7


  • Учителю
  • Технология 'Ұлттық үй жиһазын жасау'.

Технология 'Ұлттық үй жиһазын жасау'.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ұлттық нақышта ас үй жабдығын жасау технологиясы
Ұлттық нақышта ас үй жабдығының жасалу технологиясы.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың рухани дүниесін байыту және ұлттық өнерімізді пайдалана білу. Патриоттық сезім қалыптастыру және шеберлік деңгейін арттырып, ынта ықыласын молайтуға, әсемдік пен сұлулықты көріп, бағалай білуге үйрету.
Дамытушылық: ұлттық өнер жайлы білімдерін жүйелеп, шығармашылық қиялын арттыру. Шеберлігінің ұшталуы, ойлаған мақсатына жету.
Тәрбиелік: өз бетінше жұмысқа ептілік деңгейін көтеруге баулу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, сарамандық
Сабақтың формасы: топпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу өнері, геометрия, тарих.
Көрнекіліктер: жасалған дайын бұйым, сызбалар, технологиялық карта, дайындамалар.
Құрал-жабдықтар: ағаш бөлшектері, сүргі, штангенциркуль, ара, егеулер, зімпара қағаздары, лак, СТД-120 ағаш өндеу станогі.
Оқушыларды түгендеу, киімдерінің сабаққа лайықты болуын қадағалау, көрнекіліктердің түгелдігін тексеру. Топқа бөлу.

Өнер тобы II. Шебер тобы III. Ұста тобы
Бүгінгі сабағымызда, токарлық станокта ас үй жабдықтарының бірі тостағанның жасалу технологиясын үйренеміз. Ағаш өнеріне кіріспес бұрын халық қолөнеріне тоқтала кетейік.
Халық колөнері ғасырлар бойы дамып, қалыптасып келе жатқан халық шығармашылық өнерінің сарқылмас қайнар көзі, халық мәдениетінің айнасы. Өнертану ғылымында халық қолөнері сән және қосалқы өнер деп аталады. Олар сәулет, мүсін өнерлерімен байланысты. Жасалу тәсіліне қарай кілем, сырмақ, сүйек, металл, ағаш т.б.
Ағаш өнері үйші, оймашы, балташы, тоқушы болып бөлінеді.
Соңғы кезде қолмен жасалған бұйымдардырмен, заттармен қоса механикалық тәсілмен жасалған заттар да бар.
Бүгінгі жасайтын бұйымымыз, механикалық тәсілмен, яғни дайындама станокке орнатылып өңделеді.
Жұмысқа дейін:
1. Жұмыс киімді дұрыс қию (жең, белбеу және т.б.) реттеу.
2. Станокты тексеру (ременді, берілістің қорғағыш бөлігін)
3. Дайындаманы мұқият тексеру, дұрыс бекіту.
4. Пышақ тіреуішін дұрыс қатайту.
5. Көзді жарақаттан сақтау. (көзілдірік кию)
Жұмыс кезінде:
1. Кесу жұмысын станок толық күшімен айналған соң баста.
2. Пышақты дайындамаға күш түсірмей, аздап тос.
3. Пышақ тіреуіш пен дайындаманың арасын қалыпты жағдайға келтіріп отыр.
4. Өлшеу жұмыстарын станок толық тоқтағаннан кейін жүргіз.
Қажет жағдайда түсініктеме нұсқау беру.
1-тексеру барысында жұмыстың дұрыс басталуына, ретіне көңіл бөлу.
2-тексеру барысында оқушылардың құрал-жабдықтарды дұрыс пайдалануын қадағалау. Жұмысты қауіпсіз орынлауын бақылау.
3-тексеру барысында тапсырманың нәтижелі орындалуына, бұйымның сапалы болуына көңіл бөлу. Жұмыс соңында жұмыс орнының тазалығын тексеру.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал