7


  • Учителю
  • План конспект урока по черчении на тему 'Сызба құжаты. Сызба қаріптері. ' (9 класс)

План конспект урока по черчении на тему 'Сызба құжаты. Сызба қаріптері. ' (9 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныбы: 9

Тақырыбы: 4-5 Сызба құжаты. Сызба қаріптері.


Мақсат:

  1. Білімділік: Сызба шрифтлермен сызудағы құжатты толтыру туралы мәліметтер беру.

  2. Дамытушылық: Пішімде шрифтерді орындау арқылы оқушылардың сызба қаріптерінің түрлерімен, құжатпен жұмыс жасау біліктілігін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Сызудың алғашқы негіздерін игерту арқылы оқушыларды политехникалық мамандықтарға тәрбиелеу

Сабақ типі: жаңа сабақ

Сабақ түрі: лекция, ішінара ізденіс сабағы.

Әдіс-тәсілдер: әңгіме, иллюстрациялау, сызу

Құрал-жабдықтар: Транспортир, қарындаштардың түрлері, өшіргіш, сызғыш түрлері, бұрыштықтар, А-4 пішімі, 1 нұсқалы карточка.


Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу.

Сабақта жоқ оқушыларды түгендеп, журналға белгілеу.

ІІ. Жаңа сабақты меңгеруге дайындау кезеңі

Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, сабақ таныстыру.

Сендер бүгін сызба шрифтлерімен және сызба құжатының толтыруымен танысып, оны практикада көрсетуге үйренесіңдер.

III. Өткен тақырыпты қайталау

  1. Масштаб не үшін кажет?

  2. Масштаб дегеніміз не?

  3. Сендерге стандарт бойынша тағайындалған үлкейтудің қандай масштабтары белгілі? Кіші-рейтудің қандай масштабтары белгілі?

  4. Мына жазулар нені білдіреді: М1:5; М1:1; М10:1?

1-тест

1-кестеде сызба сызықтарының бес түрі берілген.

Төмендегі сұрақтардың жауабын тап:

  1. Тұтас жуан негізгі сызықты көрсет.

  2. Тұтас ирек сызықты көрсет.

  3. Тұтас жіңішке сызықты көрсет.

  4. Үзілме сызықты көрсет.

  5. Жіңішке нүктелі үзілме сызықты көрсет

ІV. Жаңа сабақты меңгеру кезеңі

СЫЗБА ҚАРІПТЕРІ

Қаріп деп әріптердің, цифрлардың және сызбаларда қолданылатын белгілердің жиынын айтады. Ғылымда, техникада, сәулет өнерінде неше түрлі қаріптер пайда-ланылады. Сызба салу, оларды іс жүзінде қолдану тәжірибесін қорытудың нәтижесінде сызбадағы өлшемдердің шамасын көрсету және жазуларды орындау үшін қалыптасқан арнаулы сызба каріптері қабылданған. Қаріптің өлшемі (һ) деп бас әріптердің миллиметрмен есептелген биіктігіне тең шаманы айтады. Бас әріптердің биіктігі (Л) жазу жолына перпендикуляр бағытта өлшенеді. Сызба қарпінің қабылданған өлшемдері: 1,8 (ұсынылмайды, бірақ рұқсат етіледі); 2,5; 3,5; 5; 7; 10; 14; 20; 28; 40. Қаріп сызығының жуандығын d әрпімен белгілейді. Сызба қарпінің төменде аталған төрт түрі белгіленген: тік және көлбеу А түріндегі (d = • һ), тік және көлбеу Б түріндегі (d= • һ) қаріптер. Көлбеу қаріптер жазу жолына 75°-қа тең бұрыш жасап көлбейді.Кіші әріптердің биіктігі (с) қаріп өлше-мінің(А тү-ріндегі7 қаріптер үшін) немесе.(Б түріндегі қарілтер үшін) бөлігіне тең болады (5-сурет).Әріптің ерекшелігін көрсетіп, жазуды жеңілдету үшін көмекші тор пайда-ланылады. Көмекші тор сызықтарының арақашықтығын қаріп сызығының жуан-дығына тең етіп алады. Көмекші торды пайдаланып, қаріп салу суретте көр-сетілген. Көбіне Б түріндегі көлбеу қаріптер қолданылады. Қазақ алфавитінің әріп-тері 1-суретте ал латын алфавитінің өріптері 2-суретте көрсетілген.

1-сурет 2- сурет


Әріптердің арақашыктығын (а) қаріп сызығының жуандығынан екі есе үлкен етіп алады (а = 2(d). Бірақ көршілес сызықтары параллель болмайтын әріптердің ара қашықтығын екі есе, яғни қаріп сызығының жуандығына азайтуға болады. Мысалы, Г әрпінен кейін А немесе Д әріптерінің біреуі жазылса, онда олардың аралығы үлкейіп көрінеді, сондықтан а-ны кемітеді. Кіші әріптің биіктігі өлшемі кішірек келесі қаріптің өлшеміне тең. Мәселен, қаріптің өлшемі 14 болғанда, кіші әріптердің биіктігі 10, ал қаріптің өлшемі 10 болғанда, кіші әріптердің биіктігі 7 және с.с. болады.

Тыныс белгілерімен ажыратылған сөздердің ең аз арақашыктығы (е) тыныс белгісі мен одан кейінгі сөздің аралығымен өлшенеді. а-суретте араб цифрлары, ә-суретте көлбеуліктің белгісі, б-суретте конустылықтың белгісі, е-суретте шаршының белгісі және г-суретте диаметрдің белгісі келтірілген.



Сызба құжаты.

Әрбір сызбада оның өрісін шектейтін рамка болуы тиіс. Оларды киып алуға болатындай етіп үстіңгі оң және төменгі жақтарынан сырткы рамкадан 5 мм кашыктықта, ал сол жағынан сырткы рамкадан 20 мм кашыктықта тұтас жіңішке сызык жүргізеді. Соңғы жолақты сызбаларды бірік-тіріп тігу үшін қалдырады. Негізгі жазу сызбалардың оң жақ төменгі бұрышына негізгі жазу жазылады. Онын пішіні мен өлшемдерін және мазмұнын стандарт тағайындайды. Мек-тептеп оқу сызбаларында сендер қабырғалары 22-145 мм болатын тік төртбұрыш түріндегі негізгі жазуды орындайтын боласыңдар. Қажетті жазулармен толтырылған осындай негізгі жазу-дың үлгісі суретте көрсетілген. Форматы А4 параққа орындалатын өндірістік сызбаларды тек тік ал негізгі жазуды оның тек кысқа бойына ғана орналастырады. Басқа форматтарға орындалған сызбалардағы негізпгі жазуды оның ұзына бойына да, сондайақ қыска боиына да орналастыруға болады. Ерекшелік ретінде форматы А4 оқу сызбаларындағы негізгі жазуды сызба парағының ұзына бойына да, сондай ақ қысқа бойына да орналастыруға рұксат етіледі. Рамка мен негізгі жазу графаларын тұтас жуан сызыкпен орындайды.

Рамканың форматта орналасуы Бұрыш штампының өлшемдерімен

негізгі жазуы

V. Жаңа сабақты бекіту

  1. Шрифтінің өлшемі немен сәйкес?

  2. Бас әріптердің ені неге тең?

  3. Өлшемі 14 болатын кіші әріптердің биіктігі неге тең? Олардың
    ені неге тең?

  4. Форматы А4 сызба парағының өлшемдері қандай?

  5. Рамка сызығын сызба парағының жиегінен қандаи қашықтықта жүргізу керек?

Жаттығу

Мұғалімнің тапсырмасы бойынша берілген бірнеше жазуларды жұмыс дәптерлеріңе орындаңдар. Мысалы, өзіңнің фамилияңды, атыңды, өздерің тұрған қаланың атын, мектеп нөмірін жазу-ларыңа болады.



VI. Қорытынды Сызба шрифтерінің орындалумен, сызба құжатының толтыруымен танысып рамканы сызуды, оны толтыру туралы мәліметтер алып оларды сызуды үйренді. Жақсы орындаған оқушылар жұмыстары аталып бағаланды.

VII. Үйге тапсырма

№ 1 графикалық жұмыс парағының негізгі жазуын: сызған (өз фамилияңды), тексерген (мұғалімнің фамилиясын), мектеп, класс, № сызба, жұмыстың аты «Сызықтар» деген текстермен толтырыңдар. Сабақтағы жаттығуларды аяқтау, тақырыпты қайталау.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал