7


  • Учителю
  • Картоптан, көкөністерден және саңырауқұлақтардан жасалған тағамдар

Картоптан, көкөністерден және саңырауқұлақтардан жасалған тағамдар

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Астана қаласы әкімдігінің ˶ Көпбейінді колледжі ˝ МКҚК







РЕФЕРАТ







Тақырыбы: Картоптан, көкөністерден және саңырауқұлақтардан жасалған тағамдар





















Дайындаған: Нұржауова Нұржанат Мұратовна

















Астана





Картоптан жасалған тағамдар



Сүттегі картоп. Сүтте картоп нашар піседі. Сондықтан алдымен суда пісіреді. Шикі қабығы аршылған картопты орташа мөлшердегі текшешелерге турайды. Ыстық су құйып, 10 минут пісіреді суын төгіп, орнына сүт құйып, тұз салып, дайын болғанша пісіреді.

Қуырылған картоп. Картопты майға қуыру үшін шойын ыдысты немесе болаттан жасалған түбі тереңірек табаны таңдаған дұрыс. Сонымен қатар арнайы қуыруға арналған ыдыстарды да қолдануға болады.Картопты әртүрлі етіп турауға болады: тілшелеп, кесек-кесек қылып, домалақ күйінде, төртбұрыштап немесе текшелеп турауға да болады.

Картопты қуыру үшін оның крахмалын азайту керек. Ол үшін картопты салқын суда 30 минут немесе 1 сағат шамасында ұстау керек. Сонда картоп крахмалының жарты мөлшерінен айырылады. Бір сағат уақыт өткен соң картопты судан шығарып кептіреді. Әйтпесе суы бар картоп майға салғанда жан-жағына шашырап қызады.Картопты кез келген маймен қуыруға болады: тоң май, іш май, өсімдік майы, т.б. Ал дұрыс тамақтану жолын ұстанатындар өсімдік майымен қуырылған картопты таңдайды.

Майдың мөлшері картоптың мөлшеріне байланысты құйылады. Сонымен қатар бұл тағам түріне де байланысты.Картопты салмас бұрын алдымен майды дұрыстап қыздырып алады. Май қатты қызып кетсе денсаулыққа зиянды. Сонымен қатар ол тағамның дәміне де әсер етпей қоймайды. Май аз болып қалған күннің өзінде картопты қуырып жатқанда май құюға болмайды. Картопты алтын түсті болғанша, яғни сарғайғанша екі бетін қуырып, содан соң отты бәсеңдетіп беті жабық күйде пісіріп алады.

Тұз бен дәмдеуіштер салғанда да ескеретін бірнеше қағида бар. Тұзды картоп пісуге жақындағанда салуға болмайды. Оны орта тұсында салу керек. Бұқтырылған картоп. Қабығы аршылып, қиықшалап туралған картоп сары майға қуырылады. Қуырылған картоп басқа ыдысқа салынып, дөңгелектеп кесілген пияз араластырылған қаймақ құйылады да, тұздалады. Содан соң ыдыстың қақпағы нығыздап жабылады да, жақсылап бұқтырылады. Дастарқанға қойыларда көкпен әсемделеді.

Картоп котлеттері. Картопты қабығынан аршып, жуып, бөліктерге бөліп, тұз салынған суда пісіреді. Езілуге бейім, жұмсақ болғаны жөн. Картоп піскеннен соң, артық суын төгіп, езіп, пюре дайындайды. Кішкене суыту керек. Пюре суығанша, пиязды ұсақтап турап, майға алтын түске енгенше қуырып алады. Картопқа қуырылған пияз, жұмыртқа және аскөк салып жақсылап араластырады. Дайын қоспаларды пішінге келтіріп, ұнға аунатып алады. Табаны отқа қойып, қызған майға котлеттің екі жағын қызарта пісіріп алады. Ұсынар алдында, картоп котлеттерін қаймақпен, соуспен, көкөністермен немесе өзін ғана ұсынуға болады.Картоптан, көкөністерден және саңырауқұлақтардан жасалған тағамдар

Көкөністерден жасалған тағамдар

Көкөніс - тамаққа қолданылатын бақша жемістері мен көктер (қияр, сәбіз, помидор, қызылша, т.б.). Көкөністер - бағалы тағам. Олардың тағамдық мәні бойындағы тез сіңгіш заттардың, ішінара көмірсутектердің болуына байланысты көкөністерде ас қорытуға пайдалы әсерін тигізетін, адам организміне қажетті витаминдер мен минералды тұздар, сондай-ақ ақуыздар, әр түрлі органикалық қышқылдар эфир майы мол. Мысалы, картопкрахмалға, ал қызылша - қантқа бай; капустада С витамині, ал сәбізде - организмде А витамині құрылатын - каротин (А провитамині) көп; рауғашта органикалық қышқылдар басым; көк бұршақ белоктарға; аскөк - хош иісті заттарға бай. Көкөністерді пайдаланар алдында тазалап, ұсақтап кескен жөн; ондай мүмкіншілік болмаса, таза, дымқыл орамалмен бетін жауып қояды, сонда олар ластанбайды және құрғап кетпейді. Тазартылған көкөністерді су ішінде қалдыруға болмайды, өйткені олардың бойындағы нәрлі заттары жойылып, дәмі бұзылады. Тазартылған көкөністерді 3 сағаттан артық (12°С аспайтын температурада) сақтауға болмайды. Жас қиярды, тұрыпты, сәбізді қабығын аршымай пайдаланған жөн. Көкөніс қосылған сүзбе. Жұмыртқаның сары уызын қосып, үгілген сүзбеге (творог) ұсақтап туралған жуа (пияз), қаймақ қосылып, тұз салынады да араластырылады. Дайын массаның бетіне дөңгелектеп кесілген шалғаммен және помидормен әсемделеді. Картоптан, көкөністерден және саңырауқұлақтардан жасалған тағамдар

Картоп езбесі. Картоптың қабығын аршып, жуып, текшелеп турайды. Қайнаған тұзды суда пісіреді. Сүзіп алып езеді, сүт, май салып араластырып, кондитерлік шприцпен тәрелкеге әдемілеп салады. Қызанақ езбесімен аскөкті араластырып, езбенің жанына құйып ұсынады. Фаршталған қызанақ

Жуылған қызанақтың жоғарғы жағынан «қақпақ» тәрізді кеседі. Кесілген қызанақтың ішін қасықпен «кесе» тәрізді ояды. Картоп, сәбіз, пиязды ұсақтап, текшелеп турайды. Туралған көкөністерді тұздап,бұрыштап, майонезбен араластырады. Дайын болған массаны қызанақ «кесенің» ішіне салып, «қақпағын» жауып ұсынады. Айлазан. Алдымен баклажанды жұқалап дөңгелектеп кесіп, сөлі шыққанша 10-15 минут күте тұрамыз. Өзге көкөністерді ұсақтап, мүмкіндігінше дөңгелектеп турап, алдымен баклажаннан бастап қазанға қабат-қатпар етіп салынады. Бетіне тұз сеуіп, күнбағыс майымен қатар ½ стақан су қоямыз да, бу шықпастай етіп, маздаған отқа қойып демделіп пісіріледі.

Картоптан, көкөністерден және саңырауқұлақтардан жасалған тағамдар

Саңырауқұлақтардан жасалатын тағамдар

Саңырауқұлақ қосылған пицца. Алдымен қамырын дайындайды. Ол үшін жылы суға ашытқы, тұз және қантты араластырып, 5-10 минутқа қойып қояды. Біраз көтеріле бастайды, сол кезде ұнға құяды, сосын сұйық майды да құйып, жұмсақ қамыр илейді. Қамыр жақсылап иленгеннен кейін, бетін ас пленкасымен жауып, жылы жерге қояды. Шамамен, 30-40 минут өткеннен кейін бір басып қойып, тағы да 10 минутқа қойп қояды. Пешті 220˚С-та қыздырады. Қамырды жұқа етіп жайып, пештің табасын май жағып салады. Осы массаның үстіне саңырауқұлақтарды және шұжықты салады. Оның үстіне үккіштен өткізілген аскөк, қызанақ және ірімшік салады. Пешке 15-20 минутқа қойып, қамыры аздап қызарғанда бірден өшіріп, пештен шығармайды. 10 минуттай пешке қалдырады, себебі тағы біраз жұмсарады. 10 минут өткеннен кейін пицца дайын.Картоптан, көкөністерден және саңырауқұлақтардан жасалған тағамдар









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал