7


  • Учителю
  • «Ағашты көркемдеп өңдеу негіздері»

«Ағашты көркемдеп өңдеу негіздері»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Батыс Қазақстан облысы

Сырым ауданы

Жалпы білім беретін Бұлдырты орта мектебі























Тақырыбы: «Ағашты көркемдеп өңдеу негіздері»

Сыныбы:10















Өткізген: Технология пәнінің мұғалімі Джанузаков М.Н





</<br>





















2016 жыл



Тәрбиелік: Оқушыларға ақыл - ой,еңбек және эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Сарамандық жұмыс.

Сабақты оқыту әдісі: әңгімелесу,сарамандық және өз бетімен жұмыс

Сабақтың құрылымы:

1.Ұйымдастыру бөлімі.

2.Өткен материалды еске түсіру.

3.Жаңа сабақ.

а) Ағашты мәнерлеп өңдеу түрлері.

ә) Ағашты ою тәсілдері.

б) Ағашты жұмырлап ою.

в) Ағаш токарь станогымен танысу.

г) Ағаш ою құралдары.

д) Ағаш ою тәсілдері.

е) Қауіпсіздік ережесі.

ж) Нұсқау карта бойынша жұмыс.

з) Жаңа материалды пысықтау.

4. Сарамандық жұмыс.

5.Жұмысты аяқтау,қорытынды.

Сабақтағы жұмыс нысаны: Асханалық бұйым жиынтығының оқтауларын СТД - 120 ағаш токарь станогымен жасап үйрену.

Сабақтың көрнекілігі:

1.Асханалық бұйымның оқтауларын жасаудың технологиялық картасы.

2.Бұйымның дайын үлгісі.

3.Токарь станогымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі.

Қажетті құрал - саймандар.

1.Ағаш материал /70х70х400 мм/ 3 дана.

2.Қайың /70х70х400 мм/ 1 дана.

Сызғыш,карандаш,штангенциркуль, қашау түрлері, түрпі қағаз, СТД - 120 токарь станогы.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі.

а) Сабаққа қатысуды бақылау.

ә)Сабаққа дайындығын тексеру.

2.Өткен материалды қайталау.

3.Жаңа сабақ.

Ағаштан жасалған үй бұйымдарының бетін безендіру тәсілінде де жергілікті ерекшеліктер бар.Мысалы, Қазақстанның оңтүстігінде түрлі бояумен сәндеу, нұсқаулы оюлар жүргізу басымырақ болса, Солтүстік,орталық және Шығыс Қазақстанда сүйекпен, күміспен, асыл тастармен, түсті металмен әсемду жиі ұшырасады.Ал Қазақстанның батысында үй бұйымдарының бәріне дерлік өте әдемі, бедерлі ою ойылып, оған қосымша түрлі түсті бояулар жағылып, үйлесімді көркемдледі.

Ағашты жұмырлап оюдың екі түрлі әдістері бар: а) ағашты қолмен өңдеу; ә) ағашты механикалық тәсілмен өңдеу;

Ағашты қолмен өңдеуге әр түрлі құралдар - балта, қашау, сүргі, қырғы, түрпі, пышақтың көмегімен өңдейді.

Ал, механикалық тәсілмен өңдеуде ағашты ағаш өңдейтін СТД - 120м үлгісінде токарь станогының көмегімен өңдеуге болады.Токарь станоктарының кескіш аспабы өткір жүзді тістер болып табылад.

Қара дүрсін жанып - жону үшін 6мм - ден 50мм - ге дейінгі жартылай дөңгелек қашаулар қолданылады.

Үстінгі беттерді тап - таза етіп жанып жону үшін қиғаш жүзді қашаулар қолданылады.

Станоктар электр қуатына қосар алдында оның электр тізбегіне сенімді түрде жерге қосылғанына, іске қосу қорабында ешқандай ақаудың жоқ екеніне көз жеткізіп алу керек.

Бөлшектерді станокқа бекіту - орталыққа, потронға және тығырыққа бекіту сияқты тәсілмен жонып өңделеді.

Нұсқау карта бойынша станокта оқтау жону тәсілдері түсіндіріледі.Оқтауды жону кезінде ағаш өңдейтін токарь станогымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі ескеріледі.

4.Сараманды жұмыс.

а) Нұсқау карта бойынша дайындамалар дайындау.

ә) Дайындаманы белгілі өлшемге дейін станокқа бекітіп жону.

б) Оқтауды мұқият тазалап,жону.

5.Қорытынды.

Оқушылардың жұмысын бағалап, жұмыс орнын ретке келтіру





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал