- Учителю
- Тақырыбы: Орман патшалығы кейіпкерлерін жандандыру,бұйымдарды біріктіру тәсілдері.
Тақырыбы: Орман патшалығы кейіпкерлерін жандандыру,бұйымдарды біріктіру тәсілдері.
|
2 сынып |
Еңбекке баулу | |
|
Тақырыбы |
Орман патшалығы кейіпкерлерін жандандыру, бұйымдарды біріктіру тәсілдері. Бұйымдарды жасау схемасы | |
|
Мақсаты |
Орман табиғи материалдары туралы түсінік беру. Ағаш бүршіктерінен орман кейіпкерлерін жасауды үйрену. | |
|
Міндеттері |
- Техникалық қауіпсіздіктерді пайдалану арқылы табиғи материалдармен жұмыс істеуге үйрену; - Ойлау қабілетін дамыту; - Ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу. | |
|
Күтілетін нәтиже |
Бүршіктерден мүсіндеп үйренеді. Топпен пікірлесіп, тапсырмаларды орындайды. Өз бетімен жұмыс жасай алады. | |
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдер |
Шаттық шеңбері Интерактивті тақтамен жұмыс Топпен жұмыс Рефлексия Бағалау | |
|
Қолданылатын ресурстар |
Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, | |
|
Сабақ барысы |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|
Ұйымдастыру кезеңі Тренинг
|
Психологиялық дайындық жүргізу: Шебер біздің атамыз, Шебер біздің әжеміз, Шебер болған бабам да, Біз де шебер боламыз Оқушылар конфеттер арқылы 2 топқа бөлінеді/фантиктердің түсіне қарай/ І-топ «Шеберлер», ІІ топ «Іскерлер» (топ басшылары сайланады, олар тапсырмалар бойынша топ мүшелерін бағалап отырады) Әр топқа бағалау парағын таратып беру. |
Оқушылар шаттық шеңберде тұрып айтады
Оқушылар топқа бөлініп, өз топбасшыларын сайлайды.
Бағалау парағы арқылы топбасшылар өз топ мүшелерін бағалап отырады.
|
|
Білу Миға шабуыл
|
Орман ел дәулеті, жер сәулеті. Орман көп болса олжаң көп. Ормансыз жер жалаңаш, Армансыз ер жалаңаш. Мақал-мәтелдер не туралы Орманда өсетін ағаштарды көрсету,айту.Ағаш бүршіктері, жапырақтар туралы айтып өту
|
Оқушылар мақал-мәтелді түсіндіреді Интербелсенді тақтада презентация арқылы оқушыларға көрсетілім көрсету. |
|
Түсіну «Серпілген сауал» Стратегиясы бойынша |
«Серпілген сауал» /доп лақтыру арқылы оқушыларға сұрақ қоямын/ 1.Орман патшалығы дегенде көз алдымызға нені елестетеміз? 2.Орманда не өседі? 3.Орманда қандай ағаштар бар? |
Оқушылар тез арада өз ойлары мен пікірлерін айту
|
|
Қолдану Топпен жұмыс |
1-топ Ермексазбен біріктіру тәсілін көрсету 2-топ Желімдеу тәсілімен көрсету
|
Оқушылардың мұнда берілген тапсырманы өздері талқылап , өз ой-пікірлерімен санаса білу Топпен жұмыс жасау Топ басшылары бағалайды |
|
Талдау «Өкіл» стратегиясы |
«Өкіл» стратегиясы арқылы /бір оқушы екінші топқа өкіл болып барып жұмыстың жасалу жолымен таныстырады/ Топқа берілген зат бөлшектерінің біртіру схемасын құрып, жасалу, біріктіру тәсілін айту .
|
Әр топтан бір оқушы екінші топқа барады. Топтар бір-біріне баға береді./бас бармақ арқылы/ |
|
Жинақтау Постер |
1-топ Орман патшалығының табиғи материалдарын ата? 2-Орман патшалығының кейіпкерлерін қандай әдістермен жандандыруға болады?
|
Оқушылар берілген сұрақтар бойынша постер жасап, қорғайды. |
|
Бағалау |
Сабаққа жақсы қатысқан, белсенділік танытқан оқушыларды топ мүшелері, мұғалім бағалайды.
|
Әр топ бағалау парақшасын өздерін бағалайды |
|
Рефлексия |
«Бес бармақ» арқылы кері байланыс алу |
Оқушылар кері байланысы арқылы өздерінің сабақтан алған әсерлерін айтады. |
|
Үйге тапсырма |
Осы кейіпкерлер туралы ертегі құрап келу/үкі,тоқылдақ,саңырауқұлақ, шырша/ |
кейіпкерлер туралы ертегі құрап келу |