаттама беру.

- теориялық білімдерін іс-жүзінде пайдалана білуге, халқымыздың тарихын біліп, эстетикалық талғамын қалыптастыру, дамыту.

- Шеберлікке, шыдамдылыққа, ұлттық дәстүрді сақтай білуге, еңбекке қызығушылығын арттыру арқылы тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жеке материалды мееңгерту.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, баяндау.

Пәнаралық байланыс: Тарих, бейнелеу, математика, өмірмен байланыс.

Халықтық педагогика: «Өнер - таусылмас қазына, жұтамас байлық».

Сабақтың көрнекілігі: Ұлттық киімдер түрлері, буклеттер, альбомдар.

Пайдаланылған әдебиеттер: «Шаңырақ» энцеклопедиясы, «Мектептегі технология» 2010 №9, 2009 №12, 2011 №5.

Сабақтың жүру барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасыын сұрау.

1. Иық бұйымдарына нелер жатады?

2. Көйлек қандай бөліктерден тұрады?

3. Қолданылуына қарай бұйымдар қандай түрге бөлінеді?

4. Әшекей түрлеріне нелер жатады?

5. Әйел, ер киімдерінің конструкциялық ерекшеліктерін атау.



Тікелей сұрақтар:

1. Аналарымыздың ақ ниетін, кіршіксіз мөлдір таза ниетін көрсететін бас киім.

2. Тіл-көзден сақтайды деп таққан бүйым.

3. Киім туралы ырым-тыйым сөздер:

- Ақ жаулықты ортаға тастау;

- Киілген бас киімді біреуге беруге, сыйлауға немесе қалап алуға болмайды;

- Бас киімді жерге төмен қоймай, жоғары іліп қойған жөн;

- Бас киімді теріс киуге болмайды;

- Біреудің орамалын тартуға рұқсат етілмеген.



III. Жаңа сабақ.

1. Қамзолға сипаттама.

2. Қамзол тігу технологиясы.

3. Қамзолдың материалы.

4. Түс үйлесімдігі.

5. Көркемдік сәндік жұмыстар.

6. «Ұлттық киім - тәрбие бастауы» дегендей қамзол үлгілерін көрсету.

Иық бұйымдарына жататын қазақтың ұлттық киімдерінің бір түрі - қамзол. Әйелдердің қамзолы қысқа жеңді, иықтан сәл түсіңкі, жеңді немесе жеңсіз түрінде тігіледі. Қамзол жұмыс істеуге өте ыңғайлы, кедергі келтірмейді. Сондықтан, ол әрі жылы, әрі сәндік киім болған.

Қамзолдың материалы - көбіне түкті пүліш маталар, оны барқыттан, шұғадан да тігеді. Ол міндетті түрде бір түсті матадан тігіледі. Әйелдердің жасына қарай қамзол түрі де өзгеріп отырған. Қамзолда жең болмағандықтан, жаға да жасалмаған, тек омырауға дейін ойық қалдырылған, өйткені қамзолды тек көлектің сыртынан киеді.

Түйме қадамаған, кестелек арқылы, көп жағдайда ұсталар соққан әшекейлі күміс қапсармалар арқылы қаусырылған, етек және омырау жағына түрлі жылтырауықтардан ою немесе өрнек жүргізілген.

Соңғы кезде қамзолды бисермен кестелеу кең етек алған.

Қамзол үлгілерін көрсету:

1-топ - Қыздардың қамзолы

2-топ - Аналардың қамзолы

3-топ - Әжелердің қамзолы

IV. Жаңа сабақты бекіту.

Сөзжұсбақ «Қапсырма»

1. Қамзолға тігілетін матаның түрі

2. Қамзолдың түйме орнына қолданылатын әшекейлі бөлігі

3. Қазақтың киімдерінің өңірін сәндеуге арналған тігіс

4. Матаның құрылысындағы жіп

5. Матаны тігуге дайындау алдындағы ЫЖӨ

V. Сергіту сәті:

- Сыныпты екі топқа бөліп, еңбекке, ұлттық өнерге байланысыт мақал-мәтел айту, жұмбақ жасыру сайысы ұйымдастырылады.

VI. Қорытындылау: Тест сұрақтары беріледі.

1. Қазазстанда мақта өсетін аймақ:

а) Оңтүстік Қазақстан ә) Оңтүстік Шығыс б) Қарағанды

2. Жеңсіз жаздық киім:

а) қамзол ә) бешпет б) жейде

3. Инені матаға шаншып кіргізу үшін не қажет?

а) оймақ ә) катушка б) губка

4. Хандар мен батырларға арналған шапанның арқасына қандай ою зерделенген?

а) қошқармүйіз ә) тасбақа б) құсқанаты

5. Ертеде ою-өрнекті матаға түсіру үшін қандай тәсілді қолданды?

а) қарындаш ә) уыз б) бор

VII. Үйге тапсырма:

1. §2, 34-бет

2. Қамзол өңіріне салынатын ою-өрнек түрлерін сызып үйреніп келу.

3. VIII. Бағалау.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал