7


  • Учителю
  • : Ағаштан жасалған бұйымдар беттерін күйдіру арқылы әшекейлеу әдістері.

: Ағаштан жасалған бұйымдар беттерін күйдіру арқылы әшекейлеу әдістері.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

8- сынып №11сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ағаштан жасалған бұйымдар беттерін күйдіру арқылы әшекейлеу әдістері.

Білімділік: Оқушыларды ағашты күйдіріп өрнектеу аспабының құрлысымен таныстырып, күйдіру әдісін үйрету.
Тәрбиелік: Оқушылардың өнерде, ұсталыққа, шеберлікке, іскерлікке, деген ынта- қабілетін арттырып өздігінен сапалы бұйымды күйдіріп өрнектеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ұлттық қолөнер бұйымдарын күйдіріп өрнектеуге икемділігін арттыру.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндірме, практикалық
Сабаққа қолданылатын стратегиялық әдістер: Интерактивті әдістер, СТО технологиясының әдіс-тәсілдері
Көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта, видео ролик, сызба, сурет.
Құралдары: қалам, сызғыш, күйдіру аспабы, ағаш, ара, егеу, двп
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
2. Оқушы назарын сабаққа аудару.
«Бағдаршам» әдісі:
Әр оқушы сабаққа немесе сұраққа өз дайындығы туралы түрлі-түсті стикерлер арқылы белгі береді: «жасыл» - дайын, «сары» - күмәнді, «қызыл» - дайын емес.
Жеке оқушылармен жұмыс. Үлестірмелі парақтар.
Қызығушылықты ояту кезеңі
Ағаштарды жартылай қиыстыруда қандай құрал-саймандар қолданылады?
II. Үй тапсырмасын тексеру
Ағаштарды жартылай қиыстыру
«Кім біледі?» ойыны. Ағаштарды қиыстырудың түрлерін слайд арқылы сұрау «беске» білетін оқушы 1 сұраққа жауап беріп, қалғаның оқушылардан «кім біледі?» деп сұрайды.
Жартылай қиыстыру дегеніміз не?
III. Үй тапсырмасын бекіту
IV. Жаңа сабақ..
Ағашты күйдіріп өрнектеу.
Сәндік қолданбалы өнер туындылары:
Бұйым типі бойынша: тұрмыстык заттар, үй керек- жарақтары және басқа қажетті заттар.
Бұйым материалы бойынша: фанер, көп қабатты фанер, ағаш.
Материалды өңдеу технологиясы бойынша: күйдіру, ою, аралау, т. б. жіктеледі.Тұрмысқа қажетті заттарды жасап үйрену арқылы ұлттық өнердің өзіндік ерекшелігімен, көркемдік құрылымымен танысуға болады. Ата-бабалары- мыздың тұрмыста пайдаланған бұйымдарын жасау арқылы ұлттық көркем өнердің қыр-сырын түсінуге болады.
Ағашқа көркемдеп өрнек салу барысында ағаш түрлерімен, олардың технологиялық қасиеттерімен және пайдалану жолдарымен танысасыңдар.
Бұйымды дайындауға кіріспестен бұрын оның үлгісімен, мұғалім жасаған нұсқасымен танысасыңдар. Содан кейін жұмыс жоспарын кұрасыңдар. Бұйымдағы өзіндік ерекшелігі бар суреттерді таңдай білу керек. Сурет композициясы бұйым материалына, оның колданылуына, пішініне қарай таңдалады. Мектеп шеберханасында өсімдік төрізді және геометриялық мәндегі өрнектер жасап үйренуге болады. Геометриялық мәндегі өрнектерге: сызықтар, үшбұрыштар, ромбтар, ал өсімдік мәндегі өрнектерге: жапырақ, бүршік, сабақ, шырмауық жатады.
Күйдіру жиектік, сызықшалы және нүктелік әдістер деп үш топқа бөлінеді:
Жиектік әдісте күйдіріліп жасалған өрнек бұйым шетін қуалай жолақ немесе таспа түрінде орналасады. Жұмыс қара-пайым электркүйдіргіш бізімен ағаш шетін айналдыра күйдіру арқылы орындалады.
Күйдіргіш біз әр түрлі пішінді (иілген, түзу) болуы мүмкін: мысалы, сегіз тәрізді, Z тәрізді немесе V әрпі тәрізді. Осындай пішіндерді пайдалану арқылы өрнектер жасауға болады. Көбіне дайын бұйымдарды осылай әшекейлейді
Сызықшалы әдісте сурет бетіне электркүйдіргішпен жылдам қозғалыстар жасау арқылы сызықшалар түсіреді (сызықшалар қаншалықты қысқа болса, түсі де қанық болады).
Солғын түс беру үшін ағаш бетіне электркүйдіргіштің бізін сәл ғана тигізіп өтеді.
Негізінен, барлық күйдіру жұмыстары осы әдіспен орындалады.
Сергіту кезеңі.
Интерактивті тақтаның көмегімен ағашты күйдіріп өрнектеу туралы видео ролик көрсету.
Не көрдіңдер, не қызықтырды?
Ағашты күйдіріп өрнектеу аспабымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережесі
Жұмысқа дейін:
1. Жұмыс киіміңді дұрыс киін. Жең, галстук, белбеу т.б. киімдеріңді ретте.
2. Жұмыс орныңда артық ешнәрсе тұрмасын.
3. Электркүйдіргіш аспабын тек мұғалімнің рұқсатымен қосу қажет.
4. Электркүйдіргіш бауында жалаңаш сым көрсеңдер, басқа да ақаулықты байқаған жағдайда бірден мұғалімді хабардар ету қажет.
Жұмыс кезінде:
1. Жұмыс барысында күйдіргіш бізді қатты басуға болмайды.
2. Сызық соңында суреттен бізді бірден көтеру керек.
3. Күйдіріп жатқан жерге жақын еңкеюге болмайды.
4. Қызып тұрған бізді киімге, денеге тигізіп алудан сақ болу керек.
5. Көзді демалдыру үшін, электркүйдіргішті суыту үшін әрбір 20 минут сайын үзіліс жасау керек.
Жұмыстан кейін:
1. Жұмыс орныңды ретке келтір.
2. Жұмыс соңында және үзіліс кезінде электркүйдіргішті электр желісінен ажырату керек.
3. Өзіңді ретке келтір.
Сарамандық жұмыс
Жеке
Жұмыс киімін кию: фартук, жеңқап
Жұмыстың мақсаты: ағаш материалдардың үлгілерімен, ең қарапайым электркүйдіргіштің құрылысымен таныстыру, ұлттық ою-өрнектер элементтерімен композиция құру шеберліктерін дамыту, нүктелік күйдіру тапсырмасын орындау
Жабдықтар мен құрал-саймандар, айлабұйымдар: қалам, сызғыш, күйдіру аспабы, ағаш, ара, егеу, фанер.
Техникалық мәліметтер: ұлттық ою-өрнектер композициялары бар жақтаушаларды дайындау, картиналарды нүктелік әдіспен күйдіру.
1. Бұйым дайындау үшін өлшемі 100х200 мм двп қажет.
2. Қауіпсіздік техникасы жөнінде кіріспе-нұсқама өткізу.
3. Кезеңдерге бөліп, жұмыс істеу.
4. Дайындаманы қажауқағазбен әрлеу.
5. Суретті двп-ға көшіріп салу.
6. Суретті нүктелік әдіспен күйдіру.
7. Бұйымның жақтаушасына күйдіріп өрнек салу.
8. Дайын бұйымды лактау.
V. Жаңа сабақты бекіту
«Өзіндік мысал» ойыны:
Жаңадан өтілген тақырыпқа оқушылар өз мысалдарын келтіріп, өз тапсырмалары мен жорамалдарын дайындайды.
VІ. Бағалау
VІІ. Үйге тапсырма беру
«Идеал тапсырма» әдісі:
Әр оқушы өзі орындайтын үй тапсырмасын өзі таңдайды. Біреу қосымша дерек жинаса, келесісі сурет салуы, үшіншісі көркемдік бұйым жасау үшін технологиялық карта құрастыруы мүмкін.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал