- Учителю
- Тамақтану бойынша жалпы мәліметтер (6-сынып)
Тамақтану бойынша жалпы мәліметтер (6-сынып)
Сабақ тақырыбы: Тамақтану бойынша жалпы мәліметтер.
Сабақтың мақсаты: азық-түліктердің құрамында кездесетін минералды зат топтарымен танытыру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік- микроэлементтер мен макроэлементтердің адам денсаулығына әсері;
Дамытушылық-құнарлы заттар туралы білімдерін кеңейту;
Тәрбиелік - СӨС қағидаларына тәрбиелеу, «Дәрі-дәрмексіз денсаулық» қағидасына сәйкес дәріханаға жүгінбей-ақ ағзаны минералды заттармен толықтыру.
Көрнекіліктер: 1-кесте-минералды заттар, 2-кесте-Минералды заттардың теңгерілген арақатынасы есептелген (мг) болжалды мәзір.
Пәнаралық байланыс:
Биология, қазақ тілі, химия
Оқыту әдістері: Әңгімелеу, сұхбаттасу, сұрақ-жауап.
І.Ұйымдастыру кезеңі
Салемдесу, түгендеу
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
-
Асүй сөзі қандай мағынаны береді?
-
Қазіргі заманғы тұрмыстық электр құралдарының қандай түрлерін білесіңдер?
-
Киіз үйдің ішкі жабдықталуын сипаттап беріңдер.
-
Неліктен қазіргі күннің өзіңде дәстүрлі ұлттық ыдыс-аяқ пен керек-жарақтары қолданып келеміз?
-
Қазақ халқының ұлттық ыдыс-аяқ пен қерек-жарақтарын атаңдар.
-
Қазақ халқының ұлттық ыдыс-аяқ пен қерек-жарақтары неден жасалады?
-
Қазақ халқының қандай ұлттық тағамдарын білесіңдер?
ІІІ. Жаңа сабақ
Тамақтану - адамның тіршілік етуінің ең маңызды шарттарының бірі.
Адамның тамақтануында минералды заттар маңызды рөл атқарады. Олар жасушалардың, ұлпалардың, қанның құрамына кіреді, ағзада болып жатқан үдерістерді реттеп отырады.
Тағамның 100 г құрамындағы ондық, жүздік миллиграмм мөлшеріндегі минералды заттар макроэлеменнттер деп аталады. Оларға жататаындары - кальций, калий, магний, натрий, фосфор, күкірт, хлор. Ал тағам құрамындағы аз мөлшердегі заттар микроэлементтер деп аталады. Олар -йод, фтор,темір, мырыш, марганей, хром.
Минералды заттардың маңыздылығына қарай ең алдымен атап өтілетіні-кальций, калий, натрий,темір, магний және йод.
-
1 - кестемен жұмыс. Минералды заттар.
Тағамдардың әртүрлілігі - дұрыс тамақтанудың басты шарты. Таңғы, түскі және кешкі асқа арналған тағамдардың сұрыпталысы өнімдердің қоректілік құндылығына, құрамындағы негізгі тағамдық заттарға және құнарлылығына байланысты іріктеліп алынады - 2-кесте - Минералды заттардың теңгерілген арақатынасы есептелген (мг) болжалды мәзір.
Тәуліктік ас мәзірі әртүрлі болуы керек.
Тамақ құнарлылығының жалпы мөлшері күні бойы тең емес бөлінуі тиіс:таңғы ас 20-25%, екінші таңғы ас немесе бесін ас 15%, түскі ас 35-45%, кешкі ас 15-20% (тәуліктік тағам мөлшері). Кешкі ас әрқашан жеңіл болуы керек.
-
Кешкі астың болжалды мәзірі.
ІҮ. Сабақ бекіту
Рефлекция
1.Сөйлемді аяқта
«Мен адам ағзасының дамуы мен өсуі үшін азық-түлік құрамынының аса маңызды екенін білдім, себебі ...»
Ү. Қорытынды жасау
Сабақта қандай жаңа мәліметтер білдіріңдер?
Қандай қиындықтар сездіңдер?
ҮІ. Үй тапсырмасы
§6. 33-36бет.
Қосымша әдебиеттерді қолдана отырып 3 күнге ас мәзірін құру