7


Урок Камзол (7 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ә.Марғұлан атындағы жалпы білім беретін орта мектебі.

























Сабақтың тақырыбы:



Қамзолдың алдыңғы екі өңірі,

омырау, етек бұрыштарын

кестелеу.

7 cынып











Өткізген :

технология пәнінің мұғалімі

Аужанова Гульнар Кабылкаковна











Құндыкөл ауылы.



Сабақтың тақырыбы : Қамзолдың алдыңғы екі өңірі, омырау, етек бұрыштарын кестелеу.



Сабақтың мақсаты :

Білімділік : Халықтың қолөнерінің бірі- кестелеу өнері туралы білімдерін кеңейту. Кесте тігу технологиясын меңгерту.

Дамушылық : Кесте тігуді күнделікті өмірде қолдануын, ізденісін дамыту.

Тәрбиелік : Әдемілікті бағалауға, талғампаздыққа, үнемділікке тәрбиелеу.

Сабақтын әдісі : теориялық, сарамандық жұмыс.

Көрнекілігі : Слайдтар, кестеленген қолөнер бұйымы (камзол), суреттер, қажетті заттар.

Сабақтын барысы:

Ι Ұйымдастыру кезеңі.

Ι Ι Жаңа сабақ

Ι Ι Ι Қауіпсіздік ережесі.

ΙV Сарамандық жұмыс.

V Сабақты бекіту сәті.

V Ι Үйге тапсырма беру.



Ι Ұйымдастыру кезеңі.

Кезекші оқушылардын сабаққа дайындығы туралы мәлімет беріңіз.



Сабақтың тақырыбы: Қамзолдың алдыңғы екі өңірі, омырау, етек бұрыштарын кестелеу.

Сабақтың мақсаты: Халықтың қолөнерінің бірі- кестелеу өнері туралы білімдерін кеңейту. Кесте тігу технологиясын меңгерту.



Өткен материалды сұрақ- жауап арқылы қайталау.



1.Иық бұйымдарға не жатады? (көйлек,халат,шапан,камзол,тон,костюм)

2.Көйлек қандай бөліктерден тұрады? (белдемше, үстіңгі бөлігі- артқы, алдынғы бөліктерден, жен, жағадан тұрады)

3.Камзолдың қандай пайдалы қасиеттерін білесіңдер?

4.Камзолды бастаған күннен қандай жұмыстар атқардық? (Өлшем түсірдік, үлгі жасадық, камзолдын үлгісін матаға піштік, ою тандадық.)

5.Ою-өрнектін шығу тарихы

6.Ою қандай топтарға бөлінеді?

7.Қамзолды сәндеуге қандай әшекей түрлерін қолдануға болады?

8.Қамзолға сипаттама беріндер :

а)Ұлттық киім, б) қысқа жеңді немесе жеңсіз в) жұмыс істеуге ыңғайлы,

г) суықтан қорғайды, д) ою-өрнекпен безендірілген

Ι Ι Жаңа сабақ

Өнердегі намыс емес жылап сұрау.

Халқым көп өнермен таластын-ау

Бір бірден санап бәрін айта алмаймын

Біреуі сол өнердің кесте тігу.

-дегендей біздің бүгінгі сабақтын тақырыбы: «Камзолдың алдынғы екі өңірі, омырау, етек бұрыштарын кестелеу.»

Кесте тігумен біз 5- сыныптан айналысып келеміз.

Кесте туралы не білесіндер?

Кесте түрлері: слайд пен түсіндіру

Ι Ι Ι Қауіпсіздік ережесі.

Қол инесімен және қайшымен жұмыс істеу қауіпсіздік ережесін еске түсіру.

ΙV Сарамандық жұмыс.

Оюды кестелейді.

Кесте тігіп отырып бір біріне жұмбақ жасырады.

Сергіту сәті ретінде біз мына сөз жұмбақты шешейік. «Қапсырма»

1.Қамзол тігетін матаның түрі. (Мақпал)

2.Қамзолға түйме орнына қолданылатын әшекейлі бөлігі. (Қапсырма)

3.Қазақтың киімдерінің өңірін сәндеуге арналған тігіс. (Кесте)

4.Матаның құрлысындағы жіп. (Арқау)

5.Ою ойғанда қолданылатын құрал.(Қайшы)

2.Қ



1.

М

А

Қ

П

А

Л







П









3.

К

Е

С

Т

Е









Ы







4.

А

Р

Қ

А

У







М







5.

Қ

А

Й

Ш

Ы





V Сабақты бекіту сәті.

Тесттармен жұмыс. Екі нұсқа беріледі.

V Ι Үйге тапсырма беру.

Кестелеу сабағын жалғастырамыз, паеткамен кесте жүргіземіз. Кестені аяқтап келу, паетка әкелу.



Тест жауаптары: Ι-нұсқа. Ι Ι-нұсқа.

1- Ә 1-Б

2- А 2-Б

3- Ә 3-А

4- Б 4-А

5- А 5-А

6- Б 6-А

7- Ә 7-Б

8- Ә 8-Ә

9- А 9-Б

10- А 10-Б







Оқушының аты-жәні ---------------------------------------------------------------------



Тест сұрақтары .

7 сынып



Ι-нұсқа.

1.Иықты бұйымға қандай киімдер жатады?

а)орамал,баскиімдер

ә)кофта,қамзол,көйлек

б)белдемше,шалбар

2.Көйлек қандай бөліктерден тұрады?

а)жең,белдемше және үстіңгі бөліктен

ә)салтанатты,бедерлі

б)мақтадан,жібектен

3.Ұлттық киімдерімізді ата

а)көйлек,белдемше

ә)шапан,қамзол

б)үкі,баскиімдер

4.Көйлекті бірінші өлшемге дайындаған кезде қандай тігіспен тігеміз?

а)машинамен

ә)әсемдеумен

б)көктеумен

5.Қамзолды қандай маталардан тігеді?

а)түкті,пүліш,барқыт,шұға

ә)шыт,сәтен,шифон

б)фланель,бөз,мүслін

6.«Кимешек»қандай киім?

а)тақияның бір түрі

ә)басқа ұлттарға тән киім

б)қазақ әйелдерінің бас киімі

7.Кестелеу түрлерін ата

а)ою-өрнектеу,тепшу

ә)біз,баспа,санап,тығыз

б)жапсырмалау,тігу

8.Космогониялық ою-өрнектер

а)дәстүрлі нанымдар

ә)аспан денелері

б)«үшбұрыш»,«төртбұрыш»

9.Киізден жасалатын бұйымдар

а)аяққап,қалпақ,ұлтарақ

ә)сабақап,жемдорба,таспа

б)өрме торсық

10.Сәукеле қандай киім?

а)қалындық киетін киім

ә)ең ежелгі баскиім

б)теріден тігілген аяқкиім



Оқушының аты-жәні ---------------------------------------------------------------------



Тест сұрақтары.

7-сынып



ΙΙ-нұсқа

1.Иықты бұйымға жатпайтын киімдер

а)көйлек, жейде

ә)қамзол,шапан

б)белдемше,шалбар,орамал

2.Иықты бұйымның белдемшеден айырмашылығы

а)қынамалы,жартылай қынамалы

ә)қатпарлы,бүрмелі

б)мойын,қолтық ойындасы,жаға

3.Көйлектің әшекей түрлеріне не жатады?

а)шілтер,кестелеу,тігіс түрлері

ә)силуэт

б)өңір, кен етек

4.Ұлттық баскиімдерімізді ата?

а)бөрік, сәукеле, кимешек

ә)тон, шекпен

б)камзол, бүрмелі көйлек

5. Матаның пайдалы қасиеттеріне не жатады?

а) ылғал ауа өткізгіштігі, тез жуылуы, кебуі

ә) екі және көп тігісті

б)көркем өрнектері, бедерлері

6. Камзол қандай өрнектермен, әшекей түрлерімен орындалады?

а) ою-өрнек, жылтыр жіп, тана

ә) әдіптеу, жуғанда төзімді

б) алқызыл мата, түймелер

7. Ұлттық өрнектеріміздің басқа ұлттардан айырмашылығы

а) тігістер

ә) жапсырмалар

б) оюлар

8. Зооморфтық ою-өрнектер

а) геометриялық белгілер

ә) жан-жануар, құс, аң

б) гүл, жапырақ, толқын

9. Шолпыны қазақ халқында не үшін пайдаланған?

а)әжелерге қолға тағу үшін

ә) басқа кию үшін

б) шашқа сән әшекей ретінде

10. Қазақ халқында қалындық киетін баскиім?

а) бөрік

ә) кимешек

б) сәукеле





























































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал