- Учителю
- Технология пәнінен 'Технологиялық карта: Ою-өрнекті жастықшаға бастыру' 6-сынып
Технология пәнінен 'Технологиялық карта: Ою-өрнекті жастықшаға бастыру' 6-сынып
Технологиялық карта «Жастықшаны дайындау»
Р/с
Операцияның аталуы
Фотосурет
Техникалық шарттар
Жұ-мыс түрі
1
Материалдарды, құрал-жабдықтарды әзірлеу, ою-өрнек таңдау.
Жастықша тігуге қажетті материалдар мен құрал-жабдықтарды дайындау. Ою-өрнек үлгілері арасынан жастықшаны өңдеуге арналған «8 Наурыз» өрнегін таңдау.
Қ
2
Ою үлгісін дайындау.
Сызғыш пен қаламды пайдаланып, қағаздан ені 50см, ұзындығы 50см оюдың үлгісін сызып, қайшымен ойып алу.
Қ
3
Жастықшаның бөлшектерін пішу.
Көлемі 52х52 см тігіске қосымшасымен негізгі бөлшек терін пішу. Оюға арналған «диско» матасының көлемі 50х50 см пішу. Желімдік флизелин матасының көлемі 100х50 см пішу.
Қ
4
Негізгі және оюға арналған бөлшектерді қатырмалау.
Негізгі матаның теріс жағына флизелинді желімдеу
t = 200-2000 уақыты 2-3 сек.
Оюға арналған матаның теріс жағына флизелинді желімдеу
t = 200-2000 уақыты 1-2 сек.
Ү
5
Матаның бетіне өрнектің сұлбасын сызу.
Оюға арналған матаның бетіне қағаз ою-өрнекті түйреуіш инелермен ұстатып, қаламмен сұлбасын сызу
Қ
6
Өрнекті ою.
Матаға сызылған өрнекті өткір қайшымен ойып алу.
Қ
7
Ою-өрнекті негізгі матаға орналастыру.
Оюды негізгі матаға түйреуіш инелермен ұстатып, көктеп тігу.
Қ
8
Оюдың шетін таспабаумен әрлеу.
JANOME тігін машинасын арнайы ирек тігісіне келтіріп, таспабауды өрнектің шетіне орналастырып бастыра тігу.
М
9
Таспабаумен әрленген бөлештерді ЫЖӨ
Көктеу тігістерін алып тастап, тігілген таспаны тегістеп үтіктеу.
Қ
Ү
10
Әрлеу таспаны орналастыру.
Әрлеу таспасын ою-өрнекпен өңделген негізгі бөлшектің өң жағынан қиықтарының бойына көктеу.
Қ
11
Бөлшектерді қосу
Ою-өрнекпен өңделген негізгі бөлшектерін өң жағығымен беттестіріп, тысының аузын 30 см қалдырып, қиықтарын сырып тігу.
М
12
Жастықтың тысын аудару
Тігіске 0,1-0,2 см қалдырып ұштарын керту
Қ
13
Поролонды дайындау
Қалыңдығы 2 см поролонды 90х45 см қиып екі бүктеп шеттерін көмкеру, ішіне ұсақталып қиылған поролон толтыру.
Қ
14
Жастықшаның тысын бидайлау
Жастықшаның ішіне дайын поролон салып, аузын жасырынды тігіспен тігу.
Қ
15
Соңғы өңдеу
Ұлттық ою-өрнекпен өңделген дайын жастықшаны тазарту, тексеру.
Қ