- Учителю
- ҚМЖ. Матадан аппликациялық жұмыс
ҚМЖ. Матадан аппликациялық жұмыс
Сыныбы: 4 "Г" |
"Еңбекке баулу" |
Әбжанова Г.М. | |||
Тақырыбы |
Матадан аппликациялық жұмыс | ||||
Мақсаты |
Аппликация ұғымын білу; Аппликациялық жұмыстың түрлері мен жасалу жолын түсіну; Аппликациялық жұмысты өз қолдарымен жасауды үйрену | ||||
Күтілетін нәтиже |
Аппликация ұғымы- "жабыстыру, қиыстыру" деген мағынаны білдіретінін біледі; Аппликациялық жұмыс қағазбен, матамен және жіппен жасалатынын түсінеді; Аппликациялық жұмысты өз қолдарымен жасауды үйренеді; | ||||
Қолданылатын әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап, "Ыстық картоп", "Сәйкестендіру тесті", "Эссе" | ||||
Қолданылатын ресурстар |
Мата, қайшы, жіп, желім, постер, тақта, презентация, үлестірме парақтар., маркерлер. | ||||
Сабақ кезеңдері |
Тапсырма |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушылардың іс-әрекеті | ||
Қызығушы-лықтарын ояту 3 минут |
"Ыстық картоп" |
Үй жұмысын шеңбер бойында тұрып "ыстық картоп" арқылы сұрақ-жауап ретінде сұралады. |
Шеңбер бойында тұрып, картопты алған оқушы күйіп қалмас үшін тезірек жауап беруге тырысады. | ||
Білім 2 минут
2 минут |
Топқа біріктіру |
Түстер арқылы біріктіріп, келесі бетінен қандай құралдар құрастырылғаны сұралады. Жауап алынған соң тақырып ашылады. Табыс критерийлері жасалады |
Түстер арқылы бірігеді, келесі бетін құрастыру арқылы тақырыпты ашады.
Оқушылар табыс критерийін құрады | ||
Түсіну
4 минут |
Бейне жазба |
Экранда бейне жазба арқылы аппликациялық жұмыс түрлері және жасалу жолдары көрсетіледі |
Бейне жазбаны бақылайды, талдау жасайды, сұрақтарға жауап береді. | ||
Қолдану 13 минут
Сергіту сәті 2 минут |
Постер-мен жұмыс
Жұмбақ-тар |
Оқушыларға бағыт- бағдар береді, баяндамашыларға түсіну дәрежесін анықтау мақсатында қосымша сұрақтар қояды.
Айқасқан құшақтары Ерні жырық Кішкене сырық (ұршық) Танауында арқаны Гүлдері бар құлпырған |
1 топ- матадан құмырадағы гүл; 2 топ - Түрлі-түсті қағаздан көрпеше; 3 топ - Жіптен күшік Аппликациялық жұмыс жасайды. "Басбармақ" арқылы бірін-бірі бағалайды | ||
Талдау 3 минут |
Слайд
|
Мата түрлері мен жіктелуіне байланысты слайд көрсетіледі |
Слайдқа зейіп қойып қадағалайды. | ||
Жинақтау 7 минут |
Сәйкес-тендіру тесті |
Алған білімдерін жинақтай отырып, сәйкестендіру тестін үлестірме парақшалар арқылы береді1.Сырт киімдік бағалы маталар.. |
1.Қарапайым және күрделі | ||
2.Мата түсіне байланысты қалай жіктеледі? |
2.Зон, ақсұт, зәріп, бомази, зәріп, саржа | ||||
3.Мата пайдалануына байланысты қалай жіктеледі? |
3.Баршын, атлас, маңлық, тапта, күлдіргі | ||||
4.Жібек маталарды көрсет |
4.Тұрмыста және техникалық | ||||
5.Мата тоқылуына байланысты қалай жіктеледі? |
5.Түкті және түксіз | ||||
6.Мата әшекейленуіне байланысты қалай жіктеледі? |
6.Барқыт, дыраб, мақпал, сылаң | ||||
7.Арзанқол маталарды көрсет |
7.Ләмбік, діке, үлдірік, шыт, бөз | ||||
8.Жұқа маталарды көрсет |
8.Біртүсті және ала түсті |
Сәйкестендіреді, жұптарда өзара дайын үлгі жауап арқылы бағалайды.
Бағалау
7 минут
Эссе
"Аппликацияны болашақта қайда, қалай қолданамын?" эссе жазуға 3 минут уақыт береді
Эссе жазады, топтың ішінен үздігін таңдап оқылады.
"Отшашу" жасалады
Рефлексия
2 минут
"Күн" бейнесі
Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну
"Табыс критерийлеріне оралу"
Ұсынылған стикерді жабыстыру
Сабақтың мақсатына қаншалықты қол жеткізгендіктерін анықтайды, өлшейді.