7


  • Учителю
  • Иық бұйымдары конструкциялау және модельдеу. Иық бұйымдарының түрлері мен сипаттамасы.

Иық бұйымдары конструкциялау және модельдеу. Иық бұйымдарының түрлері мен сипаттамасы.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Иық бұйымдары конструкциялау және модельдеу. Иық

бұйымдарының түрлері мен сипаттамасы.

Сабақтың мақсаты:

Білімбілік: оқушыларды иық бұйымдары түрлері және сипаттамасы, киімге

қойылатын талаптармен, сән тарихымен таныстыру; киім силуэті

мен стилі туралы түсінік беру.

Дамытушылық: білім - біліктерін жетілдіру, бұйымның сызбасын құруға

арналған өлшем алу жөніндегі тапсырманы меңгеруін қамтамасы

ету.

Тәрбиелік: қазақтың ұлттық киімін дайындаудың ерекшеліктерін ашып

көрсету және таныстыру; эстетикалық талғамға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың әдісі: түсіндіру,

Көрнекі құрал - жабдықтар: бұйым сызбасы, адам мүсінде сызықтарды

бейнелеу кестелері, әр кезеңдегі киім суреттері, сән журналдары,

шынайы көлемде бұйым үлгілері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. оқушыларды түгендеу

2. сабаққа қажетті құралдарын тексеру.

ІІ. Кіріспе бөлімі

Өтен материалды пысықтау сұрақтары.

  1. Өңдеу тігістері қандай жерлерде қолданылады?

  2. Белгілі бір пішінді беру үшін қандай тігіс қолданылады?

ІІІ. Негізгі бөлім:

Жаңа сабақ

Қазіргі киім және оған қойылатын талаптар. Қазіргі уақытта киімнің әр алуан түрлері бар. Оны топтауда, жіктеуде көптеген ұстанымдар кездеседі.

Қолдану мақсатына қарай киім түрлерінің бөлінуі:

  • түрмыстық ( күнделікті, салтанатты, үйде киетін, спорттық және ұлттық)

  • өндірістік (арнайы, санитарлық)

  • формалық.

Қолдану тәсіліне қарай:

  • сырткиім, жеңіл киім, ішкиім, корсеттік бұйым;

  • жағажай киімі, баскиімдер.

Басында киім қарапайымдылығымен ерекшеленген және негізгі иықты және белден киюге арналған киім түріне бөлінген. Иықты киім - мата бөліктерінен тігілетін иықтан киілетін бұйым. Белден киілетін киім өзінің бастамасын алғашқы қауымдығы белдік бұйымдардан алған, мықын тұсын жабу ретінде қолданылған. Одан қазір алжапқыш, белдемше, шалбарлар пайда болған.

Кейініректе қарапайым костюм - алжапқыш - күрделене түскен жейде түріне алмастырылды. Ол алдыңғы және артқы бойды құрайтын екі бүктелген материал қиығынан тігілген. Ортасынна басқа арналған ойынды жасалып, тігілген шеттерінен қолға арнап тесік қалдырылған. Бұл кастюмді ежелгі мысырлықтар мен римдіктер туника деп атаған.

Қоғамның дамыуымен костюм түрлері де күрделене, жетілдіріле түсті. Киім - кешек немесе костюм түсінігі, яғни киімдер жиынтығы, аяқкиім, баскиім, сонымен қатар костюмді толықтырып тұратын бұйымдар пайда болды. Костюмді толықтырып тұратын бұйымдар пайда болады. Костюмді толықтырып тұратын бұйымдар - аксессуарлар деп аталады. Оларға биялай, шляпа, сөмке, шарф, бант, гүл және т.б жатады.

Әр тарихи кезең киімнің белгілі бір стилімен сипатталады. Киім сипаты стильге байланысты. Стиль -қоғамының материалдық және рухани мәдениетін бейнелейтін киім мәдениеті саласындағы ең маңызды түсініктің бірі. Қазіргі кезде сән үлгісінде негізгі төрт стиль бар.


Стиль түрлері


Классикалық спорттық


Романтикалық фольклорлық


Сән бағыты силуэт арқылы бейнеленеді.


Киім силуэті. Сән бағытында алдымен силуэт бейнеленеді. Силуэт - денебітім кескінінің нұсқасы, сыртқы пішіні, ол оның негізгі жалпы проппорциясын анықтайды. Сәннің өзгеруімен бірге силуэт те өзгереді. Белгілі бір уақыт аралығындасилуэт сызығы қайталанып, қайта сәнге айналады. Алуан түрлі кәзіргі киімдерде, сән үлгісінде үнемі кездесетін төрт силуэтті ерекше атауға болады: тік, қынама бел, жартылай қынама, трапециялық.Силуэттерді геометриялық пішіндермен салыстыруға болады.

  • Тік силуэт денебітімінің барлық түріне жарасады.

  • Жартылай қынама силэт денебітім аздап қана айқындайды

  • Қынама бел силуэті иық сызығы, бұйым етегінің еңдігімен жинақталуымен ерекшеленеді.

  • Трапеция силэті - иық сызығынан немесе қолтық ойындысынан өзіндік кеңеюі.

ІҮ. Сабақты қорытындылау:

  1. Қазіргі қандай стильдегі киімдер сәнді?

  2. Қазіргі киіп жүрген киімдердің қандай стильде?

  3. Өз киімдеріңнің силуэтін атаңдар

Ү. Үйге тапсырма:

Киім силуэті туралы түсініктерін дәптерге жазу

ҮІ. Бағалау:



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал