7


  • Учителю
  • Ашық сабақ Менеджмент және маркетинг негізі үй экономикасындағы міндеті пен мақсат 8 сынып

Ашық сабақ Менеджмент және маркетинг негізі үй экономикасындағы міндеті пен мақсат 8 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Жыр алыбы Жамбыл





Жырауым жырт дегенде қара басы,

Жүйріктіктің құламас бағанасы.

Жабайұлы Жамбылым - ақын деген

Жігерлі өр ұғымның баламасы.





Жүдеу жастар аңғармас жатып айды,

Жауырындап жұлдызын бақылайды.

Жамбыл атам татиды жүз ақынға,

Жүз ақын Жамбылыма татымайды.





Жеңіс жайлы күллі елге таратқан үн,

Жарақаттың жазатын жалап қанын.

Жүз ғасырға жетерлік өнер сыйлап,

Жүз жыл өмір беріпті жаратқаным.





Жуындырған жырымен жерімді нақ

Жақындатты жарыққа елін құрап.

Жамбылыма шойыннан құйды ескерткіш,

Жырларынан шойыны жеңіл бірақ.





Жабайұлы бата алып Сүйінбайдан,

Жаббарының көрсетті сыйын бойдан.

Жарты ғасыр арнаса аз етеді,

Жарым жылда жеткізем күйін қайдан.





Жарасымды сүйетін халқы тектес.

Жақұт сөздің жалғанда парқы кетпес.

Жүз жасаған қартыма жадауланбай,

Жүз мектеп салса дағы артық етпес.





Жалынды үнмен орнығып жыр тағына,

Жанталасып шандықты шырқады да.

Жабайдың нар Жамбылын тыңдатса екен.

Жабайы болып жүрген ұрпағына.





Жүдегенді білмейтін қажығанды,

Жаратқанға дұға ғып аз ұнамды.

Жұртымның жүрегінен жоғалтпаса.

Жабайұлы Жамбылдай қазынамды





Бекжан Ержігіт

































































Жыр алыбы Жамбыл

Өлеңде қыз мінезді, кейде ұяң,

Жыр, ақын, жырауларың кетпей сияң.

Өлеңге сынық ұйқас сылтып басқан.

Жыр ақын жаны ұйып, болған ұяң





Оты бар жүрегінде жырау, батыл.

Ақынның жаны жырау, сөзі нақыл.

Жамбылдай жомарт болу тіпті қиын

Екпелі өлең саған емес дақыл.





Көңілде күдік болса, жүрек күпті

Бір жерден шыға бермес ой мен ақыл.

Қолыма алып қаламын Жамбыл атаның,

Мүлт кетпей сәл нәрседен қалмай қапы





Жамбыл ата, саған да, маған да,

Аян ғой, өткір ой

Жыры өктем.

Айтқан сөз жақсы ма, жаман ба?-

Атқан оқ өтетін жүректен.





Сондықтан қару мен қаламды,

Қашанда сен қатар ұстадың

Жыраудың сөзінен нәр алдым.

Сөзімнен сескенеді дұшпаным.





Жыраудай шың басына шығады өнер,

Шын ақын, екі туып бір-ақ өлер.

Алдында әр заманның, әр ұрпақтың

Құламай тіккен туы тұра берер.





Екеумізді екі елде алыс туған,

Өлең еді өмірлік табыстырған.

Сол өлеңде жыр болып мен тұрайын.

Тұрсын алда арыс боп нар тұлғаң





Сырымды айтам, ақынға тіл қатамын

Өнердің өріне өрлеп келемін

Әлі өмірге талай ақын келеді

Әсем жырын әлемге де төгеді.





Жазылмаған сол өлеңім өрге бастап кетеді,

Төбесі оның жұлдыз тіреп, бұлт болар етегі.

Одан әрі ұшқыр оймен ұша берер едім мен.

Жүрде тұрған сенің бейнең көз алдымнан өтеді.

Айдана Ешназарова































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал