7


  • Учителю
  • Технология пәнінен Ағаш түрлерін бедерлеп және жұмырлап ою (7 сынып)

Технология пәнінен Ағаш түрлерін бедерлеп және жұмырлап ою (7 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Технология пәнінен Ағаш түрлерін бедерлеп және жұмырлап ою (7 сынып)

Алматы облысы Көксу ауданы

Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп













Жоба жұмысының тақырыбы:



Ағаш түрлерін бедерлеп және жұмырлап өңдеу технологиясы

«Ортеке»















Орындаған: Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектептің

технология пәнінің мұғалімі Т.Ж.Абилов











Көксу ауданы

2016ж.





Технология пәнінен Ағаш түрлерін бедерлеп және жұмырлап ою (7 сынып)Кіріспе



Ағаш оюдың бірнеше тәсілдері бар . Негізінен оларды бедерлеп ою және жұмырлап ою деп шартты түрде екіге бөліп топтауға болады . Бедерлеп ою деп тегіс тақтаның бетіне өрнек салуды , шығыңқы етіп мүсіндік бейнелерді жартылай көлеммен мүсіндеуді , яғни , ағашқа бедерленетін барельефті атауға болады . Ал мөлтек ағаштан тұтас шабылатын келі-келсап , аяқ-табақ , саптаяқ , ожау сияқтыларды жасау тәсілін жұмырлап оюға жатқызамыз .

Бедерлеп оюдың өзі де орындалу әдіс-тәсілдеріне қарай тарқатуға келеді . Егер тақтаға өрнек жосығын тіліп түсірсең жосықтау деп , қашау ізін тік салсаң қиып ою деп , қашау жүзін көлбеу салып нұқи ойсаң кертіп ою деп атағанымыз дұрыс болады .

Енді ағаш оюға кірісу үшін арнайы құрал-саймандар керек . Ал ағаш ою үшін шеберхана температурасы тұрақты , жел соқпайтын , ауасы ылғалсыз , құрғақ болуы керек . Ағаш оюға жарық құйылымның да әсері бар . Жарық ағаш оятын орынға қарсы алдыңнан немесе сол жағыңнан түспесе бедердің көлеңкесі молайып назарыңды шатастырады . Мүмкін болса , арнайы ағаш шеберлігі үстелі (верстак) болғаны жөн .

Оның үстіне өткір құралдарды ұстаудың қауіпсіздік ережелері бар . Ол ережелерді де бұлжытпай орындамасаң саусағыңды кесіп алуың ібден мүмкін . Себебі бедерлеп ою тікелей қолдың күшімен жасалады . Сондықтан бос қолыңды пышақ жүзі жүретін бағытқа апаруға болмайды .



Технология пәнінен Ағаш түрлерін бедерлеп және жұмырлап ою (7 сынып)Технология пәнінен Ағаш түрлерін бедерлеп және жұмырлап ою (7 сынып)



Технология пәнінен Ағаш түрлерін бедерлеп және жұмырлап ою (7 сынып)Технология пәнінен Ағаш түрлерін бедерлеп және жұмырлап ою (7 сынып)

Технология пәнінен Ағаш түрлерін бедерлеп және жұмырлап ою (7 сынып)Технология пәнінен Ағаш түрлерін бедерлеп және жұмырлап ою (7 сынып)Технология пәнінен Ағаш түрлерін бедерлеп және жұмырлап ою (7 сынып)







Мақсаты: Ағаш материалдарымен жұмыс жасай білу және конструкциялық материал ретіндегі қасиеттері, ағаш ұқсату шеберлігі туралы білімдерін кеңейту.

а) білімділігі: ағаш ұсталығымен айналысатын кәсіптер туралы мағлұматтар бере отырып,кәсіптік бағдар беру, мамандыққа деген ынтасын арттыру.

ә) дамытушылығы: оқушылардың ойын еркін жеткізуі мен пікір айту дағдыларын қалыптастыру,тиянақтылық пен жылдамдыққа машықтандыру.

б) тәрбиелігі: еңбекқорлыққа, шеберлікке, ұлттық салт-дәстүрімізді құрметтеуге баулу.

Түсініктеме.

Музыка аспаптарын әзірлеу , шеберлікті шыдамдылықты қажет ететін өнер . Ең алдымен ағашты таңдау , дайындау , сақтау сияқты шараларды дұрыс меңгеру қажет . Су ағашты бабымен кептіру үлкен жауапкершілікті талап етеді . Ол үшін ағаштың қабығын аршып , егер ағаш діңінің диаметрі 10-15см жуандықта болса , оны құрғақ лапастың астына ағаштың жуан жағын (түп жағын) жоғары қаратып тігінен тұрғызып қойып кептіреді . Көлденең кесіндісіне сыр жағып кесілген жерінен бір-екі елідей шегіне сым темірмен буып бұрап қойған дұрыс .

Домбыра қандай бөліктерден тұрады ?. Олар қалай аталады ?. Әр бөлігінің атқаратын қызметі қандай ?. Осы сұрақтарға жауап іздеп көрейік .



Технология пәнінен Ағаш түрлерін бедерлеп және жұмырлап ою (7 сынып)

Технология пәнінен Ағаш түрлерін бедерлеп және жұмырлап ою (7 сынып)Домбыраның бізге белгілі бірнеше түрлері бар , олар: шіңкілдек , қос ішекті домбыра , үш ішекті домбыра , кең шанақты домбыра , әмбебап домбыра , бүктемелі домбыра т.с.с. болып түрлене береді . Домбыраның әшекейіне , сыртқы пішініне т.б. қарап үкілі домбыра , қоңыраулы домбыра , қызыл , қара домбыра деп те атай береді .

Әр шебер домбыра жасағанда өзіндік бір үлгіні ұстанып , домбыра үнін жетілдіруге , әдемі етіп әшекейлеуге белгілі үлесін қосып отырған .

«Ортеке»

Жоғарыда аталған домбыраларға қосып ойнайтын «Ортеке» атты қуыршақ туралы , оның жасалу жолдарын қарастырып өтелік .

Домбыраның сүйемелдеуімен қозғалысқа келіп , орындалған ән , күй ырғағымен билейтін «Ортеке» кезінде халық арасында кең тараған , кейін ұмыт болып , бұл күндері өзінің заңды орнын тауып , ортамызға қосылды .

«Ортеке» бар тұлғасы он екі бөлшектен құралып , әр бөлшегі бір-біріне жіп арқылы түіндеп жалғастырылған таутеке бейнесіндегі ағаш қуыршақ .



Технология пәнінен Ағаш түрлерін бедерлеп және жұмырлап ою (7 сынып)



Оны қимылға келтіретін ағаш тақтаға бекітілген қамыстың өзегіне кигізілген ағаш өзек (таяқша) . Сол жіңішке таяқшаның төменгі басына жіп байлап , жіптің екінші ұшын қамыс буынының орта тұсындағы ойықтан өткізіп алып , оң қолдың сұқ саусағына іліп тартқанда , жіп қамыстың ішіндегі өзек-таяқшаны жоғары төмен қозғайды . Таяқшаның жоғарғы жағына бекітілген болат сымның екінші ұшы «Ортекенің» бауырына бекітіледі .

Таяқша жоғары - төмен қозғалған сайын ортеке секеңдеп билей жөнеледі . «Ортеке» қозғалған аяғының астындағы тақтайға (оны майдан деп атайды) тұяғы тиіп , көрерменге ортеке тақтайды теуіп , күй ырғағымен билеп тұрғандай әсер етеді . Осыған ұқсас тағы бір ойыншық туралы деректі ел аузынан естідік . Айтуынша Исатай батырдың ағайыны Қараұлы Боғда деген күйші әрі қолынан әр түрлі өнер тамған кісі болыпты . Үйіне Исатай қонақ болып келгенде , Боғда қатқан тулақтың үстіне ағаштан жасалған сегіз лақты күй ырғағымен билетіп , Исатай батырдың көңілін көтерген екен .

Технология пәнінен Ағаш түрлерін бедерлеп және жұмырлап ою (7 сынып)Технология пәнінен Ағаш түрлерін бедерлеп және жұмырлап ою (7 сынып)Технология пәнінен Ағаш түрлерін бедерлеп және жұмырлап ою (7 сынып)





Технология пәнінен Ағаш түрлерін бедерлеп және жұмырлап ою (7 сынып)Технология пәнінен Ағаш түрлерін бедерлеп және жұмырлап ою (7 сынып)



Суреттер мен сызбадан көріп отырған жұмыс «Ортеке» ойыншығында аталған бедерлеп және жұмырлап оюдың әдіс-тәсілдерінің барлығы қолданып жасалған . «Ортеке» ойыншығы Қазақ халқының қолөнер шебері , өнер зерттеуші - этнограф Дәркембай Шоқпарұлының ұзақ жылдар бойғы қолөнер саласында атқарған тындырымды еңбегі мен талмай ізденуінің нәтижесінде кейінгі кездерде ұмыт болып кеткен , байырғы шеберлердің ағаш өңдеу әдіс-тәсілдерін , артындағы ұрпаққа мирас болып қалған еңбегі «Домбыра жасау» атты кітабы бойынша жасап келешек жастарға үйретіп келемін .





Қолданылған әдебиеттер .

  1. Домбыра жасау - авторы Д.Шоқпарұлы Алматы «Мектеп» баспасы 1996ж.

  2. Ағаш ою - авторы А.Нәлібаев Алматы «Өнер» баспасы 1994ж.

  3. «Ою - өрнектер» жинағы











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал